Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғыштықтың өлшемдері


Гормондар, олардың жалпы қасиеттері, әсер ету жолдары



бет31/42
Дата21.02.2022
өлшемі93,02 Kb.
#26026
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Гормондар, олардың жалпы қасиеттері, әсер ету жолдары

Гуморальды реттелудің басты формасы гормондар арқылы реттеу. «Гормон» деген атауды алғаш рет 1902 жала Старлинг пен Бейлис он екі елі ішек шығаратын зат – секретинді ашып қолданған. «Гормон» деген термин (грекше «hormon» – қоздырамын, қозғалтамын) мағына береді.

Гормондар жоғары активті заттар. Оны ішкі секреция бездері ағзаның ішкі ортасына бөліп шығарады. Эндокрин бездерінің секрет бөліп шығаратын түтіктері болмайды.

Эндокриндік бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқанша маңы безі, бүйрек үсті бездері, тимус жатады.

Сыртқы секреция бездерінің ерекшелгі оларда секреция бөліп шығаратын арнаулы түтіктері болады. Аралас секреция бездеріне жататындарға ұйқы безі, жыныс бездері.

«Гормон» деген атаудың анық анықтамасын катехоламиндер – адреналин мен нормадреналиндерге қатысты. Оны бүйрек үсті бездерінің ми қабаты шығарғанда гормон деуге болады. Ал оларды симпатикалық нерв ұштары шығарғанда оны медиаторлар деп атайды. Гипоталамус реттеуші гормондар – нейропептидтер. Оған қоса жақында ашылған энкефалиндер мен эндорфиндер тек ғана гормондық емес медиаторлақта қызмет атқарады. Реттеуші гипоталамус пепидтері ми нервтерінен басқа ішектін ерекше жасушаларынан табылған. Ол нейрогензин, соматостатин, және тағы басқалар. Қазіргі біздің білуімізше олар неше түрлі мүшелер мен ұлпалар жасушаларында араласып диффуздық нейроэндокриндік жүйесіне жатады.

Гормондар құрылымының күрделілігіне байланысты олардың әсері де әртүрлі болады. Мысалы медиаторлар әсері секундтық бір бөлігіндей болса, петидтерде бірнеше сағатқа, ал стероидты гормондар мен иодтирониндер тәулікке дейін әсер етеді. Гормондардың химиялық құрылымдарын, физикалық- химиялық қасиеттерін талдау олардың әсер ету механизмін түсінуге әртүрлі сұйық ішінен бар – жоғын анықтауға көмектеседі.

Гормондардың әсер ету механизмі өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жан – жақты қарастырылған. Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ұлпаларға ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:

1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет