Өзіндік жұмыс № Антика философиясы 1 «Стоицизм және гедонизм олар туралы қазіргі заманғы түсініктерге сүйене отырып, эссе- негіздеме жазу»


«Дихотомия» (екіге бөлу) апориясында



бет8/9
Дата14.03.2022
өлшемі49,86 Kb.
#27886
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Өзіндік жұмыс-2

«Дихотомия» (екіге бөлу) апориясында қозғалушы дене белгілі бір қашықтықты жүріп өту үшін әуелі оның жартысын, ал осы жартыны өту үшін оның жарты бөлігін, сонан соң оның жартысын жүріп өту керек. Осылайша шексіздікке дейін жалғаса береді, яғни қозғалушы дене қозғалысты бастамауы да мүмкін (апорияның екінші бір түрі бойынша: қозғалыс өзінің қозғалыс мәнінде тұрғанда тоқтауы, кідіруі мүмкін емес).

«Ахилл» апориясы: желаяқ Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, себебі ол тасбаға дейінгі қашықтықты жүгіріп өткенше, тасбақа өзінің ол орнын ауыстырып, белгілі бір қашықтыққа жылжып кетеді. Ахилл осы қашықтықты игергенше тасбақа тағы да алға жылжиды, осылайша жалғаса береді.

Зенонның осы аталған және тағы басқа апориялары қозғалысты матемематикалық өрнектеудің және бұл процесте қолданылатын ұғымдардың қайшылықты екенін көрсетті. Ол қайшылықтар бірлігін түсіне алмағанымен, қозғалыстың қайшылықты екенін дұрыс байқады. Зенон апориялары антикалық математиканың, логиканың және диалектиканың дамуына жол ашты. Ол кеңістік, жеке мен жалпы, бүтін мен бөлшек, қозғалыс пен тыныштық ұғымдарындағы қайшылықтарды көрсетіп, олардың шешімін іздеуге негіз салды.

Космос – бұрынғы Кеңес Одағынан ұшырылған Жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінде және атмосфераның жоғарғы қабатында ғылыми, техникалық, т.б. зерттеулер жүргізуге арналған ЖЖС-тері сериясының атауы. “Космос” ЖЖС-терін ұшыру 1962 ж. 16 наурыздан басталды. “Космос”-тың ғылыми бағдарламасында: зарядты бөлшектердің концентрациясын, корпускулалық ағынды, радиотолқындардың таралуын, Жердің радиациялық белдеуін, ғарыш сәулелерін, Жердің магнит өрісін, Күн сәулесін, метеорлықзаттарды, Жер атмосферасындағы бұлттар жүйесін, ғарыш кеңістігінің әсерлерін, ғарыштық ұшулардың техникалық проблемаларын шешу (орбитада түйісу, ғарыштық ұшу аппаратының атмосфераға енуі, сәулеленуден қорғану, т.б.), ғарыштық ұшу аппаратының құралымдық элементтері мен борттық жүйелерін сынау, сондай-ақ, әскери-ғарыштық барлау мәселелері болды. “Космос” ЖЖС-тері көтерілу биіктігі 140 км-ден (“Космос-244”) 60600 км-ге (“Космос-159”) дейінгі дөңгелек не эллипстік орбитаға жіберілді. Олардың орбиталарының еңкею диапазоны 0,1-тен (“Космос-775”) 98-қа дейін (“Космос-1484”) болды. Бұл еңкею диапазоны ғылыми аппаратураларды Жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінің кез келген ауданына жеткізуге мүмкіндік берді. “Космос” ЖЖС-терінің айналу периоды 87,3 минуттан (“К.-244”) 24 сағат 2 минутқа (“Космос-775”) дейін, қызмет көрсету уақыты орбитаның параметрлері мен борттық жүйе ресурстарының жұмысына байланысты болды. Мысалы, “Космос-27” орбитада 1 тәулік болған, ал “Космос-80-нің” орбитада болуы 10 жылға есептелінген. Олармен хабар алмасу, негізінен, 20, 30 және 90 МГц диапазондарында өтті, кейбір “Космос” ЖЖС теледидар байланысымен жабдықталған. Бірқатар “Космос” ЖЖС серияларында ғылыми аппаратуралардың Жерге қайта оралатын капсулалары болды. 1.1.1984 жылға дейін 1521 “Космос” ЖЖС-тері ұшырылған.

Логос[өңдеу]

Логос (грекше logos — сөз, ой, сана, заң) — антикалық және христандық философиядағы ұғым. Жаратылыстың бастапқы кездегі жалпы заңдылығы, дүниенің негізі дегенді білдіреді.



  • Гераклит Логосты тап осы мәнінде айтады: барлығы да Логос бойынша өзгереді, ол — мәңгі, жалпы әрі қажетті нәрсе.

  • Идеалистер (Г.Гегель, В.Виндельбанд, С.Трубецкой, т.б.) Гераклиттің Логосын жалпылық санамен парапар деп санаған.

  • Платон философиясында Логос — бұл жоғары онтология сатының төмен дәрежеде өмір сүруінің жолы: ақыл — бұл бірлік Логосы, жан — ақылдың Логосы.

  • Аристотель “Логос” терминін “анықтама” немесе “жалпы зерделілік” мағынасында пайдаланады. Жалпы, Платон мен Аристотель Логосты болмыстың заңдылығылогикалық принцип деп түсінді.

  • Стоиктер “Логос” терминімен физика және рухани дүниені белгіледі.

  • Иудейлік-александр. мектептің өкілі Филон (1 ғасыр) Логос жөніндегі ілімінде оны Платон идеяларының жиынтығы тәрізді Құдай мен жаратылған дүниені ұштастыратын жасампаз күш деп дәріптеді. Оның пікірінше, жаралған әлемде Логос жан беретін күш, тағдыр ретінде өмір сүреді.

  • Жаңа кезеңде Гегель Логос деп өз философия абстракт идеяны атайды.

  • Ресейдегі діни-идеалистік философ өкілдері (В.Ф. Эрн, П.А. Флоренский, т.б.) Логостың құдіреттілігі идеясын қайта түлетуге тырысты.

  • Шығыс философиясындағы Логос ұғымы дао ұғымымен, ішінара дхарма ұғымымен ұқсас.

Болмыс– бүкіл әлемнің тұтастығын, дүние мен адамның бірлігін, тіршіліктің мәнін білдіретін философиялық категория. Қарапайым санада болмыстың баламалары ретінде әлем, ғарыш, дүние, табиғат, өмір тәрізді жалпы ұғымдар қолданылады. Болмыс философияның ерекше саласы.

Апатия (грек. аnatheia–бейтараптық) – немқұрайдылық күй. Қандайда бір іс-қимылға деген құлшыныстың жоқтығы.

Енжарлық, селқостық, сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпай, ұнжырғаның түсуі.



Материя (лат. materіa — зат) — әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Айналадағы бүкіл дүние — мәңгі қозғалыстағы материяның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің, шексіз байланыстары мен қатынастарының көрінісі. 
Ежелгі қытай, үнді, грек философияларында материя дүниедегі барлық заттардың негізі, дүниенің алғашқы тегі деп түсіндірілді. 
Антикалық философтар материяны жеке заттарға: Фалес — суға, Анаксимен — ауаға балады. Гераклит дүниенің алғашқы тегі және оны үздіксіз өзгеріске түсіріп, ұдайы жаңартып тұратын күш лаулаған от, алғашқы затпен қозғаушы күштің тегі бір деп, диалектикалық натурфилософияның негізін қалады. 
Материя мен қозғалыстың бірлігі жөніндегі мәселені Демокрит өзінің атомистік жүйесі арқылы шешеді. Ол біртекті элементтер атомдарының әр түрлі қосылысынан дүниедегі алуан түрлі заттар пайда болады деп түсіндіреді. 
Аристотель материяны алуан түрлі заттық дүниенің болу мүмкіндігі ғана деп қарайды. Аристотельдің материяны бастапқы ырықсыз зат, ал рухты белсенді жасампаз құдіретті күш деп дуалистік тұрғыда анықтауы кейінгі философия тарихында маңызды орын алды. 
Жаңа заман философтарынан Декарт субстанция жөніндегі теориясында материяны оның көлемімен барабар деп қарады. Бруно мен Спиноза субстанция ретінде бүкіл дүние, әлем табиғатпен барабар деп санады. Спиноза жеке заттар сыртқы себептің нәтижесінде ғана қозғалысқа түседі, ал табиғат болса өздігінен қозғалып өзгереді дейді. Дидро мен Гольбах “материя — табиғат”, “материя мех. қасиеттердің жиынтығы” деген тұжырымдамаларды ұштастыруға тырысты және материя ұғымының сыңаржақтылығын аңғарыпматерия дегеніміз — біздің түйсіктерімізде бейнеленетін және осы түйсіктерді тудырушы себеп деп, оған танымдық тұрғыдан анықтама берді. Материя анықтамасын оған қарама-қарсы тұрған материалды дүниемен емес, идеалды дүниемен қатысы арқылы да ашуға болады. Материядан өзге мұндай бейматериалдылыққа тек сана ғана жатады. 
Зат өзінің санада бейнеленуіне байланысты, біріншіден, ойдың нысаны болса, екіншіден, сол зат жөніндегі ойдың нәтижесі, ұғым. Сөйтіп, ол қосмәнділікке ие болады. Бұл екі ұғым — материя мен сана диалектиканыңбір-біріне қарама-қарсы жалпы категориялары. Материя ұғымында объективті дүниені тану кезінде айқындалған оның ең жалпы қасиеттерін сипаттайтын белгілері анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет