ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 49-беті
49
29.Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтауды жəне даулы
мəселелерді шешуді қамтамасыз ету, кешенді тестілеуге қатысушылардың құқығын қорғау
мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия
(бұдан əрі – Республикалық апелляциялық комиссия) жəне əрбір базалық жоғары оқу
орнында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия кешенді тестілеудің нəтижелерімен жəне/немесе тест
тапсырмаларының мазмұнымен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.
Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру
саласындағы уəкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
30.Апелляциялық комиссияның төрағасы оның мүшелерінің арасынан білім беру
саласындағы уəкілетті органның бұйрығымен бекітіледі, ал оның құрамын кешенді тестілеуді
ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы бекітеді.
31.Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан тест тапсырмаларының
мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды жəне қарайды,
Республикалық апелляциялық комиссияға тұлғаға балдар қосу туралы ұсыныс енгізеді жəне
оны апелляцияның қорытындылары туралы хабардар етеді.
32.Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия
төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер
бойынша өтініштер кешенді тестілеу нəтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-
ге дейін қабылданады жəне апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады. Өтініш
берушінің өзімен бірге оның жеке басын куəландыратын құжаты, тестілеуге жіберу
рұқсаттамасы болуы керек.
Апелляциялық комиссия əр тұлғамен жеке тəртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық
комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Апелляциялық
комиссияның
жұмысын
апелляциялық
комиссияның
төрағасы
басқарады.
33.Тестілеудің нəтижесімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия
мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған
жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады. Апелляциялық
комиссияның жұмысы төрағаның жəне комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған
хаттамамен ресімделеді.
34. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның тұлғаға балдар
қосу туралы ұсынысының негіздемесін қарайды жəне шешім қабылдайды.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы
санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауысы
шешуші болып табылады.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі төраға жəне барлық комиссия
мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Жоғары оқу орындарына қабылдау
35.Студенттер қатарына қабылдауды университет қабылдау комиссиясы 10-28 тамыз
аралығында өткізеді.
Оқуға түсушілер университет қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен
бірге жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік (бастауыш жəне орта кəсіптік, орта білімнен
кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжатын (түпнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін,
086-Унысанындағы медициналық
анықтаманы,
ҰБТ
немесе
кешенді
тестілеу
сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куəлікті (бар болса) қоса
береді.
Техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 50-беті
50
жəне мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар келесі құжаттардың
бірін:
1) еңбек кітапшасын;
2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған (бар болса)
қызметтік тізімді (жұмысшының жұмысы, еңбек қызметі туралы мəліметтер тізбесі);
3) жұмысшының еңбек қызметі туралы мəліметтерді қамтитын мұрағаттық
анықтаманы қоса береді.
Егер жалпы орта немесе техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы
құжаттары бартұлғалар кешенді тестілеу, сондай-ақ қайта кешенді тестілеу нəтижесі
бойынша 50 балдан кем, оның ішінде бейінді пəннен 7 балдан кем жəне қалған пəндерден 4
балдан кем алған жағдайда күндізгі оқу нысаны бойынша бірінші академиялық кезең
аяқталғанға дейін ақылы негізде шартты тыңдаушы ретінде қабылданады.
Шартты қабылдауға тыңдаушы ретінде үміткер тұлғалар университет қабылдау
комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта немесе техникалық жəне
кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (түпнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6
фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, кешенді тестілеу немесе
қайта кешенді тестілеу сертификатын қоса береді.
Қосымша кешенді тестілеу нəтижесі бойынша белгіленген шекті балды алған
жағдайда шартты қабылданған тыңдаушылар университет ректорының атына ақылы
негізде университетке оқуға қабылдау туралы өтініш береді. Өтінішке қосымша кешенді
тестілеу сертификаты мен уəкілетті тұлғаның қолы қойылған жəне мөрмен расталған
транскрипт көшірмесі қоса беріледі.
36.Білім беру грантын тағайындау туралы куəлік алған тұлғалар куəлікте көрсетілген
жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді жəне жоғары оқу орны ректорының
бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
Шығармашылық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куəлік
иегерлері өздері арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған жоғары оқу орындарына
қабылданады.
37.Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нəтижелері бойынша
мынадай пəндерден: мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы,
математика жəне таңдау пəнінен кемінде 70 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы
ғылымдары» жəне «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша кемінде 60 балл,
басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша
кемінде 65 балл, оның ішінде бейінді пəннен кемінде 7 балл (əрбір шығармашылық емтихан
бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пəндерден кемінде 4 балл жинаған, ҰБТ-дан өткен
жалпы орта білім беру ұйымдарын ағымдағы жылы бітірушілер, кешенді тестілеуге
қатысушылар қабылданады.
38.ҰБТ немесе кешенді тестілеу шеңберінде тапсырылған пəндердің біреуінен 4 балдан
кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын
тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді.
Оқуға қабылдау мамандықтар мен тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі.
Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар
бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.
Педагогикалық мамандықтарға қабылдау арнайы емтиханның нəтижелерін есепке ала
отырып жүргізіледі
39.Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдесе, ол
құжаттарының сол банкте қарастырылып жатқандығы туралы тиісті анықтаманы ұсынған
жағдайда университеттің студенті қатарына қабылданады.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 51-беті
51
Бұл ретте оған білім беру кредитін ресімдеу кезеңінде білім беру қызметін
көрсету шартында белгіленген жəне азаматты оқуға қабылдауға дейінгі төлеуге жататын
соманы төлеу мерзімін ұзарту ұсынылады. Бірақ ол банктен анықтама алған сəттен бастап
төрт аптаға жарамды.
40.Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды
куəландырылған аудармасы болуы тиіс.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар тұлғалар оқуға
қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тəртіппен
нострификациялау рəсімінен өтеді.
41.Университет білім беру саласындағы уəкілетті органға белгіленген нысан бойынша
жəне белгіленген мерзімде ақпарат ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейін он күндік мерзімде
қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау
туралы бұйрықтардың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері
куəліктерінің түпнұсқасын жəне университетке келмеген тұлғалардың мəліметтерін (Т.А.Ə.,
мамандығы) ұсынады.
42.«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында» регламенттелмеген мəселелерді
университет қабылдау комиссиясыдербес түрде шешеді.
2.2 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ МАГИСТРАТУРА БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОҚУҒА
ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1 Жалпы ережелер
1.Осы
Білім
алушыларды
магистратура
бағыты
бойынша
оқуға
қабылдау
ережелері(бұдан əрі - Ережелер) «Жоғары білім берудің кəсіптік оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына», "Білім туралы"
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сəйкес əзірленді жəне
азаматтарды Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті (бұдан əрі университет)
магистратурасынақабылдаудың тəртібін айқындайды.
2.Университет
магистранттарының
контингентін
қалыптастыру
ғылыми
жəне
педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру,
сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты жəне басқа да көздер есебінен оқу ақысын төлеуі
арқылы жүзеге асырылады.
Егер азамат білім беру деңгейлерінің əрқайсысында бірінші рет білім алатын болса,
Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік білім беру тапсырысына сəйкес
конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы беріледі.
Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар егер осы
деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, олар жоғары оқу орнынан кейінгі білімді
мемлекеттік білім беру тапсырысына сəйкес конкурстық негізде тегін ала алады.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сəйкес конкурстық негізде тегін
жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарымен айқындалады.
3.Университет
магистратурасына
азаматтарды
қабылдау
түсу
емтихандардың
қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
4.Магистратураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау күніне дейін он бес күнтізбелік күннен
кешіктірілмей жарияланады.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 52-беті
52
5.Мақсатты түрде даярлау шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша
оқуға үміткер азаматтардың өтініштерін қабылдау магистранттарды даярлауды жүзеге
асыратын базалық ЖОО-да (бұдан əрі - базалық ЖОО) жүзеге асырылады.
6.Университет магистратурасына оқуға түсушілердің өтінішін қабылдау 10 шілдеден
30 шілдеге дейін жүргізіледі.
Магистратураға қабылдау емтихандары 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25
тамызға дейін жүргізіледі.
2 Білім алушыларды магистратура бағыты бойынша оқуға қабылдау тəртібі
Магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тəртібі
7.Магистратураға, резидентураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген
азаматтар қабылданады.
8.Университетте құжаттарды қабылдау жəне түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру
үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы университет
ректоры болып табылады.
Қабылдау комиссиясының құрамы университет ректоры бұйрығымен бекітіледі.
9.Шетелдік білім беру ұйымдарында білім туралы құжаттарды алған адамдар
университет магистратурасына түсу үшін алған білім деңгейлеріне жəне даярлау бейініне
сəйкес білімдері туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау рəсімінен өтулері
қажет.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан
Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберінде танылады.
10.Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
1) университет ректорының атына өтініш;
2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
3) осы Ережелердің 12-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест
тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы жəне еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек
өтілі бар тұлғалар үшін);
5) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
7) жеке куəлігінің көшірмесі;
8) ғылыми жəне ғылыми-əдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).
Сонымен қатар, осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері жəне салыстыру
үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар
қайтарылады.
Түсу емтихандарын өткізу тəртібі
11.Магистратураға түсуші тұлғалар түсу емтихандарын:
1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс, араб тілін білу талап
етілетін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);
2) мамандық бойынша тапсырады;
12.Мынадай емтихандар бойынша:
- ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm
(TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing
Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл -
кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде
6.0);
- неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1
деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 53-беті
53
- француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу жəне тындалым секциялары
бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі),
Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais
(TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне
(стандарттарына) сəйкес Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар
Қазақстан Республикасының азаматтары магистратурағашет тілі бойынша түсу емтиханынан
босатылады.
13.Магистратураға түсу емтихандарын өткізу кезінде университетте мамандықтар
бойынша емтихан комиссиялары құрылады.
14.Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми
дəрежесі бар университет қызметкерлерінен қалыптастырылады.
Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы төраға жəне үш мүшеден тұрады,
оның екеуі ғылым докторы болуы керек.
Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы университет ректорының
бұйрығымен бекітіледі.
15.Мамандық бойынша емтихан өткізу кезеңде базалық ЖОО-ға бақылаушы ретінде
білім беру саласындағы уəкілетті органның өкілдері жіберіледі.
16.Университет емтихандарды өткізуге күнтізбелік жиырма күн қалғанға дейін білім
беру саласындағы уəкілетті органға мамандықтар бойынша түсу емтихандарын өткізудің
кестесін жібереді.
17.Мемлекеттік, орыс жəне шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан
Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы əзірлеген
технология бойынша өткізіледі.
18.Мемлекеттік, орыс жəне шет тілдері бойынша түсу емтихандары білім беру
саласындағы уəкілетті орган белгілейтін базалық ЖОО-ларда өткізіледі.
19.Ағымдағы жылы түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
20.Бірыңғай талаптарды сақтауды жəне даулы мəселелерді шешуді қамтамасыз ету
мақсатында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия жəне университетте
апелляциялық комиссия құрылады.
Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру
саласындағы уəкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. Университет апелляциялық
комиссияның құрамы университет ректорының бұйрығымен бекітіледі. Апелляциялық
комиссия түсу емтихандарының нəтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау
үшін құрылады.
21.Апелляциялық
комиссия
магистратураға
түсуші
тұлғалардан
емтихан
материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді
қабылдайды
жəне
қарайды.
Апелляциялық
комиссия
мамандық
бойынша
түсу
емтихандарының нəтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім
қабылдайды.
Апелляциялық комиссия мемлекеттік, орыс жəне шет тілдері бойынша апелляцияларды
қарау нəтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының
негізділігін қарайды жəне апелляциялық комиссияның ұсынысы түскеннен кейін бір күн
ішінде мемлекеттік, орыс жəне шет тілдері бойынша түсу емтихандарының нəтижелерін
апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.
22.Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия
төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер
бойынша өтініштер түсу емтиханының нəтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат
13.00-ге дейін қабылданады жəне апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір
күн ішінде қарастырады.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 54-беті
54
Апелляциялық комиссия əр тұлғамен жеке тəртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық
комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
23.Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын
куəландыратын құжатты ұсынады.
24.Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының
көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының
дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға жəне барлық
комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
3 Магистратураға оқуға қабылдау
25.Магистранттар қатарына қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы жүзеге
асырады.
26.Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша (тапсырыс берілген жағдайда) оқуға
түсу емтихандарының қосындысында осы Ережелердің қосымшасына сəйкес бағалаудың 100
балдық шəкілі бойынша мынадай ең жоғары балл жинаған адамдар қабылданады:
1) ғылыми-педагогикалық магистратураға кемінде 150 балл;
2) бейінді магистратураға жəне резидентураға кемінде 130 балл, оның ішінде шет
тілінен кемінде 30 балл.
Осы Ережелердің 12-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс)
бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар тұлғаларға бағалаудың 100 балдық
шəкілі бойынша ең жоғары балл қосылады.
27.Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде
басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша
түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс
жəне шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған
мамандығының бейініне сəйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде
рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми əзірлемелер туралы куəліктер;
ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми
конференцияларға жəне конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар
ескеріледі.
28.Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлерді мақсатты даярлауға
тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде
жүзеге асырылады.
29.Мемлекеттік білім беру тапсырысы (тапсырыс берілген жағдайда) бойынша
игерілмеген орындар, оның ішінде мақсатты орындар жоғары оқу орындары арасында
мамандықтар бойынша одан əрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру саласындағы
уəкілетті органға 5 қыркүйекке дейін қайтарылады.
Игерілмеген орындары жəне белгілі бір мамандық бойынша барынша жоғары балл
алған үміткерлері бар жоғары оқу орындарының өтінімдерін қарастыру үшін 10 қыркүйекке
дейін уəкілетті органның комиссиясы құрылады. Комиссия құрамына уəкілетті органның
құрылымдық бөлімдерінің өкілдері кіреді. Комиссия жоғары оқу орындарының өтінімдерін
қарастырады жəне игерілмеген орындарды жоғары оқу орындар жəне мамандықтар бойынша
қайта бөлу туралы шешімді 20 қыркүйекке дейін қабылдайды. Бұл ретте, ең алдымен тиісті
мамандық бойынша қабылдау емтихандарының нəтижелері бойынша барынша жоғары балл
алған үміткерлері бар жоғары оқу орындарының өтінімдері қанағаттандырылады. Аталған
мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, қайта бөлу мамандықтар топтарының
ішінде жүзеге асырылады. Комиссия шешімінің негізінде 30 қыркүйекке дейін уəкілетті
органның тиісті бұйрығы шығарылады.
30.Университет білім беру саласындағы уəкілетті органға күнтізбелік он күн ішінде
қабылдауды ұйымдастыру жəне өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
Достарыңызбен бөлісу: |