Өзен кен орнында штангалы терең сорапты қондырғының



Pdf көрінісі
бет11/34
Дата09.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#33795
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
Өзен кен орнында ШТСҚ жұмыс тиімділігін арттфру - Baglan Tungushbaev

 

1.3 Стратиграфия 

 

Өзен кен орнында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м 

шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрылымында триас, 



19 

 

юра,  бор,  палеоген,  неоген  және  төрттік  шөгінділері  орын  алады.  Олардың 



былай 

белгіленуі 

скважина 

үлгітастарын 

зерттегенде 

алынған 


палеонтологиялық  мәліметтерге  және  Маңғыстаудың  басқа  аудандарының 

ұқсас  шөгінділерімен  салыстыруға  негізделген  (1.2-сурет).  Бөлімдер,  ярустар 

және  подярустар  арасындағы  шекаралар  шартты,  негізінен  электрокаротаж 

бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофауна мен т. б. зерттеулер арқасында 

қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып 

отыр.  Өзен  кен  орнының  мұнайгаздылығы  юра  және  кейде  бор  шөгінділері 

байланысты.  Кен  орнының  геологиялық  қимасында  бор  және  юра 

шөгінділеріне  қарасты  26  құмды  горизонттары  анықталған.  І-ХІІ  горизонттар 

(жоғарыдан  төмен  қарай)  жасы  бор-газды,  XIII-XVIII  горизонттар  -  жоғарғы 

және  орта  юра  -  кен  орнының негізгі  мұнай  -  газды  қабаты,  жеке  күмбездерде 

төменгі юраның XIX - XXIV горизонттары мұнайгазды. 

Пермь  -  триас  (РТ)  шөгінділері  Өзен  кен  орнының  ең  көне  жыныстары 

болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет