Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Қаржы жүйесінің мәні неде?
қаржы жүйесі дегеніміз – компанияның қаржылық қызметін қадағалайтын жүзеге асырылған процедуралар жиынтығы. Фирма шеңберінде қаржы жүйесі бухгалтерлік есеп шараларын, кірістер мен шығыстар кестесін, жалақы мен балансты тексеруді қоса, қаржының барлық аспектілерін қамтиды. Қаржы жүйесі аймақтық ауқымда несие берушілер мен қарыз алушыларға ақша айырбастауға мүмкіндік беретін жүйе болып табылады.
2. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы қандай?
Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден тұрады: мемлекеттік және жергілікті. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың, (АҚШ) жерлердің (ФРГ) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.
3. Бюджет тапшылығы қалай орын алады және оны жабудың жолдары қандай?
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынадай әдістері бар. 1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі; 2) кірістер тұрақты, шығыстар төмендейді; 3) кірістер өседі, шығыстар төмендейді. Дефицитті қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақша Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары: 1) ақша белгілерінің эмиссиясы 2) мемлекеттік займдар 3) шетел займдары 4) ұлттық байлықты пайдалану.
4. Мемлекеттік қарыздың түрлері қандай?
Несие қаражатының қайдан алынғанына қарай Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыштарға, қызмет көрсету мерзіміне қарай күрделі және ағымдағы борыштарға, мерзіміне қарай
қысқа мерзімді - 1 жылға дейін
орта мерзімді - 1 жылдан 10 жылға дейін
ұзақ мерзімді - 10 жылдан аса мерзімге - борыш түрлеріне бөлінеді.
5. Трансферттік төлемдердің түрлері қандай?
Ол мынадай түрлерге бөлінеді: мемлекеттік трансферттік төлем – әлеуметтік сақтандыру бойынша төлем, жұмыссыздық жәрдемақысы, ардагерлерге зейнетақы, тағы басқа (бұл төлемдер және оларды алушылар өндірістің ағымдағы көлемін жасауға ешқандай үлес қоспайды); жекеше трансферттік төлем – студенттер ата-аналарынан және басқа туысқандарынан алатын ай сайынғы жәрдемқаражат, түрлі сипаттағы тарту-таралғы, тағы басқа (яғни, өндірістің нәтижесі емес, қаражатты бір иеленушіден екінші біреуге табыстау).
6. Салықтардың экономикалық мәні неде?
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтар каржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып саналады.
7. Қазақстандағы салықтардың түрлері қандай?
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді. Қазақстан Республикасының салық түрлері: жанама салықтар, корпорациялық табыс салығы, қосымша құн салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік салық, меншікке салынатын салықтар, жер салығы, мүлікке салынатын салықтар.
8. Лаффер қисығы қалай сипатталады?
Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады.
9. Ақша жүйесінің негізгі элементтері қандай?
Оның басты элементтері болып: негізгі ақша құрылымынын болуы («теңге», «доллар» және т.б.); заңды төлем құралы болатын мемлекет бекіткен ақша түрлері (әртүрлі құндылықтағы «банкнот» және «қазыналық билеттер»); ақша шығару (эмиссия) жүйесі, яғни ақша айналымының мақсаттары үшін заңмен бекітілген ақша шығару тәртібі; ақша айналымы қызметімен байланысты «қаржылық» мемлекеттік аппарат секторы.
10. Ақша массасының құрылымы қандай?
Ақша массасықұрылымына мынадай ақша агрегаттары кіреді: М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс ақша); М1 = М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері; М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттері және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері; М3 (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.
11. Ақша-несие саясаты дегеніміз не?
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі болады: Рестрикциялық ақша-несие саясаты; Экспанцондық ақша-несие саясаты.
12. Несиенің түрлері қандай?
несие түрлері төмендегідей жіктеледі: мерзімдері бойынша: а) қысқа мерзімді (1 жылға дейін); ә)орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін), б) ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары); несиелеу объектілері бойынша: а) негізгі қорларға берілетің несие» ә) айналым қорларына берілетін несие; несиелеу әдістері бойынша: а) қалдық бойынша несиелеу; ә)айналым бойынша несиелеу.
13. Банк жүйесінің құрылымы қандай?
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың
Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы
Қаржылық институттар: банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақылық қорлар, инвестициялық
Депозит түрінде және басқа жолмен берілетін ақша қаражаттары
Ақша қаражаттарының жабдықтаушылары: (формалар, компаниялар, үкімет, жеке тұлғалар)
14. Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдары қандай?
Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары: - қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық аумағындағы саясат; - ақша саясаты; - табыстарды реттеу саясаты; - әлеуметтік саясаты; - баға бегіленімін мемлекеттік реттеу; - сыртқы экономикалық реттеу; Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша - кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.
15. «Квази ақша» дегеніміз не?
Квази - қолма-қол ақшасыз нысанда аударылған ақша болып табылады. жинақ және мерзімді депозиттердің мұндай қаражат коммерциялық банктердің баланстарын тұр. нарықта айналыстағы ең өтімді қаржы құралы болып табылады.
16. Коммерциялық несие мен банктік несиенің айырмашылығы неде?
Коммерциялық несие мен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпыра айырмашылықтары бар. Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде беріледі, ал банктік несие ақша түрінде беріледі.
Тест тапсырмалары: 1. Мыналардың қайсысы салық салудың негізгі қызметтері болып табылмайды? А) Экономикалық
2. Мемлекеттің қаржы жоспары қалай аталады? С) Мемлекет бюджет
3. Мемлекеттік бюджеттен төленетін трансферттік төлемдер: А) Субсидиялар В) Дивидендтер С) Депозиттер D) Жалақылар Е) Несиелік төлемдер
4. Қаржы қатынастарының ақша қатынастарынан айырмашылығы: В) Ол жеке тұтынушыларға қызмет етпейді
5. ҚР-да қандай институт ақша-несие жүйесі жағдайына жауапты? А) Ұлттық банк
6. Қай кезде ақша ұсынысының графигі вертикальді түзу болады: A) Ақша ұсынысы тұрақты болғанда
7. Несие беру принциптері: Е) Аталғандардың барлығы дұрыс
8. Коммерциялық банктің артық резервтері – ол: A) Резерв нормасы + салымдар B) Салымдар - резерв нормасы C) Нақты резервтер + міндетті резервтер D) Нақты резервтер-міндетті резервтер E) Незерв нормасының салымға қатынасы
9. Орталық банктің ақша-несие саясатының аралық мақсаттарына не жатады? D) Валюта нарығының тұрақтылығы
10. Маржа дегеніміз не? А) Несиелер мен салымдар бойынша пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырма
11. Мыналардың қайсысы жанама салықтарға жатады? С) Акциздер, қосымша құнға салынған салық
12. Субвенция дегеніміз не? А) Белгілі бір даму мақсаттарына жұмсалатын мемлекеттік ақша жәрдемақысы
13. Қаржы дегеніміз – бұл: і D) Саяси, экономикалық және сфераларда көптеген қызметтер атқаруға қажет ақша құралдарын мемлекеттің құруы және пайдалануы
14. Салық мөлшері мен салық түсімдерінің көлемі арасындағы байланысты қандай қисық сипаттайды? С) Лаффердің қисық сызығы
15. Мемлекеттің нарықтық экономиканы реттеу құралдары: А) Фискалдық саясат
16. М2 ақша агрегатына не жатады: A) Қолма-қол ақша сомасы, мерзімсіз (ағымды) салымдар B) Қолма-қол ақша сомасы, мерзімсіз (ағымды) салымдар, үлкен емес мерзімдік салымдар C) Қолма-қол ақша сомасы, мерзімсіз, мерзімдік салымдар, сертификаттар, мемлекеттік займдардың облигациялары D) Мемлекеттік займдардың облигациялары, сертификаттары E) Тек қана қолма-қол ақша сомасы
17. Коммерциялық банктің артық резервтері – ол: D) Нақты резервтер-міндетті резервтер
18. Банк ай сайын 4 % алады. Сонда 1 жылда банкке қанша пайда түседі: А) 48 %
19. Несиелер мен салым ақшалар бойынша пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырма не деп аталады? D) Маржа
20. Қандай банктің ақша шығару құқығы болады? А) Ұлттық банктің
21. Мыналардың қайсысы салық элементтеріне жатпайды?D) Салық ауыртпашылықтары
22. Шығындарды жабуға арналған ақшалай қаржылық көмек: В) Субвенциялар
23. Мемлекеттік бюджет тапшылыққа ұшырайды. Егерде: А) Мемлекеттік шығын табыстан өссе
24. Ақшаның сатып алу қабілеті: В) Инфляция кезінде төмендейді
25. Ақша массасы дегеніміз – бұл: С) Айналыс және қор жинау құралы қызметін атқаратын қолма-қол және қолма-қолсыз формадағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы
26. Банктік жүйе қандай деңгейлерден тұрады: D) Орталық банк, коммерциялық банктерден және қаржылық- несиелік институттардан
27. Мыналардың қайсысы М1 ақша агрегатына жатады? А) Мемлекеттік заим облигациялары В) Депозиттік сертификаттар С) Қолма-қол ақшалар D) Қолма-қол ақшалар мен чектік салымдар Е) Банктегі ағымдық шоттар
28. Ақша ұсынысын азайту туралы шешім қабылдау үшін Ұлттық банк: A) Міндетті резервтер мөлшерлемесін арттыруы мүмкін
29. Салықтар (алымдар, баждар, т.б) дегеніміз не? Е) Жергілікті тұрғындардың мемлекетке төлейтін міндетті төлемдері
30. Банктің міндетті резервтері – бұл: А) Банктің салым ақшалары В) Банктің несиеге беруге тиіс ақша қорлары С) Әр коммерциялық банктің орталық банкте сақтайтын салым ақшасы D) Банктің несиеге беруге тиіс артық ақша сомалары Е) Банктің бағалы қағаздарды сатып алуға тиіс ақша сомалары
31. Мыналардың қайсысы мемлекеттік қаржыға жатпайды? В) Мемлекеттік несие
32. Субсидиялар дегеніміз не? D) Кәсіпорындардың шығындарын жабуға арналған қайтарымсыз қаржы
33. Лаффердің қисық сызығы нені сипаттайды? В) Салық мөлшері мен салық түсімдерінің көлемі арасындағы байланысты
34. Мемлекеттік борыш дегеніміз – бұл: А) Мемлекеттің тек өз халқына беретін қарыздары
35. Ақша агрегаттарын М1, М2, М3 деп бөлудің ерекшелігі: A) Олардың өтімділік дәрежесі B) Айналыс жылдамдығы C) Қор жинау функциясы D) Төлем қызметі E) Баламалық құнын анықтау
36. Арзан ақша-несие саясатын жүргізу кезінде: A) Инвестиция қысқарады
37. Банктердің инвесторлардан айырмашылығы қалай көрінеді? Олар: А) Бағалы қағаздарды сатады және сатып алады
38. Міндетті банктік қорлар дегеніміз – бұл: А) Мемлекет қазынаның депозиттері В) Халықтың кез келген депозиттері С) Орталық банктегі коммерциялық банктердің міндетті түрде сақталуы керек депозиттері D) Коммерциялық банкте сақталатын ақша массасы Е) Коммерциялық банктің Орталық банкке қарызы үшін төлейтін пайызы
39. Үлкен жедел салымдар қандай ақша агрегатына кіреді: D) М3
40. ҚР-да қандай салық түрі қолданылмайды: В) Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары