Өзін-өзі бағалау және өзара бағалауды қолдану ерекшеліктері


-топ.су эрозиясы: Бұл тәжірибенің мақсаты:оқушылар су, жел эрозиясының қалай жүретіндігін түсінулері керек. Өз қорытындыларын ұсынулары керек



бет2/2
Дата15.05.2022
өлшемі20,6 Kb.
#34451
1   2
Байланысты:
зін- зі ба алау ж не зара ба алауды олдану ерекшеліктері

1-топ.су эрозиясы: Бұл тәжірибенің мақсаты:оқушылар су, жел эрозиясының қалай жүретіндігін түсінулері керек. Өз қорытындыларын ұсынулары керек.

2-топ.Жел эрозиясы.

Топтар тәжірибе барысында төмендегі жоспар бойынша талдау жүргізеді:

А) тәжірибе барысында қандай өзгерістер болды;

Б) Ол өзгерістердің салдары қандай? (шаруашылыққа әсері)

В)Мәселені шешу жолдарын ұсыну;

Қалыптастырушы бағалау.



Бағалау критерилері

Дескриптор

Топырақтың экологиялық проблемаларын жіктей алады.

Топырақ эрозиясының үш түрін тәжірибеден өткізу;

Топырақ эрозиясының осы түрлерінің себеп-салдарын анықтау;

Топырақ эрозиясы түрлерінің топта талқылау арқылы шешеу жолдарын ұсыну;



  • Топырақтың екі жағына қатты кардон қағаз керек;(топырақты үрлегенде айналасына шашырамау үшін)

  • Оқушылар тәжірибені жасап болғаннан кейін ортаға шығып бағалау критерилері бойынша қорғайды. Топтар бір-бірін сағат тілінің бағытымен «2 жұлдыз 1 тілек » әдісімен бағалайды

Өзара бағалауды қолдану ол мұғалім журналға баға қоймайды деген сөз емес, әрине, мұғалім оқушылар орындайтын жұмысты қарап, оған түсініктеме беріп отырады. Бірақ кей жағдайларда оқушылар өзара бағалауды мұғалім жұмысты тексергенге дейін өткізе алады, ал кейбір жағдайларда өзара бағалауды мұғалімнің баға қоюының орнына қолдануға болады. Мақсат мұғалімнің орнын алмастыруда емес, оқушыларға жақсы нәтижелерге қалай қол жеткізуге болатынын түсінуге көмектесуде екендігінде.

Жазбаша жұмысты өзара бағалауға келер болсақ, жұмыстың белгілі-бір бөлігін мұғалімнің бағалауына дейін өзара бағалау болады немесе кей кездері мұғалімнің тексеруінің орнына өзара бағалауды қолдануға болады. Дегенмен де, бұл үдерістің мақсаты мұғалімді алмастыру емес, оқушыларды өз жұмысын жақсарту жолдарын тануға көмектесу болып табылатындығын ұмытпау керек.



Критерийлер бойынша бағалау мұғалімдерге:

  • сапалы білім алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

  • оқытудың сапасын жақсартуға;

  • әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып оқытуға мүмкіндік береді.

Ал оқушыларға:

  • өзара бағалау кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін-бірі сынауға мүмкіндік береді.

  • сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады.

Бірақ бұл сыныпта қолданылатын бағалаудың жалғыз тәсілі емес. Оның ата-аналар үшін баланың оқу үлгерімі бойынша есеп беруде, оқушыны белгілі бір сыныпқа бөлу кезінде мектеп басшысына көмек көрсетуде, оқушыға оқу барысында қосымша сабақтарды таңдауда  көмек көрсетуде, сыртқы біліктіліктің барлық немесе жеке құрылымдарын қалыптастыруда, оқушылардың мектепте жеткен нақты жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатында қолданылса орынды болмақ. Оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып оқытуда критерий бойынша бағалау  орта білім беру ұйымдарында оқу үрдісіне жаппай қолданысқа енгізілсе, бағалаудың әділдігі, объективтілігі оқушының өз бетімен білім алуына, өзін дамытуына сенімін арттырары сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші(негізгі) деңгей. Екінші басылым. 2014ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет