Осы заманғы ғыл. түсінік бойынша материяның маңызды қасиеттері:
сақталу мен өзгеру (қозғалыс),
үздіктілік пен үздіксіздік,
кеңістік пен уақыт.
Бұл қасиеттер объективті дүниеде бірімен-бірі ажырамас диалект. бірлікте болады. Материалдық дүниедегі объектілердің ішкі құрылымы тәртіпке келіп реттелген элементтерден түзілген жүйелер болып келді. Материяның біртұтастығы оның әмбебап қасиеттерінен айқын көрінеді. Ол қасиеттерге жататындар: Материяның жаңадан пайда болмайтындығы мен жойылмайтындығы, уақыт өлшемінде мәңгі өмір сүретіндігі, кеңістіктегі шексіздігі, құрылымының алуан түрлілігі.
Атаракция (гр. ataraxia - сабырлылық) - жан тыныштығы және сабырлылық. Оған кейбір ежелгі грек философтарының пікірінше, дана адам ғана қол жеткізеді. Атаракцияға апаратын жол, Демокриттің, Эпикурдің, Лукрецийдің есептеуінше, дүниені тануда, үрейді жеңуде, мазасызданудан арылуда жатыр. Скептиктер (Пиррон және басқалар) Атаракцияға пайымдаудағы ұстамдылық пен қол жеткізіледі деп үйретті. Стоиктер болса өтіп жатқан оқиғаға, қуаныш пен қайғыға енжарлық ретіндегі апатия ілімді дамытты, жана этика өмірге тым сүлесоқ қараушылықты теріске шығарды және жеке адамның белсенді өмірлік позициясын мұрат деп қарады