Қалқанша безі: semeymedicaluniversity SSMUofficial www.ssmu.kz Қалқанша безі: Кеңірдек
Ішкі мойындырық венасы
Қалқанша безінің веналары
Қалқанша безінің оң және сол бөліктері
Жалпы ұйұы артериясы
Қалқанша безінің кесіндісі
Қалқанша шеміршегі
Қалқанша безінің аортасы
Тироксин сақталатын, коллоидпен толтырылған қуыс
Тироксин өндіретін жасушалар
Пирамидалық бөлігі
semeymedicaluniversity SSMUofficial www.ssmu.kz Қалқанша безінде белсенді гормондардан- трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (тироксин, Т4) өндіріледі. Трийодтиронин және тироксин қанға өтеді, онда қан плазмасындаға тироксинбайланыстырушы глобулин және тироксинбайланыстырушы преальбумин белоктарымен байланысады, олар гормон тасмалдаушылар болып саналады. Ал үлпаға барғанда бұл кешендер ыдырап, тироксин және трийодтиронин босап шығады.
Қалқанша безі: semeymedicaluniversity SSMUofficial www.ssmu.kz Қалқанша безі гормондарының негізгі әсері – энергиялық алмасуды арттыру. Тироксин, трийодтиронин, трийодтиросірке қышқылы және тағы да басқа йодты қосылыстар алмасу процесстерінің қарқынын кенеттен арттырып жібереді. Митохондриялардағы алмасу процесстері ақырындап үдей бастайды, ал өз ретіне жасушаның қуаттық алмасуын арттырады. Негізгі алмасу айтарлықтай артады – оттегін тұтыну өсіп, көмірқышқыл газын бөлу өседі.
Қалқанша безінің гормондары: semeymedicaluniversity SSMUofficial www.ssmu.kz Қалқанша безінің гормондары организмнің дамуын үдетеді. Құрамында йоды бар гормондар орталық жүйке жүйесін белсендіреді.
Қалқанша безінде қандағы кальций көлемін төмендететін тирокальцитонин түзіледі. Тирокальцитонин әсерінен сүйек ұлпасын бүлдіретін остеокластар функциясы әлсірейді және қаннан кальций иондарын сіңіретін және сүйек ұлпасын түзуге ықпал жасайтын остеобластардың функциясы белсенеді.