Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғыштықтың өлшемдері



бет37/42
Дата21.02.2022
өлшемі93,02 Kb.
#26026
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Қалқансерік безі

Қалқансерік бездер aca үлкен емес эпителилі құрылым, саны 2-6, салмағы 20-50 мг. Әдетте, олар қалқанша безінің артқы жағында, жоғарғы және төменгі ұштарында жұптап орналасқан. Бездер өте жақсы тамырланған. Қан мен лимфа тамырларының бойымен оларға симпатикалық және парасимпатикалық жүйке талшықтары енеді. Қалқансерік безінің гормоны паратгормон деп аталады. Паратиреоидэктомия – қалқансерік бездерін алып тастаудың салдарынан пайда болған өзгерісті иттерден айқын көруге болады. Бездерді алып тастағаннан кейін, алғашқы күндері тәбеті төмендеп, қатты шөлдеу сезімі пайда болғанын байқауға болады. Операциядан кейін 1-3 күн өткен соң, әуелі кейбір жеке бұлшықеттер тартылып, одан соң жалпы дененің барлық бұлшықеттерінің ұзақ уақыт тартылуының дайындығы басталады. Оны паратиреоидты тетания деп атайды. Арқа мен мойын еттері дененін алдыңғы жағындағы бұлшықеттерге қарағанда күштірек болғандықтан, жануарлар басын артқа қарай тартады (опистотонус). Кейбір бірыңғай салалы және көлденең жолақты еттердің кернеуі жоғарылап жиырылуы, тыныс алу бұлшықеттері, қарынның төменгі жағындағы 12-елі ішекпен жалғасқан бөліміндегі еттері (пилороспазм), жұтқыншақ (фарингоспазм) және басқа да бұлшықеттердің ұзақ уақыт күшті түйілуі пайда болады. Еттердің осындай ұзақ уақыт тартылып жиырылуы организмді өлімге әкелуі мүмкін. Қалқансерік бездерін алып тастағанда кальцийдің қандағы деңгейі төмендеуі еттердің ұзақ уақыт қатты тартылуының (су-дорога) тууына себеп болады. Кальцийдің деңгейі 9-12 мг%-тен (2,25-2,80 ммоль/л), 4-7 мг%-ке (1,25-1,35 ммоль/л) төмендейді. Егерде тартылу басталған кезінде жануарлардың қанына хлорлы кальций ерітіндісін енгізсе, сіреспе өте тез тоқтайды. Қалқансерік бездерін алып тастағаннан кейін пайда болатын сіреспе қозғалыс орталықтарының – орта, сопақша ми және жұлынның қозуымен байланысты болады, бұл жағдай орталық жүйке жүйесін әртүрлі деңгейде кесу әдісімен дәлелденген. Бұл адамдарда да кездеседі, әдетте қалқансерік бездерінің ішкі сөлініс қызметінің тапшылығы кезінде пайда болады (гипопаратиреоз). Осы кезде адамның бет және қол бұлшықеттерінің жиырылуы байқалады. Қол «акушер қолы» қалпына келеді (шынтақ және білезік, басбармақ, сұқ саусақ және шынашақ буынынан бүгілген). Бет жүйкесін сәл басса, сол аймақтың бұлшықеттері тартыла бастайды. Бұл медицинада руссо симптомы деп аталады. Туа пайда болған қалқансерік бездері тапшылығынан балаларда қандағы кальцийдің деңгейі төмендеп, сүйек, тіс өсуі баяулайды, тырнақтары мен шаштары морт сынғыш болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет