Ұйқы безінің гормондары – инсулин, глюкагон, липокаин. Инсулин организмнен тыс жасанды жолмен алынған алғашқы белоктардың бірі.
Инсулиннің түзілуі. Инсулиннің – клеткаларда түзіледі. Инсулин молекуласы аминқышқылдарынан түзіледі. Гормон түзілу процесі рибосомаларда басталып проинсулин молекуласына айналады.
Бүйрек үсті бездерінің физиологиясы.
Бүйрек үсті бездері бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан. Олардың салмақтары 6-12 грамға тең. Екі қабаттан тұрады: милы және қыртысты. Қыртысты қабат милы қабатқа қарағанда бездердің көп бөлігін алады. Бүйрек үсті бездерінің салмағы аз болғанмен, маңызы өте зор. Мысалы жануарларда осы бездерді алып тастаса (бұл экстирпация деп аталады) ол бір-екі жұманың ішінде қайтыс болады.
Бүйрек үсті бездері екі қабаттан тұратының айтқан болатынбыз, олардың әр-қайсысы түрлі гормондар түзеді.