Өзін-өзі бағалау тексеру парағы: Өзін-өзі бағалау тексеру парағы



бет13/35
Дата11.10.2024
өлшемі135,42 Kb.
#147741
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
Бағалау парағы (1)

Апталық атауы

Мерзімі

Сыныптар

1

Кел, балалар оқылық!

1.09.2021

1-11

2

«Отбасы-бақыт мекені»
10 күндік

Қыркүйек

1-11

3

«Денсаулық фестивалі – 2021» акциясы

Қыркүйек

1-11

4

«Тіл – ұлттық қазына» айлығы

Қыркүйек

1-11

5

«Ұстаз- мектептің жүрегі»

Қазан

1-11

6

Зорлық – зомбылықсыз 16 күн!

Қараша

1-11

7

«Бала құқығы –адам құқығы» айлығы

20.10-20.11.2021

1-11

8

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» ЖИТС-ке қарсы күн

Желтоқсан

1-11

9

1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні

Желтоқсан

1-11

10

«Сыбайлас жемқорлыққа-қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз»

Желтоқсан

1-11

11

Тәуелсіздік күніне арналған іс - шаралар

Желтоқсан

1-11

12

Мектепішілік жаңа жыл мерекесі

25-29.12.2021

1-11

13

1 наурыз Алғыс айту күні
«Алғыс – бұл ...»

Ақпан

1-11

14

8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай
«Әлем бесігін тербебетін жан-АНА»

Наурыз

1-11

15

«Наурыз-бірліктің, еңбектің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі»

Наурыз

1-11

16

Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған іс- шаралар

Мамыр

1-11

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесі аясында мектебімізде тек 1-сынып оқушылары үшін мерекелік жиын ұйымдастырылды. Жиында оқушылар «Әліппе» оқулығы таратылды. Қалған сыныптарда тақырып аясында тәрбие сағаты өткізілді.Сыныптар арасында өткізілген білім күніне орай «Тәуелсіздік жетістіктері »атты ашық тәрбие сағаты өткізілді . 11-қазан халықаралық қыздар күніне орай «Сымбат» қыздар клубының жетекшісі Коразова Айнажан Абдиманаповнаның ұйымдастыруымен қыз бала бойына қамқорлық пен сүйіспеншілікті дарыту мақсатында сыйлық сыйлау акциясы және 6-7 сынып қыз балалары арасында «Қыз қылығымен тәтті» атты танымдық сабақ өткізілді.


Қазақтың ұлы ақыны Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Кел, балалар оқылық!» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» тақырыбында 2-4 сыныптар арасында диктант жазу, 5-9 сыныптар арасында эссе жазу өткізілді. Осы апталық барысында «Даланың дара ұстазы» тақырыбында оқушылар арасында мәнерлеп оқу және «Ыбырай Алтынсарин еңбектері –тәрбиенің алтын діңгегі» тақырыбына тәрбие сағаттары ұйымастырылды.
Ұстаздар мерекесіне орай 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаз- мектептің жүрегі»атты іс шара өткізілді.Мерекеге орай «Менің сүйікті ұстазым» челленджі және «Менің алғашқы ұстазым» тақырыбында құттықтаулар ұйымдастырылды.
21-23 қазан күндері барлық сыныптарда «Күзгі балл-2021» атты сайыс өткізілді. Оқушылар белсене қатысып, номинация бойынша марапатталды.
20 қазан мен 20 қараша аралығында өткізілген «Бала құқығы –адам құқығы» айлығының жоспарына сәйкес «Қылмыссыз балалық шақ» тақырыбында эссе жазу, сурет салу, сынып сағаттары және «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында буклет дайындау ұйымдастырылды. Айлық барысында оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында КТІЖ аға инспекторы, полиция майоры Ғалия Ғизатқызы Қарасаева оқушылармен кездесу ұйымдастырып, түсін діру жұмыстарын жүргізді.
ҚР Тұңғыш президенті күніне орай 9-11 cыныптарда «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында мектеп медбикесінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
9 желтоқсан Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында суреттер салынып, эссе жазылды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 30 жыл» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Жаңа жыл мерекесіне орай сыныптарда «Жадыра, Жаңа жыл!» сынып сағаттары өткізілді.
Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Наурыз мерекесіне орай сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Наурыз – жыл басы» тақырыбында тәрбие сағаттары және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымастыруымен ұлттық ойындардан жарыстар ұйымастырылды.
Жоғарыда кестеде көрсетілген іс-шараларда білім алушылардың тақырып аясында жаңа білімді меңгеруде, салт-дәстүрлерімізді сақтауда, жалпыадамзаттық құндылықтар аясында қоршаған ортаны қорғаудағы шаралар қамтылған апталық, онкүндік, айлық жұмыстарды өткізуде сынып жетекшілер, тәрбие саласының мамандары белсенділік танытты. Олардың өз жоспарларында да осы шаралар аясында тақырыптар қойылған. Әрбір жаңа жұмысты өткізу алдында сынып жетекшілермен отырыс, тәрбие саласы мамандарымен отырыс өткізіледі. Алдын ала қандай жұмыстар қамтылатындығы айтылады. Сынып жетекшілер жаңа мәліметтерді қамтитын танымдық сабақтар, тәрбие саласы мамандары (психолог, тәлімгер, әлеуметтік педагог, кітапханашы, үйірме жетекшілері) өз бағыттары бойынша жұмыстарын ұйымдастырып өткізеді. 2021-2022 оқу жылында «Рухани жаңғыру» бағдарлмасы «Қоғам құндылығы» жобасы өз жалғасын табуда. Бұл жоба өз ішінде 4 «Дәстүр мен ғұрып», «Еңбек – елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет», «Үнем – қоғам қуаты» атты арнайы жобаларды біріктірді. Бұл арнайы жобалар аясында мектепішілік тәрбие сағаттар, сыныптан тыс жұмыстар, челлендждер, т.б. жұмыстар ұйымдастырып отырылды. Өткізілген іс-шаралар уақытылы Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінің инстаграмм әлеуметтік желісінде 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жарияланып отырылды. Әлеуметтік парақша атауы:sarykol_zhobb_mektebi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет