Бюджеттеу жоспарлау және басқару құралы ретінде
Бюджет – жоспардың сандық көрінісі, оның орындалуын координациялау және бақылау құралы.
Бюджеттерді әзірлеу кәсіпорын жоспарымен бекітілген көрсеткіштерге сандық белгілік береді.
Батыстың «Бюджет» терминіне сапалы аналог болып «смета» термині табылады.
Кәсіпорынды бюджеттеу жүйесінің негізгі элементтері:
- бюджеттер құрылымы,
- бюджеттерді құру процедуралары,
- бюджеттерді құру және орындау жауапкершілігін бөлу,
- келісу процедуралары,
- бюджеттерді бекіту және орындалуын бақылау.
«Бюжеттеу» терминін пайдалану жоспарды өңдеудің жоғары дәрежеде жетеленуін, оның қысқа уақыттық интервалға байлануын, тәжірибелік бағыттылығын көрсетеді. Бюджеттердің барлық түрлері ең алдымен кәсіпорындағы қаржылық басқару құралы болып табылады.
Бюджеттер түрлері:
Негізгі бюджет – Master Budget және қолдаушы бюджеттер
Операциялық, инвестициялық және қаржылық бюджеттер
Қызметтік және кешенді бюджеттер
Тұрақты және икемді бюджеттер
Операциялық бюджеттер (негізгілері 8-12):
сату бюджеті (ақша қаражаттары түсуінің график-бюджеттерімен бірге жүреді)
өндіріс бюджеті
дайын өнім запасының бюджеті
өткізу бюджеті
негізгі материалдар бюджеті
еңбек шығындарының бюджеті
жалпы өндірісткі шығындар бюджеті
өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құн бюджеті
коммерциялық шығындар бюджеті
басқару шығындарының бюджеті
несие берушілермен есептесу бюджеті
Инвестициялық бюджеттер (күрделі активтердің – негізгі қорлардың жаңаруы мен істен шығыуы және салымдар, ұзақ мерзімді қаржылық салымдар)
Қаржылық бюджеттер (негізгілері 1-3):
пайда бюджеті – табыстар мен шығындардың жиынтық бюджеті
ақша қаражаттарының қозғалыс бюджеті (кассалық бюджет)
активтер мен пассивтердің жоспарлық балансы (баланстық парақ бойынша бюджет, бюджеттік баланс)
ақша қаражаттарының көздері мен оны пайдалану бюджеті
дебиторлық және кредиторлық берешектердің қозғалыс бюджеті
қарыз қаражаттарының қозғалыс бюджеті
Кәсіпорын бюджеттерін құру схемасы
Бюджеттеу бойынша әдістемелік ережделер:
- Бюджеттік кезең – бюджеттер әзірленетін мерзім. Ағымдық, айлық, орташа мерзімдік кварталдық, ұзақ мерзімді жылдық бюджеттерді немесе ағымдық кварталдық, орташа мерзімді жылдық, 3-5 жылға ұзақмерзімді даму бюджеттері ажыратылады. Бұдан басқа, өнімді дайындаудың өндірістік циклы неғұрлым ұзақ болған сайын, сәйкес бюджеттік кезеңдер соғұрлым үлкен кезеңдерді қамтиды.
- Бюджеттік жоспарлаудың нұсқаларын таңдау – бюджеттер жиынтығы мен көрсеткіштер құрамы тәуелді: кәсіпорын мақсаттарына, жоспарлау көкжиегіне, бюджеттерді жасау жиілігіне, есептей әдістеріне, бюджеттерді әзірлеудің технологиялық кезектілігіне, басқадай сұрақтарды (ақпараттық, техникалық, кадрлық және т.б.) шешу тәсілдеріне.
- Бюджеттеуді қою – кәсіпорында қабылданған фирмаішілік жоспарлау әдістеріне сүйенеді. Бюджеттерді құру схемасының логикасы және әдістері халықаралық есепке алу және сесп беру жүйесіне сүйенеді.
- Көптеген бюджеттер натуралдық және құндық көріністегі жоспарларды көрсетеді. Жекелеген бюджеттер кәсіпорынның жеке құрылымыдық бөлімшелері мен қызметтері шегінде жасала алады.
- Бюджеттік жоспарлау қаржылық бюджеттерді жасау үшін негіз болып табылатын операциялық бюджеттерді жасаудан басталады. Операциялық бюджеттер өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін үлкен роль ойнайды. Дәл осы бюджетте қаржылық жоспарлау үшін қажетті ақпараттар бар.
Барлық бюджеттерді жасау үшін қажет:
сату көлемін болжау
Күтілетін өндіріс көлемін анықтау
өндірістік және операциялық шығындарды есептеу
ақша ағындары мен басқа қыржылық параметрлерді анықтау
болжалған қаржылық құжаттарды құру
Опреациялық бюджеттер құрамынан кәсіпорынның төрт түрлі бюджеттік идеологиясын ажыратып көрсетіледі:
Тотальды бюджеттеу – кәсіпорынның барлық қызметтерін тұрақты жоспарлау.
Қажетті бюджеттеу – қорытынды қаржылық бюджеттерді есептеу үшін қанша қажет болса сонша операциялық бюджет жасалады.
Минималды бюджеттеу – алдыңғы кезеңдердің есеп берулері, келісім-шарттар негізінде тек қаржылық жоспарлау іске асырылады (негізгі үш қаржылақ бюджет)
Табыстар мен шығыстарды бюджеттеу – бір жылға (квартал бойынша) бір табыстар мен шығыстар бюджетін жасау. Осы бюджеттің түсіндірме жазбасында табыстарды алу көздері мен жиілігі және шығыстарды іске асыру басымдылықтары анықталады, бюджеттің дефициті мен профициті жоспарланады, сонымен қатар дефицитті қаржыландыру тәсілдері немесе профицитті үлестіру принциптері жоспарланады.
Шаруашылықты жоспарлаудың кешенді технологиясы ретіндегі бюджеттік келістің басты ерекшелігі – оның өткізуді көздеуі.
Негізгі бюджеттер: Сату бюджеті. Өндіріс бюджеті. Сатудан тускен түсім бюджеті. Өткізу бюджеті.
Сату бюджеті (өткізуді болжау) нарыққа және эксперттер бағалауына тәуелді. Ол сату боолжамына негізделеді және ол келесі көрсеткіштер негізінде жасалады:
маркетингтік зерттеулер мәліметтері,
нарықтағы ұзақмерзімді беталыстар туралы ақпараттар
алдыңғы кезеңдердегі сатулар туралы ақпараттар,
басқа өндірушілер тарапынан ұсыныстарды талдау,
фирма өнімі үшін нарық үлесі туралы болжамдар нәтижесі
Өзіндік құнды жоспарлау:
Өзіндік құнды жоспарлау - пайда бюджетін жасаудың екінші кезеңі. Өзіндік құн бюджетінің маңызды құраушылары:
- негізгі материалдар бюджеті
- еңбек шығындарының бюджеті
- жалпы өндірістік шығындар бюджеті
- дайын өнім запасының бюджеті.
Есептеулер өзіндік құнды есептеудің қабылданған әдісімен анықталатын алгоритмді пайдалана отырып операциялық бюджеттер негізінде жүргізіледі. Өзіндік құнды есептеудің стнадартты механизмі келесі түрге ие:
өндірісте тұтынынлған шикізаттар мен материалдардың өзіндік құны + еңбектің тікелей шығыны + ауыспалы үстеме шығындар = өндірілген өнімнің өзіндік құны (өндірістік ө/қ) + дайын өнім запасының өзіндік құны = өтькізілген өнімнің өзіндік құны + тұрақты үстеме шығындар = негізгі қызмет бойынша шығындар
Коммерциялық және басқару шығындары бюджетінің ерекшеліктері:
- шығыстарды төмендету мақсатында коммерциялық шығындар ішінен ауыспалы және тұрақты бөліктерін ажыратады,
- басқару шығындарының бюджеті ереже бойынша тұрақты шығындардан тұрады, сондықтан ол әдетте қалыптасқан айлық шығындар бойынша орта есеппен айға және кварталға, жылға жасалады.
Резюме
Операциялық, инвестициялық және қаржылық бюджеттер кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтарын қамтиды, сондықтан бюджетттеу шауаршылықты кешенді жоспарлаудың технологиясы болып табылады.
Қазақстан кәсіпорындарының тәжірибесі бюджеттеу жүйесін енгізу жалпы корпоративтік шығындарды 10-40% кемітуге мүмкіндік беретінін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |