5-9 сыныптарҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 16-қосымша (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған негізгі орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспары;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрығына 13- қосымша (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарымен оқытылуда.
10-11 сыныптарҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 22-қосымша (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған негізгі орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспары;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүектегі№412 бұйрығына 19 -қосымша жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспары оқытылуда.
3)Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субьективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру бойынша (бағаланатын кезеңге тәрбие жұмысы жоспарының көшірмесі қоса беріледі)
Тәрбие жұмысының өзекті мәселесі:Мектепте жоғары рухани қасиеттер мен шығармашылық белсенді азамат, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Тәрбие жұмысының мақсаты: Мектепте оқушылырға құқықтық сананы қалыптастыру, ақпараттар арқылы саяси ойлау қабілеттерін, өз ойларынша сараптауды, жағдаяттарды бағалау, алған біліктерді өмір жағдаяттарында қолдана білуге және рухани қасеттері мол шығармашыл белсенді азамат тәрбиелеу.
Міндеттері: Оқушылардың өздері өмір сүретін қоғамның мәдени құндылықтарын игеруіне, өзін тану әдістерін меңгеруіне ықпал ету.
Оқушы бойында өзінің денсаулығын сақтауға және адамгершілік дамуына деген саналы көзқарас қалыптастыруына жағдай жасау.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жүзеге асыруға таңдау жасауға мүмкіндік туғызу.
Оқушыларға саяси мәдениетінің деңгейі мен құқықтық білімдері қалыптасуына жағдай жасау
Оқушылардың өздері өмір сүретін қоғамның мәдени құндылықтарын игеруіне, өзін тану әдістерін меңгеруіне ықпал ету.
Оқушыларға саяси мәдениетінің деңгейі мен құқықтық білімдері қалыптасуына жағдай жасау
Мектеп-оқушы-отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту
Әрбір жеке тұлғаның жеке шығармашылық қабілетін дамыту.
Табиғат қорғау дағдыларын, алған білімді іс жүзінде қолдана білу қабілетін қалыптастыру.
Құқықтық сауаттылық бар қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Оқушылардың Қазақстан республикасы рәміздеріне сыластықпен, құрметпен қарауын қамтамасыз ету.