Өзін-өзі тану оқулығы,ғаламтор,әдістемелік құрал,МАН.
Жалпы мақсаты
«Қамқорлық» ұғымын түсіндіру, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, мейірімділікті сезіндіре білу. адамдарға, табиғатқа, жан - жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдістері: сурет бойынша әңгімелеу, өлеңдер оқу, ойын - тапсырмаларды топпен әңгімелеу, шығармашылық жұмыс, «тыныштық мезеті».
Қосымша құралдар: бейнетаспа.
Оқу нәтижелері
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындауды, оларға сұрақ қоя білуді үйренеді, сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айтып, қорытуға үйренеді. Өзін-өзі және басқаларды бағалау дағдысы, топтық ынтымақтастық қалыптасады.