Өзіңізді таныстырыңыз… Қалыптастырушы бағалау Сабақтың мақсаты


Рубрикалар оқушылар не үшін оқитынын көрсетеді



бет5/7
Дата06.04.2023
өлшемі0,62 Mb.
#80023
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 сабақ

Рубрикалар оқушылар не үшін оқитынын көрсетеді

Критерийлер оқушы нені үйрену керектігін байқатады

Дескрипторлар оқушы қалай жоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді

Қалыптастырушы бағалау


Тақырып

«Менің отбасым және достарым»

Оқу мақсаты

Мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды.
Тыңдаушыны қызықтыру үшін көркем-бейнелі сөздерді (сипаттау, т.б.) қолдану.

Бағалау критерийі

Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді. Тыңдалған ақпараттың негізгі ойын түсінеді. Мәтіннің негізгі мазмұнын эмоционалды көркемдегіш сөздерді қолдана отырып айтады.

Тапсырма

Мәтінді тыңдаңыз, тірек сөздерді теріп жазыңыз. Тақырыбын, негізгі ойын анықтаңыз. Жұпта эмоционалды көркемдегіш сөздерді қолдана отырып мәтінді мазмұндаңыз.
Айсұлу мен Күнсұлу
Ерте, ерте, ертеде бір байдың Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі ұрысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен.
Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:
Сенен мен сұлумын!-дейді.
Ал Айсұлу болса:
- Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын!-деп таласады. Ақыр соңында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлудың тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана далаға шығады екен. Ал бейбастығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу бірін-бірі көре алмайды екен.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді

тыңдалған мәтіннің тақырыбын анықтайды.
тірек сөздерді теріп жазады

Тыңдалған ақпараттағы негізгі ойды анықтайды.

мәтіннің негізгі ойын жеткізеді.

Көркемдегіш сөздерді біледі

мәтіннің мазмұнын жүйелеп айтады;
мазмұндауда көркемдегіш сөздерді қолданып айтады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет