Берш (лат.Sander volgensis) – көксерке туысына жататын балық. Ұзындығы 25-45 см салмағы 250 г-нан 1,4 кг дейін. Көксеркеден айырмашылығы астынғы жағында жыртқыш тісі жоқ. Желбезек қақпақтары қабыршақталган. Ағынды өзендердің төменгі және орта сағасында және әсіресе Каспий, Азов және Қара теңіз су бассейндер қоймаларында кездеседі. Жетілуі 3-4 жылға созылады. Сәуір мамырда уылдырық шашады. Планктон және ұсақ балықтармен қоректенеді.
Мөңке балық
Мөңке (лат.Carassius carassius) — тұқы тұқымдасына жататын балық.
ҚазақстандаЖайық, Жем, Ырғыз, Торғай, Нұра, Ертіс өзендерінің су алабында кездеседі. Өзен, көл тартылғанда, не су қатқанда 70 см-ге дейін су түбіндегі лайға көміліп, қатты суықтан не ыстықтан сақтанады.
Ұзындығы 35 – 38 см-дей, салмағы 2 кг-дай. Мөңкенің бүйірі алтын сияқты сары түсті, жүзбе қанаттары қызыл-қоңыр, ал арқасы қара түсті болады. Қабыршағы тегіс. Жыныстық жағынан аналығы 3 – 4, аталығы 2 – 3 жасында жетіледі. Уылдырығын (300 мыңдай) мамыр – маусым айларында су температурасы 17 – 18 °C болғанда су түбіндегі шөп арасына шашады. Бұлар негізінен зоопланктонмен, зообентоспен және өлексемен (детритпен) қоректенеді. Қорек ретінде өсімдікті сирек пайдаланады. Мөңкенің кәсіптік маңызы бар.
Қорытындылай келе,өзен балықтары адам ағзасына өте пайдалы десекте болады.Олар мінез-құлық, белсенділік уақыты және басқа да көптеген сипаттамалармен ерекшеленеді.Мына критерийлер бойынша бағаланады: аты; ихтиологиялық белгілері: сыртқы белгілері, тіршілік ету ортасы; мінез-құлық: бейбіт немесе жыртқыш; аспаздық құндылығы; адам ағзасына пайдасы мен зияны.
Өзен балықтарында шамамен 20% ақуыз бар. Май 0,1-ден 54% -ға дейін. Балықтың тағамдық құндылығын анықтау кезінде тек майдың мөлшері ғана емес, оның орналасқан жері де ескеріледі. Құрсақ қуысында, бауырда, тері асты қабатында немесе желбезек түбінде май жинайтын балықтар бар. Бірақ ең құнды балық болып саналады, онда май бұлшықеттерде біркелкі бөлінеді.