2. Электр тізбегінің түйіншегіне келген токтардың қосындысы, сол түйіншектен шыққан токтардың қосындысына тең деген кімнің заңы? А. Кирхгофтың бірінші заңы;+
В. Ом заңы;
С. Фарадей заңы;
Д. Столетов заңы;
Е. Джоуль-Ленц заңы.
3. Тұрақты ток машинасының айналатын бөлігінің атауы: А. Полюс;
В. Коллектор;
С. Якорь;+
Д. Щетка;
Е. Статор.
4. айнымалы токтағы жиіліктері бірдей екі синусойдальды шамалардың бастапқы фазаларының айырмасының атауы: А. Жиілік;
В. Амплитуда;
С. Қуат;
Д. Фазалардың ығысу бұрышы;+
Е. Период.
5. Вольтметрді тізбекке қалай қосамыз? А. Реостат арқылы жалғаймыз;
В. Трансформатор арқылы жалғаймыз;
С. Тікелей жалғаймыз;
Д. Тізбектеп жалғаймыз;
Е. Параллель.+
6. Асинхронды электродвигательдегі статор магнит өрісінің айналу жылдамдығынан ротордың айналу жылдамдығының салыстырмалы қалыс қалуының атауы: А. Тайғанақтауы (скольжение);+
В. Тұралауы (буксование);
С. Тежелуі (торможение);
Д. Тоқтамауы;
Е. Дұрыс жауап жоқ.
7. Генератордың синхронды деп аталуы неліктен? А. Магнит ағынының айналу жылдамдығы ротор жылдамдығынан үлкен
болғандықтан;
В. Магнит ағынының айналу жылдамдығы мен ротордың айналу жылдамдығы
бірдей болғандықтан;+
С. Магнит ағынының айналу жылдамдығы ротор жылдамдығынан кіші
болғандықтан;
Д. Дұрыс жауап жоқ;
Е. Білмеймін.
8. Ұзындығы тоғыз миллиметр, диаметрі үш миллиметр әйнек баллонының ішінде орналасқан диод: А. Электронды-сәулелі түтік;
В. Транзистор;
С. Селенді диод;
Д. Германийлі жазықты диод;
Е. Нүктелік германийлі диод.+
9. Сырттан түскен жарықтың әсерінен электрлік қасиеті өзгеретін жартылай өткізгіштікті, электрлі вакуумды құрал: А. Фотоэлемент;+
В. Фотодиод;
С. Өрісті транзистор;
Д. Фотоэлемент;
Е. Бұндай құрал жоқ.