Ол үшін баланың жүрегіне тіке жол салу мен оның танымына тікелей әсер беру керек. Ол үшін біздің жас психологтарымыз дайын ба? Егер ауызша оқыту формасының жұмысының нәтижесі 10 пайыз нәтиже берсе, жазбаша оқыту процесі 90 пайыз, ал оқытудың таным арқылы әсер ету әдісімен оқыту 100 пайызға нәтиже бере алады. Бұл әдіс мэта метич (через сознание) деп аталады К.Н.Шамшиденова .
Баланы қалай оқыту керек?
Оның санасы мен сезімін жан-жақты қамту үшін қандай процестермен ерекше әсер беру қажет?
Мэта метич әдісі
“Бала психикасының жақын арадағы даму аймағы” - Адамның жан-дүниесінің сыр сипатын терең зерттеген. Л. С. Выготский адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және “бала психикасының жақын арадағы даму аймағы” деп аталатын тұжырымдарын айрықша атап көрсетуді қажет етеді. Мәдени-тарихи теория туралы Высотский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, ондай даму дейгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап- тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінез-құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан-дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіп отыратын тарихи фактор ретінде қарастырады.
Лев Семёнович Выготский – кеңестік психолог
Владимир Николаевич Мясищев - Мясищев В.Н. “Әрбір адам өзінің бірінші күнінен бастап қоғамға еніп, адамдардың қарым-қатынасында болып, тыныс -тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбиесінен үйреніп үнемі даму үстінде болады . Бұл қарым-қатынас бірте-бірте өзінің күнделікті өміріндегі дербестігін жеке бастың психикалық қасиеттерін өрістетеді Әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің өзіндік танымының қалыптасуына әкеліп соғады”. Жеке тұлғаның дамуы ғалымдардың көрсеткеніндей сыртқы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-біліп, олардың мән-жайын түсініп, әрбір процестерді өз ойымен, ақылымен пайымдап білуімен қалыптасады.
Владимир Николаевич Мясищев - кеңестік психиатр және медициналық психолог, адамның қабілеттері мен қарым-қатынасы мәселелерін зерттеуші,
Қолданылған әдебиеттер тізімі - 1. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: «Рауан». 1996
- 2. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. М. 2002
- 3. Спиркин А.Г. Сознание и самоссознание. М., Политиздат, 1972
- 4. Қ. Жарықбаев, Ө. Озғанбаев «Жантануға кіріспе», А., 2000ж.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |