Оғыз тобындағы тілдердің фонетикалық ерекшеліктері
Орындаған: Қанат Перизат
Түркі тілдерін классификациялауда біз Н.А.Баскаковтың классификациясын басшылыққа ала отырып түркі тілдерін 2-ге бөлеміз.
Түркі тілдері
Шығыс хун
Батыс хун
Осының ішінде Батыс хун тобын 4 тармаққа жіктеген екен:
Бұлғар тобы: көне тілдер – бұлғар тілі, хазар тілі, авар тілі, сувар тілі; қазіргі тілдер – суваш тілі
Оғыз тобы: а)оғыз-түркмен тобы: көне тілдер – оғыз тілі; ә) қазіргі тілдер – түркмен; б) оғыз-бұлғар тобы: көне тілдер – печенег тілі, қазіргі тілдерге: гагауз, балқан түріктерінің тілі мен диалектісі; Оғыз-селжұқ тобы: көне тілге – селжұқ тілі мен ежелгі осман тілі; қазіргі тілге – әзірбайжан, түрік тілдері жатады.
Қыпшақ тобы: а) қыпшақ тобы: көне тілі – қыпшақ тілі, қазіргі тілі – қарайым, құмық,қырым татарлар тілі; ә) қыпшақ-бұлғар тобы; көне тілі – батыс алтын орда тілі, қазіргі тілі – татар, башқұрт; б) қыпшпақ-ноғай тобы: көне тілі – ежелгі қазақ, ежелгі қарақалпақ; қазіргі тілі – ноғай, қарақалпақ, қазақ тілі
Қарлұқ тобы: а)қарлұқ-ұйғыр тобы: көне тілі – қарахан дәуіріндегі және одан кейінгі дәуірдегі ұйғыр тілі; ә) қарлұқ-хорезм тобы: көне тілі – қарлұқ-хорезм, шығыс алтын орда, шағатай, ескі өзбек тілі, ескі ұйғыр тілі; қазіргі тілдер – өзбек және ұйғыр тілдері.
Оғыз тілдері көне түркі тілдерінің ішінде, әсіресе қыпшақ тілдерімен өте жақын болу себебі, біріншіден, олардың төркіндестігі болса, екіншіден, ұзақ тарихи дәуірлер бойы оғыздар мен қыпшақтардың аралас-құралас бірге тұрып, біте қайнасуына байланысты.
Алайда көне Оғыз тілдерінің өзіне ғана тән кейбір ерекшеліктері болған.
8 қысқа дауысты дыбыстың болуы;
Қысаң дауыстылардың қосымшалар құрамында қолданылуы;
Сөз басында қатаң қ/к, т дыбыстарының ұяңдануы;
Оғыз тілдеріне тән фонетикалық ерекшеліктер: Ғ,г дыбыстарының сөз соңында сақталуы, түбір мен қосымша жігінде түсіп қалуы;
Сөз басындағы п/б дыбыстарының түсіп қалуы, т.б.
а) кейбір септік және көптік жалғаулардың фонетикалық редукцияға (қысқаруға, әлсізденуге) ұшырауы («адама» - адамға, «малың» - малдың, малнин; «бэрэрис» - берерміз т.б.);
ә) кейбір морфологиялық форманттардың (-малы//-мэли, -мыш//-миш) сақталуы және басқаша мағынада жиі қолдануы т.б. жатады.
Грамматикалық ерекшеліктер:
Оғыз тілдері
Оғыз тілдері түркі тілдерінің 6 бөлікшелірінің бірі. Қазіргі заманда Батыс және Орталық Азияда, Шығыс Еуропа елдерінде тараған. Оғыз тілі көне заманда кең тараған түркі тілдерінің бірі болғанымен, бүгінде ол өлі тілдер қатарына жатады.
Тарихы
VII-VIII ғ-да балбал, сынтастар бетіне жазылған көне түркі жазба ескерткіштерінің Селенга және Орхон өзендерінің бойында табылған бір тобы ( Онгин, Құтлық қаған, Күлтегін, Тониқұқ т.б.) осы көне Оғыз тілдеріне жазылғаны мәлім. Орта ғасырда пайда болған көне түркі жазба ескерткіштердің ішінде Махмұд Қашғаридың сөздігінде («Диуани лұғат ат-түрк») Оғыз тілдерінің ерекшеліктері көбірек сақталған. Оғыздар Түрік қағандығы құлағаннан кейінгі дәуірде өз мемлекетін құрып (орталығы Жаңакент), төңірегіндегі түркі тайпаларының (оның ішінде қыпшақтардың) тіліне зор ықпал жасады және бірнеше дербес тілдерджің (түрікмен, әзірбайжан, гагауз, түрік т.б.) қалыптасуына негіз болды.
Пайдаланған әдебиеттер:
Қазақ Энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлім
Әлем тілдері: Түрік елдері, 1996
Баскаков Н.А., Введение в изучение тюркских языков, М., 1969