Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



Pdf көрінісі
бет32/32
Дата31.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#10991
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

2 Жатақханада тұру ережесі 
2.1. Жатақханада тұратын əрбір студент «Жатақханада тұру ережесімен» танысып,    қол 
қоюға міндетті.   
2.2.Студент Өрт қауіпсіздігі Ережелерін қатаң сақтауға міндетті.  
2.3.  АƏИУ  жатақханасында  тұрушы  Студенттер  орналасқан  күннен  бастап  5  күннің 
ішінде өкілетті ұйымға тіркелуге міндетті.  
Бұл  жағдайда  Студент  өзін  тіркейтін  АƏИУ  жатақханасының  өкілетті  қызметкеріне 
келесі құжаттарды беруі керек: 
-  АƏИУ студенті екендігін растайтын анықтама;  
Əскери  міндеттілер,  бұдан  басқа,  бұрынғы  тұрған  жерінен  əскери  есептен  шығарғаны 
туралы 
əскери 
комиссариаттардың 
белгісімен 
əскери 
билетін 
(əскер 
қатарына 
шақырылатындар үшін куəлігі). 
2.4. Студент міндетті : 
 - тазалық, тəртіп сақтауға;  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 213-беті 
 
213 
 
 - жатақхана əкімшілігі мен қызмет көрсетуші персоналға əдептілік көрсетуге;  
-  жатақханадан  шыққанда  өз  бөлмесіндегі  терезені,  балконды,  есікті  кілттеп,  кілтін 
жатақхана қызметкеріне беруге;  
- жатақханадан көшкен жағдайда 5 күн бұрын жатақхана қызметкеріне ескертуге;  
-  жатақханаға  тиісті  аумақты  ластаушы  қоқыстар  мен  шылым  қалдықтарын  терезеден 
лақтырмауға;  
- жатақханаға кірер алдында ескертпей-ақ рұқсат қағазды көрсетуге.  
 2.5.  Жатақханада  тұрушы  барлық  студенттер  жатақханаға  тиісті  аумақтар  мен 
орынжайларда сəйкес түрдегі тазалық тəртіптерін сақтауға тартылады (сенбіліктер).  
 2.6. Студенттерге мүлдем тиым салынады: 
- бөлменің кілтін бөтен адамға беруге;   
- бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетінше орналасуға;  
- бөлмеде жануарлар ұстауға; 
-жатақхана  бөлмелерінде  электр  құралдарын:  электр  пештерін,  ашық  тұрпатты 
жылытқыштырды пайдалануға; 
-жатақханада ішімдіктерді, соның ішінде сыра ішуге;  
-жатақханада  мас күйінде жүруге;  
-шулауға жəне музыканы қатты қойып тыңдауға; 
-жатақхана бөлмелерінде құмар ойындарын (карта) ойнауға;  
-жеңу  немесе  жеңілумен  байланысты  коммерциялық  немесе  құмар  ойындарын 
ұйымдастыруға. 
 2.7.  Ішімдіктер  мен  есірткі  заттарын  Қауіпсіздік  қызметінің  қызметкерлері  жəне 
жатақхана қызметкерлерімен дереу арада тəркілеуге жатады. 
 
 
3 Жатақхана мүлкін пайдалану ережелері  
3.1.Студент  өзінің  жеке  пайдалануына  берілген  жатақхана  мүліктеріне  (тұрмыстық 
бөлмелердегі  электр  пештері,  кір  жуғыш  машиналар,  шаңсорғыш,  теледидар,  диван,  кресло 
жəне бөлмедегі басқа жиһаздарға) ұқыптылықпен қарауға міндетті. 
        3.2.Студент  жатақханаға  тиісті  төсек  жаймаларын,  жиһаз  жəне  басқа  мүліктерді 
бөлмесінен шығаруға құқығы жоқ.   
3.3. Студент жатақханадан көшер алдында жатақхана əкімшілігінен тексеру парағын 
алып, жатақханаға тиісті барлық мүлікті Мүлік Тізіміне сəйкес тиісті түрде жəне тиісті күйде 
тапсыруға міндетті.     
 
4 Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік 
4.1. “Жатақханада тұру ережесін” бұзғаны үшін студентке келесі жазалау шаралары 
қолданылуы мүмкін:   
–  1 рет тəртіп бұзу -  ауызша/жазбаша ескерту; 
–  2 рет  тəртіп бұзу – сынақ мерзімімен тəртіптік сөгіс; 
–  3 рет тəртіп бұзу -  жатақханадан бірден шығару. 
–  жіберілген тəртіп бұзуды жою үшін қажетті мерзімді көрсетумен ескерту, не болмаса 
келтірілген зиянның орнын толтыру;  
–  Студенттің ата-анасына хабарлау. 
4.2. Жатақхананың мүлігін бүлдірген немесе жоғалтқан жағдайда Студент мүліктің екі 
есе теңдестік құны мөлшерінде материалдық жауапкершілік алады.  
 
5 Студенттеркеңесі қызметі 
5.1.  Университет  жатақханасында  студенттермен  жұмыс  істеу  үшін  арнайы  құрылған 
Студенттер кеңесі жұмыс істейді. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 214-беті 
 
214 
 
5.2.  Студенттеркеңесі  жыл  сайын  оқу  жылының  басында  жатақханада  тұратын 
студенттерден конкурстық негізде сайланып, факультетдеканмен бекітіледі.   
 5.3.Студенттер кеңесі жатақхана əкімшілігінің өкілдері болып табылады.  
 5.4. Студенттер кеңесі жұмыс жоспарына сəйкес мəдени-бұқаралық шаралар өткізеді.  
 5.5.  Ережені  бұзғаны  үшін  тəрбие  мəселелері  жөніндегі  декан  орынбасарымен  
бірлесіп, мынаған құқылы: 
-Ережені бұзушы студенттерге ауызша жəне жазбаша ескерту жасауға;  
-  бұрын  бір  жазбаша  ескерту  алған  ережені  бұзушыларға  қолданатын  тəртіп 
шараларына қатысты Жастар комитетіне қарауға ұсыныс беруге.  
 
6  Қосымша шарттар 
6.1.  Осы  Ереже  университет  ректоры  бекіткен  күннен  бастап  күшіне  енеді  жəне 
жатақханада  тұратын  барлық  студенттер,  сонымен  қатар,  жатақхананың  қызмет  көрсетуші 
барлық персоналы үшін міндетті болып табылады.   
6.2.  Осы  Ережеге  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізілуі  мүмкін.  Аталмыш  өзгертулер 
мен  толықтырулар  күшіне  енеді  жəне  оны  университет  ректоры  бекіткен  сəттен  бастап 
орындау үшін міндетті болып табылады.   
 
 
 
 
4.7 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЕРЕЖЕСІ 
 
1 Жалпы ережелер  
1.  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында 
мемлекеттік мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың 
лауазымдық  өкiлеттiгiн  жəне  соған  байланысты  мүмкiндiктерiн  пайдалана  отырып  не 
мүлiктiк  пайда  алу  үшiн  олардың  өз  өкiлеттiктерiн  өзгеше  пайдалануы,  жеке  өзi  немесе 
делдалдар  арқылы  заңда  көзделмеген  мүлiктiк  игiлiктер  мен  артықшылықтар  алуы,  сол 
сияқты 
бұл 
адамдарға 
жеке 
жəне 
заңды 
тұлғалардың 
аталған  игiлiктер 
мен 
артықшылықтарды  құқыққа  қарсы  беруi  арқылы  оларды  сатып  алуы  сыбайлас  жемқорлық 
деп ұғынылады. 
2.  Қазақстан  Республикасының  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы» 
Заңында, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тəртiптiк, əкiмшiлiк жəне 
қылмыстық  жауапкершiлiкке  əкеп  соқтыратын  сыбайлас  жемқорлықпен  жымдасқан  немесе 
сыбайлас  жемқорлық  үшiн  жағдай  туғызатын  əрекеттер  жəне  осы  Ережеде  белгіленген 
сыбайлас  жемқорлыққа  байланысты  құқық  бұзушылықтар  сыбайлас  жемқорлық  пен  құқық 
бұзушылықтар болып табылады. 
 
2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының  мақсаты мен міндеттері 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  саясатының  негізгі  мақсаты  АƏИУ-дің 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдардың  тиімділігін    арттыру,  азаматтардың 
құқықтарын  қорғау,  сыбайлас  жемқорлық  көріністерінен  туындайтын  қауіп-қатердің  алдын-
алу жəне құқық бұзушылықты азайту шараларын жүргізу болып табылады. 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  саясатының  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін 
төмендегі міндеттердің  орындалуы ұйғарылады: 
–  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  мəселелерді  заңнама  қағидаларының 
сақталуын  қадағалап  орындауға,  құқықтық  мəдениет  пен  құқықтық  сана-сезім  деңгейін 
көтеруге, университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына белсенділік сипатын  
беруге бағытталған ауқымды ағарту шараларын ұйымдастыру жəне өткізу арқылы ОПҚ мен 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 215-беті 
 
215 
 
қызметкерлерге, білімгерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру жəне 
дамыту,  сыбайлас  жемқорлықтың    қандай  да  болмасын  көріністерін  қабылдамайтын,  сынға 
алатын ашық түрде жақтырмайтын жағдай туғызу; 
–  университеттің  құрылымдық  бөлімдерінің  қызметінің  ашық  жəне  жариялылық 
жағдайларында  жəне  университет  стратегиялық  міндеттерінің    орындалуын  бақылау  жəне 
құрылымдық  бөлімдердегі  «сыбайлас  жемқорлық»  көрінісін  анықтау  үшін  сыбайлас 
жемқорлық  қатерлерін  алдын  алу  жəне  азайту  мақсатымен  өткерілетін  оқу-тəрбие,  ғылыми 
жəне ұйымдастыру-əдістемелік жұмыстардың тиімділігі мен нəтижелік деңгейін көтеру; 
–  сыбайлас  жемқорлыққа  қатысы  бар  қызметкерлерді  анықтау,  оларға  тыйым  салу 
мақсатында  қатаң  жауапкершілікке  тарту.  Сыбайлас  жемқорлықтың  ұжымда  орын  алу 
жағдайлары мен себептерін анықтай отырып қолайлы, қатерлі тұстарын түзету, оның алдын-
алу шараларын, құқықтық сана-сезім деңгейін көтеру; 
–  сыбайлас  жемқорлықтың  ұжым  арасында  терең  сипат  алуына  тосқауыл  жасау 
мақсатында  құрметті 
атақтар 
мен 
лауазымды  қызметтер 
атқаруына  қарамастан 
жауапкершілікке тарту; 
–  сыбайлас  жемқорлыққа  қатысы  бар  қызметкерлерге  құқық  қорғау  органдарынан 
келіп  түскен  хабарламаларға  сүйене  отырып,  қатаң  шаралар  қолдану  (жұмыстан  шығару, 
мемлекеттік  құқықтық  органдарға  жолдау  жəне  т.б.)  жəне  ол  қызметкер  жұмыс  істейтін 
құрылымдық бөлім, басшыларын да тікелей жауапкершілікке тартуды қарастыру;  
–  қызметкерлерге  сыбайлас  жемқорлыққа  қатысқан  жағдайда,  өздерінің  қатаң 
жазаланатындарын  білетіндей үздіксіз ахуал қалыптастыру. 
 
3  Сыбайлас  жемқорлыққа  жағдай  туғызатын  құқық  бұзушылықтар  үшiн 
жауапкершiлiктер 
1.  АƏИУ-дің  қызметкерлерінің,  оқытушы-профессорлар  құрамының,  білімгерлерінің 
жəне оқу-көмекші қызметкерлерінің  құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық 
жазаланатын  əрекеттiң  белгiлерi  болмаса,  қызметiнен  төмендетуге,  ал  төмен  тұрған  бос 
лауазым  болмаған  жағдайда,  заңда  белгiленген  тəртiппен  қызметіне  толық  сəйкес  еместігі 
туралы ескерту түрiнде ҚР еңбек Кодексі нормаларына сəйкес тəртiптiк жаза қолдануға əкеп 
соғады. 
2.  Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тəртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн, бiр жылдың 
iшiнде  аталған  құқық  бұзушылықтардың  кез  келгенiн  қайталап  жасау,  заңда  белгiленген 
тəртiппен қызметiнен босатуға немесе өзіне жүктелген мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде 
босатуға əкеп соғады. 
3.  АƏИУ-дің қызметкерлерінің, оқытушы-профессорлар құрамының, білімгерлері жəне 
оқу-көмекші  қызметкерлерінің  құқық  бұзушылықтарды  жасауы,  егер  онда  қылмыстық 
жазаланатын  əрекет  белгiлерi  болмаса,  заңда  белгiленген  тəртiппен  қызметiнен  босатуға 
немесе қызметтік нұсқауда бекітілген қызметтерді орындауын тоқтатуға əкеп соғады. 
4.  АƏИУ-дің  қызметкерлерінің,  оқытушы-профессорлар  құрамының,  білімгерлерінің 
жəне  оқу-көмекші  қызметкерлері  қандай  да  болсын  құқық  бұзушылықтарды  жасауы 
жөніндегі ақпарат, егер онда қылмыстық жазаланатын əрекеттiң белгiлерi болса, университет 
басшылығы мемлекеттік құқықтық органдарға жолдауға міндетті. 
5.  Сыбайлас 
жемқорлыққа 
қатысты 
құқық 
бұзушылықтар 
немесе 
сыбайлас 
жемқорлыққа жағдай туғызатын іс-қимыл жасаған тұлға анықталған жағдайда, тəртiптiк жаза 
терiс  қылықтың  жасалғаны  анықталған  күннен  бастап,  ҚР  қолданыстағы  заң  нормаларына 
сəйкес жүзеге асырылады. 
6.  Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат 
хабарлаған  адамдарға  төмендегідей  жауаптылық  белгіленеді:Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
күрес  мəселелерi  жөнiндегi  комиссияға  АƏИУ  қызметкерлері,  оқытушы-профессорлар 
құрамы,  білімгерлері  жəне  оқу-көмекші  қызметкерлері  жөнінде  сыбайлас  жемқорлық  пен 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 216-беті 
 
216 
 
құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған университет персоналы 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл комиссиясының ұсынуы бойынша тəртiптiк ретпен 
қызметiнен босатылады немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан шеттетіледі. 
 
4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті  жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен 
жолдары 
АƏИУ-дің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  Ережесіндегі  мақсаттар  мен 
міндеттерді орындау үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру көзделеді:  
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы жұмысын ұйымдастыру;  
2) факультеттер  мен  құрылымдық  бөлімдерде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс  қимыл 
шараларын жүргізіп отыратын белсенді жұмысшы топтарын құру; 
3) Ережені жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын əзірлеу; 
4) жемқорлық  жəне  басқа  да  құқық  бұзушылықтар  туралы  мəліметтерді  жинау 
мақсатында  барлық  оқу  ғимараттарында    хабарламалар,  арыз-шағымдар  салуға  арналған 
сенім жəшіктерін орнату; 
5) университет əкімшілігі, іс-қимыл комиссиясы төрағасы мен мүшелері айына бір рет, 
кестеге сəйкес азаматтарды жеке қабылдау жұмысын жүргізуді ұйымдастыру; 
6) оқу  ғимараттарында,  деканаттарда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  ұйымдастырылған 
іс-шаралар жайлы мəліметтерді жария ету, стендтер əзірлеу; 
7) университет  басшылығының  келісімімен  қабылдау  комиссияларының  жұмысын 
жəне  бакалавриат,  магистратураға  қабылдау  үдерістерінің  ережеге  сəйкес  жүргізілуін 
бақылау, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, сессия барысында аралық бақылау, емтихандарды 
тапсыру барысының  ережеге сай өтуін бақылауға алу;  
8) деканаттар  тарапынан  жатақханалардағы  орындарды  бөлу,  студенттер  мен  ата-
аналар арасында жариялық, ашықтық принциптерінің орындалуын бақылауға алу;   
9) университетке  бюджеттік  жəне  басқа  да  қызмет  көрсету  салаларынан  түскен 
қаржылардың  жоспарланған  бағытта  жұмсалуы  мен  мерзімді,  тиімді  игерілуін,  тауарлар 
сатып  алу  жəне  басқада  қаржылық  аударымдар  бойынша  тиімсіз  пайдалануға,  қаржылық 
тəртіптің бұзылуына жол бермеу жəне алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл комиссиясының қоғамдық бақылауын орнату; 
10)  жастар  комитетімен  бірлесіп,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  акцияларын 
өткізу; 
11)  Этикалық жəне тəртіптік комиссиясының жұмысын жандандыру;    
12)   «Таза сессия» жəне тағы басқа тақырыптық шаралар ұйымдастыру. 
 
5  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  комиссиясының  функциялары  мен 
өкiлеттiктерi жəне оның жұмысын ұйымдастыру 
1.  АƏИУ-дің  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  комиссиясы  (бұдан  əрi  - 
Комиссия)  университеттің  алқасы  жанындағы  консультативтiк-кеңесшi  орган  болып 
табылады.  
2.  Комиссияның  мiндеттерi  сыбайлас  жемқорлыққа  жəне  университет  ОПҚ  мен 
қызметкерлерінің  қызмет  этикасын  бұзуына  қарсы  күрестi  күшейтуге,  олардың 
жауапкершiлiк  деңгейiн  арттыруға  бағытталған  келiсiлген  шараларды  талдап-жасау  мен 
қабылдау болып табылады.  
3.Комиссия  өз  қызметiнде  Қазақстан  Республикасының   Конституциясын,    сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.  
4.  Комиссия  төрағадан,  оның  орынбасарларынан,  техникалық  хатшыдан  жəне 
комиссияның өзге де мүшелерiнен тұрады.  
5. Комиссияның дербес құрамын университет ректоры бекiтедi.  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 217-беті 
 
217 
 
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы мынадай функцияларды жүзеге 
асырады:  
–  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  бағдарламасын,  соның  iшiнде  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  заңнаманы,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестiң  нысандары  мен 
əдiстерiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдап, университет басшылығына ұсыну;  
–  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестiң  жай-күйiне,  университет  ОПҚ  мен 
қызметкерлерінің  қызмет  этикасын  бұзушылықтарына  жұмысшы  тобының  мəліметтері  мен 
ақпараттарына сəйкес мониторинг жүргiзу жəне талдау жасау;  
–  жауапты 
лауазымдарды 
атқаратын 
адамдар 
жол 
берген 
сыбайлас 
жемқорлық  құқық  бұзушылық  фактiлерi,  университет  ОПҚ  мен  қызметкерлерінің  этиканы 
бұзушылығы  туралы  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  арыз-өтiнiштерiн,  сондай-ақ 
бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды қарау, айына 1 рет жеке азаматтарды 
қабылдау  мен  қоғамдық  қабылдаулар  өткізу,  сонымен  қатар  тəртiптiк  жазалар  қолдануға 
уəкiлеттiк берiлген адамдарға қызметтiк тексеру жүргiзу туралы ұсынымдар дайындау.  
7. Комиссия өз құзыретi шегiнде құқылы:  
–  өзiне 
жүктелген 
мiндеттердi 
орындауға 
қажеттi 
ақпаратты, 
құжаттар 
мен материалдарды сұратуға;  
–  университеттің  басқарушы  лауазымды  тұлғаларынан  жазбаша  түсiнiктемелерiн 
талап етуге  жəне олардың ауызша түсiнiктемелерін тыңдауға;  
–  өз отырыстарында құрылымдық бөлім басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл бағдарламасының орындалуы мəселелерi жөнiндегi ақпаратын тыңдауға;  
–  университет 
басшылығына 
ҚР 
Сыбайлас 
жемқорлыққа 
қарсы 
күрес  туралы Заңын орындауды  қамтамасыз  етпеген,  сыбайлас  жемқорлық  құқық 
бұзушылығын  жасаған,  сондай-ақ  қызмет  этикасы  ережелерiн  бұзушылыққа  жол  берген 
лауазымды тұлғалардың тəртiптiк жауаптылығы туралы, тiптi оларды атқаратын қызметiнен 
босатуға дейiн, ұсыныстар енгiзуге;  
8.Комиссия 
шешiмдерi 
отырысқа 
қатысушылардың 
жалпы 
санының 
көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi 
роль атқарады.  
9.  Комиссия  өз  жұмысына  комиссия  мүшелерi  болып  табылмайтын  мамандарды, 
сарапшыларды,  баспасөз,  қоғамдық  ұйымдар  жəне  саяси  партиялар,  басқа  ұйымдар 
өкілдерін,  жеке  жəне  лауазымды  тұлғаларды  тарта  алады,  сондай-ақ  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының өкiлдерi де шақырылуы мүмкiн.  
10. Комиссия төрағасының қызметі:  
1) Комиссия қызметiне басшылық жасайды;  
2) Оның отырыстарында төрағалық етедi;  
11. Төраға болмаған жағдайда, оның мiндеттерiн төрағаныңорынбасары атқарады.  
12. Комиссияның техникалық  хатшысының қызметтері:  
1)  Комиссия  мүшелерiн  Комиссия  отырысының  өтетін  мерзімі  мен  орны 
туралы хабардар етедi,  
2) Комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;  
3) Комиссия отырыстарының хаттамасын жүргiзедi;  
4) 
Комиссия 
шешiмдерiнiң 
орындалуын 
ұйымдастырады, 
əрi 
бақылау 
жасайды;  
5)  Комиссия  төрағасының  тапсырмасы  бойынша  өзге  дефункцияларды  жүзеге  асыра-
ды.  
13. Университеттің барлық құрылымдық бөлім басшылары Комиссияжүктеген мiндет-
тердiң орындалуына көмек көрсетуге мiндеттi.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет