Гормондар жоспары
бет 1/13 Дата 01.03.2023 өлшемі 1,49 Mb. #70986
Байланысты:
биохим 1 сроп ГОРМОНДАР ЖОСПАРЫ: І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім Гормондардың жіктелуі Гормондардың жалпы қасиеттері Гормондардың катаболизмі. Гормондардың инактивациясы және қызметі Синергизм мен Антагонизм. Нейрогуморалды реттеушілік, иерархиялық жүйелерге сипаттама. Гормондардың әсер ету механизмі Гормондардың биосинтезі Адам ағзасындағы гормондар: ІІІ. Қорытынды КІРІСПЕ Гормон деген терминді 1905ж Бейлис және Старлинг деген ғалымдардың 12 елі ішектегі бөлінуші секретин гормонын зерттеу кезінде енгізілген. Hormao- грек тілінде «қоздырамын» деген мағынада. Гормондар -жоғары активті биологиялық зат, эндокринді бездермен ағзаның ішкі ортасына синтезделіп бөлінеді, реттеуші әсер беретін заттар. Эндокринология-гормондар туралы ғылым. Бездер, олардың қызметі, сөлдерінің бөлінуінің қалыпты жағдайдан ауытқуларын туғызатын науқастар туралы ғылым. Қазіргі таңда 60-қа жуық гормондар бар. ГОРМОНДАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ Гормондарды жіктеу түрлі критериилерге байланысты. Ерігіштігі бойынша – гидрофильды, липофильды. Химиялық құрылымы бойынша : 1. АМҚ туындылары: тирозин туындылары: адреналин, тироксин, дофамин, норадреналин, трийодтиронин 2. Белокты-пептидті гормондар: -полипептидтер: глюкагон, кортикотропин, меланотропин, вазопрессин, окситоцин, пептидті гормондар -жай белокты (протеиндер): инсулин, соматотропин, пролактин, паратгормон, кальцитонин -күрделі белокты (гликопротеидтер): тиреотропин, фоллитропин, лютропин -стероидты гормондар: кортикостероидтар (альдостерон, кортизол, кортикостерон), жыныс гормондары: андрогендер, прогестерон 3. Сигналдарды өткізу механизмі және рецепторлардың орналасуы бойынша, екі негізгі топқа бөлінеді: 3. Сигналдарды өткізу механизмі және рецепторлардың орналасуы бойынша, екі негізгі топқа бөлінеді: а) стероидтар, йодтирониндер, кальцитриол. Бұлардың рецепторлары цитоплазма, ядрода орналасады б) суда еритін гормондар – олар плазмалық мембранадағы рецепторлармен байланысады 4. Сигналдық табиғаты, жасушаішілік эффект бойынша. 5. Биоқызметтеріне қарай – АМҚ, липид, көмірсуды реттеушілер (инсулин, глюкагон, кортизол, адреналин). Су-тұз алмасуын реттеуші (вазопрессин, альдостерон). Са алмасуын реттеуші (паратгормон, кальцитриол, кальцитонин). Репродуктивті қызметті реттеушілер (эстрадиол, тестостерон, прогестерон). Тропты гормондар – либерин, статиндер гипоталамустын, гипофиздің кейбір гормондары басқа гормондардың синтезін де реттейді. Достарыңызбен бөлісу: