Төменгі бөлім (J
1
)
Қиманың төменгі юра бөлігі құмтастар, алевролиттер мен саздың
араласуынан тұрады. Құмтастар сұр және ақшыл сұр, көбіне ұсақ және орта
түйіршікті. Ірі түйіршікті түрлері қиыршық тас түйіршіктері қоспасымен бірге
сирек те болса кездеседі. Кейде құмтастар ақшыл сұр алевролиттерге немесе
сазды құмтастарға ауысады.
Құмтастар мен алевролиттер цементі сазды немесе сазды - кремнийлі.
Саздардың түсі сұр және күңгірт, кейде қоңыр. Олар әдетте аргиллитке ұқсас
және көмір тектес затпен байытылған. Құмтастар, алевролиттер мен саздардың
алмасуы негізінен қиғаш қабатталады. Төменгі юраның жабынында сазды
бүйрек тәрізді құрылымы дамыған, оның қалыңдығы шайылу нәтижесінде күрт
өзгерістерге ұшыраған. Төменгі юра шөгінділерінің қалыңдығы 120 - 130 м.
Төменгі юра қимасында XXIV-XXV екі өнімді горизонт айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |