Өзіңізді тексеріңіз


Жадыны дамытуға арналған ойын



бет10/14
Дата31.12.2021
өлшемі7,27 Mb.
#22298
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
57 әдіс тәсілдер

Жадыны дамытуға арналған ойын

Тақырыптық түйінді сөздер

Келтірілген сөздердің қайсысы ________________________________ жатады?

Сөздер банкісі

Біздің тақырып

Оқушыны шатастыру үшін тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып орналастырыңдар.

Негізгі сөздер осы жерге ауыстырылуы тиіс.

Ойлан, Бірік, Бөліс

Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).



Бірге ойлаймыз

Бұл сыныбыңызда талқылауға және диалогқа ықпал ететін және «Қолыңды көтер/1 адамға сену» көзқарасынан бас тартуға көмектесетін жақсы тәсілі.

1. Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліңіз, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беріңіз.

2. Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз. Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын планшетке жазады және сыныппен бөліседі.

Сізге балалар арасында бәсекелестік тудыру үшін ұпай есептеу жүйесін пайдалануға болады. Одан кейін барған сайын күрделілігі артатын сұрақтарды пайдалана отырып, сипатталған қадамдарды қайталайсыз.

1. Топтарға бөліңіз. Әр топ топ мүшелерінің санына қарай өз мүшелеріне 1-ден 4-ке дейін немесе 5-ке дейін нөмір береді.

2. Мұғалім сұрақ қояды, ойлануға уақыт белгілейді және одан кейін “Бірге ойлаймыз” – деп айтады.

3. Оқушылар тұрады және сұрақты ауызша талқылау үшін үстелдің орта тұсында түйісе, еңкейеді.


  • Барлығы жауапты білгеннен кейін, өз орындарына отырады да, сынып дайын деп айтады.
  • Санды таңдау үшін зырылдауықты айналдырады (немесе 1-ден 4-ке немесе 5-ке дейін кез келген санды атаңыз). Әр команданың тиісті оқушысы үстелден планшет пен қаламды алып, жауап жазады да, орнынан тұрады. Бұл тыныштықта орындалады.
  • Командаға бір мезетте жауаптарын көрсетуге белгі беріңіз. Әрбір дұрыс жауап үшін ұпайларын есептейсіз.

1. Жұпқа бөлініңіздер.

2. 3 ұйғарым жазыңыз, оның біреуі “жалған” болып табылады.

3. Өз ұйғарымдарыңызды басқа жұпқа беріңіздер.

4. Екінші жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.

Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).

ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.

(Рөлдерді анықтау үшін “Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).

Тыңдайтын үшбұрыштар

1-ші оқушыда ақпараттың 50 пайызы жазылған парақ бар.

Ақпараттағы ақаулық

Ақпараттың қалған бөлігі 2-ші оқушыдағы парақта.

Жұптағы екі оқушы бір-біріне өз бөлігіне қатысты түсініктеме береді (оны қағаздан көрсетпестен).

Жұптар сыныппен кері байланыс орнатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет