Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



Pdf көрінісі
бет16/32
Дата31.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#10991
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32

 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 106-беті 
 
106 
 
Білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау –  академиялық  кезең  ішінде,  кестеге 
сəйкес  оқытушылар  өткізетін  аудиториялық  жəне  аудиториялардан  тыс  сабақтарда 
студенттердің білімін кəсіптік оқу бағдарламасына сəйкес жүйелі түрде тексеру. 
Межелік бақылау – бір оқу пəнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың 
оқу жетістіктерін бақылау; 
Пəн  бойынша  аралық  бақылаудағы  қорытынды  баға  ағымдағы  үлгерім  (60%)  жəне 
емтихан бағасы (40%) ескеріліп, мына формуламен есептелінеді: 
 
4
,
0
6
,
0
2
3
2
1











R
R
R
R
                                                              (1) 
 
Мұндағы,  R  –  қорытынды  баға  немесе  қорытынды  рейтингілік  балл;R
1
,  R
2
  –  білім 
алушының  1-8  жəне  9-15  апта  аралықтарында  жинаған  балы;R
3
  –  емтиханда  100  балдық 
шкала бойынша алған балы. 
Ағымдағы  үлгерім  балы  білім  алушының  1-8 жəне  9-15  апта  аралықтарында  күнделікті 
сабақтардағы (Б
1
), межелік бақылаудағы (Б
2
) жəне СӨЖ (МӨЖ) тапсырмаларын орындағаны 
үшін (Б
3
) жинаған балдарының қосындысы арқылы анықталып, келесі өрнекпен есептеледі: 
 
3
3
2
1
1
Б
Б
Б
R



                                                                          (2)                                             
 
жəне 
   
3
3
2
1
2
Б
Б
Б
R



                                                            (3) 
 
Межелік  бақылау  күндізгі  оқыту  нысандарында  əр  пəн  бойынша  семестрдің  8-ші  жəне 
15-ші апталарында 2 рет, сырттай жəне кешкі оқыту нысандарында 1 рет  өткізіледі. Б
1
, Б

жəне Б
3
-тердің əрқайсысы 100 балдық шкала бойынша бағаланып, төмендегіше есептелінеді: 
1.Пəн  бойынша  күнделікті  сабақтардың  барлық  түріндегі  (практикалық,  зертханалық, 
семинар,  ОБСӨЖ  не  ОБМӨЖ)  білім  алушының  белсенділігі,  білімі  əр  апта  сайын  100 
балдық  шкаламен  бағаланады.  Б
1
–  білім  алушының  1-8  жəне  9-15  апта  аралықтарында 
жинаған балының арифметикалық орташа мəні. 
2.Білім  алушының  орындаған  əрбір  СӨЖ  (МӨЖ)  тапсырмасы    100  балдық  шкаламен 
бағаланады.  Б
2
  –  білім  алушының  1-8  жəне  9-15  апта  аралықтарында  СӨЖ  (МӨЖ) 
тапсырмаларын орындауда жинаған балының арифметикалық орташа мəні. 
3. Б
3
 – білім алушының межелік бақылауда 100 балдық шкаламен жинаған балы. 
Бұл жүйені магистранттардың, күндізгі, кешкі жəне сырттай оқыту нысандарында білім 
алатын студенттердің ағымдық үлгерімдерін есептеу үшін қолдануға болады.   
 
2.3 Емтихандарды ұйымдастыру жəне өткізу  
2.3.1 Емтихан сұрақтарын дайындау 
1. Пəн бойынша емтихан сұрақтарының жалпы саны 45-тен кем болмауы тиіс.  
2.  Емтихан  билетіндегі  сұрақтардың  жалпы  саны  3-тен  кем  емес.  Емтихан 
сұрақтарының санын анықтау барысында жазбаша жұмыс уақыты ескерілуі тиіс (120 минут).  
3. Емтихан сұрақтары білім беру нəтижелерін бағалауға бағытталуы тиіс.  
4.  Емтихан  сұрақтары  түйінді  күтілетін  нəтижелердің  шектеулі  санын  бағалауға 
бағытталған болуы тиіс.  
5. Емтихан сұрақтарының 2/3 теориялық жəне 1/3 практикалық білім беру нəтижелерін 
бағалауға бағытталуы тиіс.  
6.  Жазбаша  жұмыс  нəтижесін  бағалаудың  100  ұпайдың  50  ұпайы  теориялық  жəне  50 
ұпайы практикалық білім беру нəтижелерін бағалауға бөлінеді. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 107-беті 
 
107 
 
7.  Теориялық  жəне  практикалық  сұрақтардың  күрделілігі  білім  беру  деңгейіне 
(тыңдаушылар, 
бакалавриат, 
интернатура, 
резидентура, 
магистратура 
жəне 
PhD 
докторантура) сəйкестестендірілуі тиіс.  
8.  Емтихан  сұрақтары  блок  бойынша  (блоктар  саны  емтихан  билетіндегі  сұрақтар 
санына тең) автоматтандырылған жүйеге пəн лекторы тарапынан енгізілуі тиіс.  
2.3.2 Емтихандарды ұйымдастыру жəне өткізу 
1.Емтихандар  жазбаша,  шығармашылық  жəне  орталықтандырылған  тест  түрінде 
өткізіледі. 
2. Емтиханның өткізілу түрі мен реті академиялық мерзім басталғаннан бір айдан кеш 
емес уақыт ішінде факультет кеңесінде айқындалады. 
3.  Пəн  бойынша  емтиханға  екі  аралық  бақылау  нəтижесінде  (1-ші,  2-ші  аралық 
бақылаудың  арифметикалық  орта  мəні)  50  балдан  кем  емес  ұпай  жинаған,  төлемақыдан 
(ақылы  оқитындар  үшін)  қарызы  жоқ,    академиялық  демалыста  жүрмеген  білім  алушылар 
декан өкімімен жіберіледі.  
4. Курстық жұмыстарын орындап, оң бағаға қорғап шықпаған білім алушылар сол пəн 
бойынша емтиханға жіберілмейді.  
5.  Емтихан  өтілетін  аудиторияларды  дайындау,  емтихан  кезінде  оқытушылар 
кезекшілігін ұйымдастыру, тəртіп пен тыныштықтың сақталуын қамтамасыз ету т.б. қажетті 
шараларды ұйымдастыру факультет декандарына жүктеледі. 
6.  Емтихан  сессиясының  өту  барысын  қадағалауды  жəне  мониторинг  жасауды 
факультет  декандары  мен  орынбасарлары,  жастар  комитеті  өкілдерінен  құралған    комиссия 
атқарады. 
7.  Офис  регистратор  қызметі  білім  алушылардың  емтихан  тізбелерін  дайындап 
шығарады. 
8.  Декан  орынбасары  Офис  регистраторқызметкерінің  қатысуымен,  емтиханға  бір  күн 
қалған  мерзімде,  пəндер  бойынша  емтихан  билеттеріндайындатып,  арнайы  хатқалталарға 
салып, мөрлеп бекітеді. 
9.  Емтихандарды  аталған  пəн  мен  мамандықтың  өкілдері  болып  табылмайтын 
оқытушылар  құрамынан,  ең  кемі  екі  адамнан  тұратын,  емтихан  комиссиясының 
бақылауымен өткізілуі деканат тарапынан қамтамасыз етіледі. 
10.  Білім  алушылардың,  бекітілген  кестеге  сəйкес,  емтиханға  келулерін  факультет 
деканаттары қамтамасыз етеді. 
11.  Емтихан  басталуға  15  минут  қалған  кезде  емтихан  қабылдаушылар  білім 
алушылардың  сынақ  кітапшаларын  тексереді  жəне  олардың  аудиторияда  біркелкі  отыруын 
қамтамасыз етеді. Емтиханның басталу жəне аяқталу мерзімдері тақтаға жазылады. 
12.  Емтиханға  берілген  уақыт  (120  минут)  аяқталған  соң,  емтихан  қабылдаушылар 
емтихан 
жұмыстарын 
жинап 
алып, 
шифрлау 
жұмыстарын 
атқару 
үшін 
Офис 
регистраторқызметкеріне тапсырады. 
13.  Емтиханда  кітап,  дəптер,  шпаргалка,  ұялы  телефон,  басқа  да  электронды 
құрылғыларды  пайдалануға,  басқалармен  сөйлесуге,  хат  жазысуға,  себепсіз  емтиханға 
кешігуге тыйым салынады. 
14.  Емтихан  комиссиясы  аталған  ережелердің  қатаң  сақталуына  жауапты  болып 
табылады. 
15.  Тəртіп  бұзған  білім  алушыға  емтихан  комиссиясыакт  толтырып,  оның  жазбаша 
жұмысын  алып,  өзін  емтиханнан  шығарады.  Емтихан  тізбесіне  «0»  балл,  «F» 
(«қанағаттанарлықсыз») баға қойылады. 
16.  Сессия  кезінде  тəртіпті  қайталап  бұзып,  екінші  рет  емтиханнан  шығарылған  білім 
алушыға,  факультет  деканының  ұсынысымен,  университеті  білім  алушысының  Ар-намыс 
кодексі тараптарына сəйкес университеттен шығаруға дейін тəртіптік шаралар қолданылады.   

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 108-беті 
 
108 
 
17.  Офис  регистраторқызметкері  жазбаша  жұмыстарды  шифрлау  барысында  əр 
жұмысқа  мұқият  қарап,  арнайы  шартты  белгілердің  жоқ  екеніне  көз  жеткізуі  керек.  Күмəн 
тудырған  жұмыстар  бөлек  алынып,  оларға  акт  толтырылады.  Шифрлау  кезінде  актімен 
алынған  жұмыстарды  Офис  регистраторқызметкері  емтихан  комисиясына  тапсырады.  Акт 
комиссия  шешімімен  бекітілген  соң,  білім  алушыға  пəн  бойынша  «0»  балл,  «F» 
(«қанағаттанарлықсыз») баға қойылады. 
18.  Егер  емтихандар  өткізу  ережесін  бұзу  фактілері  емтихан  қабылдаушылар,  Офис 
регистратор, декан орынбасарлары жəне басқа да жауапты қызметкерлер тараптарынан орын 
алса,  оқу  жəне  инновациялық  технологиялар  жөніндегі  проректор  тəртіп  бұзудың  қашан, 
қайда,  кімдер  жағынан  қандай  мазмұнда  орын  алғандығы  жайлы  мəлімдеме  жазып, 
құжаттарды университеттің ректорынаұсынады. 
2.3.3 Емтихан жұмыстарын тексеру 
1.  Емтихандық  жазбаша  жұмыстарды  кафедра  меңгерушісінің  өкімімен  бекітілген  пəн 
комиссиясы тексереді.  
2.  Тексеру  бейнекамералармен  жасақталған  арнайы  аудиторияда  немесе  кабинетте 
жүзеге асырылады. 
3.  Емтихан  жұмыстарын  тексеру  орнына  емтихан  комиссиясы  мүшелерінен  басқа  
адамдардың қатысуына қатаң тыйым салынады. 
4.  Пəн  оқытушысы  (лектор)  емтихан  жұмыстарына  бағалау  шкаласын    академиялық 
мерзім басында дайындап, силлабуста көрсетеді. Емтиханға келген білім алушының бағалау 
шкаласы туралы толық мағлұматы болуы керек. 
5. Емтихан жұмыстарын бағалау 100-балдық жүйеде жүзеге асырылады. Ол үшін білім 
алушының берген жауабының толықтығы есепке алынады:  
 
Баға 
Критерии 
Өте жақсы  
A4.0095-100 
A -3.6790-94 
 
1. Барлық теориялық сұрақтарға дұрыс жəне толық жауаптар 
берілген;  
2. Практикалық есептер толық шығарылған;  
3.  Материал  сауатты,  логикалық  байланыстарды  сақтай 
отырып берілген;  
4. Шығармашылық қабілеттері көрсетілген.  
Жақсы  
B+3.3385-89 
B3.0080-84 
B-2.6775-79 
 
1.  Теориялық  сұрақтарға  жауап  дұрыс,  бірақ  толық  емес, 
кейбір маңызды емес қателіктер мен ауытқулар бар;  
2.  Практикалық  есептер  шығарылған,  бірақ  біршама 
қателіктер бар;  
3.  Материал  сауатты,  логикалық  байланыстарды  сақтай 
отырып берілген.   
Қанағаттанарлық 
C+   2.33   70-74 
C     2.00   65-69 
C-   1.67    60-64 
D+  1.33    55-59 
D1.0050-54 
1.  Теориялық  сұрақтарға  берген  жауаптары  жалпы  дұрыс, 
бірақ  толық  емес,  сипаттамада  жəне  логикада  қателер 
жіберілген;  
2.  Практикалық  есептер  шығарылған,  бірақ  толық  емес,  əрі 
қателер орын алған;  
3.  Материал  жалпы  дұрыс  берілген,  бірақ  логикалық 
байланыстар бұзылған.  
Қанағаттанарлықсыз  
F0.000-49 
 
1. Теориялық сұрақтарға жауап қате;  
2. Практикалық есептер шығарылмаған;  
3.  Жауапта  грамматикалық,  терминологиялық,  қателер  бар, 
логикалық байланыс жоқ.  
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 109-беті 
 
109 
 
6. Жазбаша жұмыстарды тексеру аяқталған соң емтихан жұмыстарын шифрсыздандыру 
үшін шифрлаған Офис регистраторқызметкеріне қайтарылады. 
7.  Емтихан  жұмыстарына  қойылған  бағалар  Офис  регистратор  қызметкері  тарапынан 
электрондық емтихан тізімдемесіне енгізіледі.  
8.  Пəн  бойынша  қорытынды  бағаны  санау  үшін  білім  алушы  екі  аралық  бақылаудың 
нəтижесі бойынша да, емтихандық (қорытынды) бақылау бойынша да оң бағалар алуы қажет. 
Қорытынды  бағаны  санау  мына  формула  бойынша  жүргізіледі:  Қорытынды  баға  = 
(АБ1+АБ2)/2х0,6+ҚБх0,4. 
9.  Емтихан  нəтижелері  электрондық  емтихан  тізімдемесіне  емтихан  аяқталған  соң  48 
сағаттан кешіктірілмей енгізілуі тиіс. 
10.  Қорытынды  оң  бағаны  оқытушы  (лектор)  білім  алушының  сынақ  кітапшасына 
қояды. 
2.3.4 Апелляция 
1.  Егер  білім  алушы  өзіне  қойылған  бағаның  дұрыс  емес  екеніне  сенімді  болса,  онда 
оның  апелляциялық  комиссияның  төрағасына  өтініш  жазуына  болады.  Өтініш  емтихан 
бағасы  автоматтандырылған  жүйенің  электрондық  тізімдемесіне  шыққан  мерзімнен  24 
сағаттан кешіктірілмей келесі жұмыс күні бойында беріле алады. 
2.  Білім  алушы  апелляциялық  өтініш  беру  үшін,  емтиханның  жауап  парағында 
сұрақтың дұрыс тұжырымдалмағандығы немесе сұрақтың пəннің оқу бағдарламасына сəйкес 
емес  екендігі  туралы  жазбаша  қалдыруы  керек.  Ондай  жазбасы  жоқ  жұмыстар  бойынша 
апелляцияға берілген өтініш комиссия тарапынан қарастырылмайды. 
3.  Мамандықтары  емтихан  алынатын  пəнге  сəйкес  келетін  оқытушылардан, 
университет  ректорының  бұйрығымен,  емтихан  сессиясы  мерзіміне  тағайындалған 
апелляциялық комиссия 24 сағат ішінде апелляциялық өтінішті қарап, бағаны өзгерту немесе 
өзгеріссіз  қалдыру  жайлы  шешім  қабылдайды  жəне  апелляциялық  комиссия  отырысының 
хаттамасын толтырады.  
4.  Апелляциялық  комиссия  өз  шешімін  білім  алушының  жазбаша  жұмысын 
комиссиялық  құрамда  қарау  жолымен  шығарады.  Апелляциялық  комиссияның  өзгертілген 
бағасы  университеттің  оқу  жəне  инновациялық  технологиялар  жөіндегі  проректоры  
комиссия хаттамасын бекіткен соң күшіне енеді. 
5.Егер апелляция нəтижесінде білім алушының жазбаша жұмысының бағасы емтиханда 
қойылған  бағадан  да  төмен  деген  шешім  қабылданса,  онда  апелляциялық  комиссия  қойған 
соңғы  баға  күшіне  енеді  жəне  транскриптке  енгізіледі,  əрі  GPA  санау  кезінде  осы  баға 
ескеріледі. 
6.Қанағаттанарлықсыз «F» баға алған білім алушы пəнді қайта оқып шығып, емтиханды 
қайта тапсыруға өтініш бере алады. Қайта оқу жазғы семестр кезінде тек ақылы негізде ғана  
жүзеге асырылады. 
2.3.5 Емтихан тапсыру мерзімінің себепті негіздері 
1.  Егер  білім  алушы  аралық  бақылаулардан  50  балдан  артық  ұпай  жинап,  емтиханға 
құжаттармен дəлелденген себепті жағдайға байланысты қатыса алмай қалса, онда оған қайта 
тапсыруға рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда білім алушы емтихан біткен соң 2 күннен асық 
емес мерзімде себепті  құжаттардың түпнұсқасын тіркей отырып факультет деканына өтініш 
жазады.  
2. Факультет деканы өтініш негізінде білім алушыға жеке емтихан кестесін өкім арқылы 
бекітеді. 
3.  Осы  кесте  негізінде  Офис  регистратор  автоматтандырылған  жүйеде  бағаны  өзгерту 
үшін емтихан парағын жасайды. 
4.  Білім  алушы  Офис  регистратор  қызметкерінің    қатысуымен  өткізілетін  емтиханды 
тапсырған соң, пəн оқытушысы тиісті бағасын қояды. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 110-беті 
 
110 
 
5.  Егер  білім  алушы  жеке  кесте  жасамаса,  немесе  жасалған  кестені  уақтылы 
орындамаса,  онда  Офис  регистратор  қатысуымен  оқытушы  қол  қойған  емтихан  парағы 
негізінде «F» «қанағаттанарлықсыз» бағасын қояды.  
 
2.4 Компьютерлік тестілеу емтихандарын ұйымдастыру жəне өткізу 
 
   2.4.1 Жалпы ережелер 
1. Компьютерлік тестілеу емтихандарын талапқа сай ұйымдастырып, өткізу мақсатында 
университет  ректорының  өкімімен  емтихан  комиссиясы,  пəндер  бойынша  апелляциялық 
комиссия тағайындалады. 
2.  Пəндер  бойынша  апелляциялық  комиссия  университеттің  кафедра  меңгерушілері 
құрамынан  тағайындалады  жəне  комиссия  төрағасы  болып  университет  оқу  бөлімінің 
меңгерушісі бекітіледі. 
3.  Компьютерлік  тестілеу  емтихандарының  тапсырмаларын  кафедра  профессор-
оқытушылардың  уақтылы  тіркеуіне,  құрастырған  тапсырмаларының  сапасына  кафедра 
меңгерушілері  тікелей  жауапты.  Факультет  декандары  факультет  тарапынан  кезекшілікке 
тағайындалған  профессор-оқытушылар мен дəріс сабағын жүргізген пəнінен тестілеу өтетін 
профессор-оқытушылардың, 
студенттердің 
компьютерлік 
тестілеу 
емтихандарына 
кешікпеулерін қамтамасыз етулері тиіс.  
4.  Компьютерлік  тестілеу  түрінде  өткізілетін  емтихан  тапсырмалары  кафедра  
мəжілісінде 
талқыланады. 
Тексеріліп, 
талқыланған 
арнайы 
формадағы 
тестілеу 
тапсырмаларының  электрондық  үлгісін  профессор-оқытушылар  «Тестік  тапсырмалар 
паспортының»  көшірмесімен  бірге  емтихан  сессиясынан  1  ай  бұрын  «Ақпараттық  жəне 
инновациялық технологиялар бөліміне»(АжИТБ) өткізулері тиіс. 
5.  Алдыңғы  семестрде  не  оқу  жылында  тіркелген  тестілеу  емтихандарының 
тапсырмалары АжИТБ-ба қайтадан тіркеуден өткізілуі тиіс. 
Тестілеу  емтихандарының  кестесін  негізге  ала  отырып,  офис-регистратор  бөлімі 
емтихан  сессиясының  кестесін  емтихан  басталардан  1,5  ай  бұрын  құрып,  оқу  жəне 
инновациялық технологиялар жөніндегі проректорға бекітуге ұсынады. 
Тестілеу  сұрақтары  АжИТБ-ға  тапсырылғаннан  кейін,  емтихан  өткізілгенше 
өзгертілмейді. 
Студенттер контингенті толық қалыптасқан оқу топтары үшін 1 кредиттік пəн бойынша 
–  200,  2  кредиттік  пəн  бойынша  –  350,  3  кредиттік  пəн  бойынша  –  500,    4  кредиттік  пəн 
бойынша  –  600  сұрақ  дайындалуы  тиіс.  Ал  оқу  тілі  бойынша  толымсыз  топтар  үшін  1 
кредиттік пəн бойынша – 150,  2 кредиттік пəн бойынша – 200, 3 кредиттік пəн бойынша – 
250, 4 кредиттік пəн бойынша – 300 сұрақ дайындауға рұқсат етіледі. 
Тестілеу сұрақтарын дайындауда жабық, тізбектей жəне сəйкестендіру тестілеу түрлері 
қолданылады.  Жабық  түрдегі  сұрақтардың  жауаптары  5-тен,  тізбектей  жəне  сəйкестендіру 
түріндегі сұрақтардың элементтері 3-тен кем болмауы керек. 
6.  Компьютерлік  тестілеу  емтиханы  кезінде  сұрақтардың  40-ы  кездейсоқ  ретпен 
таңдалып, компьютер экранына шығарылады. Əрбір жауап 1 ұпаймен бағаланады. 
Студент: 
36-40 балл жинағанда «өте жақсы» 
29-35 балл жинағанда «жақсы» 
20-28 балл жинағанда «қанағаттанарлық» 
0-19 балл жинағанда «қанағаттанарлықсыз» деген баға алады. 
Емтихан тапсыруға 1 астрономиялық сағат (60 мин) бөлінеді. 
7.  Пəн  ерекшелігіне  сəйкес  компьютерлік  тестілеу  емтиханында  студенттің 
компьютерде  жауап  беретін  сұрақтарының  санын,  бөлінетін  уақытты  азайту  (не  көбейту) 
мəселесі  оқу  жəне  инновациялық  технологиялар  жөніндегі  проректордың  рұқсатымен 
шешіледі. Ол үшін университет Оқу-əдістемелік кеңесі ұсыныс беруі тиіс. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 111-беті 
 
111 
 
8.  Тестілеу  кезінде  студенттің  тестілеу  уақытын,  жауап  берген  сұрақтардың  санын 
компьютер экранында бақылап отыруына мүмкіндік беріледі. 
9.  Компьютерлік  тестілеу  емтиханы  кезінде  əр  компьютерлік  дəрісханада  АжИТБ-ның 
бір  операторы  кезекшілік  етеді.  Ректор,  оқу  жəне  инновациялық  технологиялар  жөніндегі 
проректор,  оқу  бөлімінің  меңгерушісі,  факультет  декандары,  офис-регистратор  тестілеу 
барысын тексеру мақсатында дəрісханаға кіре алады. Өзге тұлғаларға  компьютерлік тестілеу 
емтихандары өтіп жатқан дəрісханаға кіруге рұқсат етілмейді. 
10.  Кезекші  оператор  студенттің  сынақ  кітапшасын,  жеке  басын  растайтын  құжатын 
мұқият тексергеннен кейін дəрісханаға енгізеді. 
11.  Компьютерлік  тестілеу  емтиханы  басталарда  студенттің  аты-жөні  компьютер 
экранындағы  тізімнен  таңдалынады.  Студент  емтиханды  тапсырғаннан  кейін  бағасы  мен 
ұпайы  өзгертіле  алмайтындай  түрде  экраннан  көрсетіледі.  Емтихан  тапсырып  болғаннан 
кейін  студент  тестілеу  емтиханының  атауын,  жинаған  балын,  уақытын  растап  арнайы 
журналға қол қояды.  
12. 
Компьютерлік 
тестілеу 
емтиханына 
студенттің 
байланыс 
құралдарын, 
анықтамалықтарды  алып  кіруіне  рұқсат  етілмейді.  Аталған  заттар  анықталған  жағдайда 
студент  емтихан  комиссиясы  толтырған  акт  негізінде  емтиханнан  шығарылады.  Емтихан 
бағасы ретінде “0” (нөл) қойылады. 
13. АжИТБ тарапынан компьютерлік дəрісханалардағы кезекші операторлар күн сайын 
ауыстырылып тұруы тиіс. 
14.  Инженер-жүйелеуші  компьютерлік  дəрісханаларда  желінің,  компьютерлердің 
ақаусыз жұмыс істеуін қадағалап отырады; 
15.  Тестілеу  емтиханы  өткенненкейін  барлық  компьютердегі  сұрақтар  кері  қайтарыла 
алмайтындай етіп өшіріледі. 
16.  Тестілеу  емтиханы  кезінде  əр  компьютерлік  дəрісханада  1  астрономиялық  сағатта 
(60  мин)  бір  топ  емтихан  тапсырады.  Егер  топ  студенттері  көп  болған  жағдайда 
аудиторияның сыйымдылығына байланысты емтихан тапсыруға 2 сағат уақыт беріледі. 
17.  Факультет  деканы  немесе  декан  орынбасары,  əдіскер  жəне  пəн  оқытушылары 
емтихан  басталғаннан  бастап,  емтихан  тізбелері  дайындалғанға  дейін  Офисрегистратор 
бөлімінде болуы тиіс.   
18.  АжИТБ  компьютерлік  тестілеу  емтихандары  өтетін  дəрісханалары  мен  дəлізінде 
тəртіпті əр факультеттен тағайындалған кезекші профессор-оқытушылар қадағалайды.  
19. Компьютерлік тестілеу емтиханы барысында дұрыс жауабы жоқ, екі не одан да көп 
дұрыс  жауабы  берілген,  қойылымы  қате  сұрақтарды  білім  алушы  жазып  алып,  соңынан 
апелляциялық  арыз  бере  алады.  Апелляциялық  арыздарды  пəндер  бойынша  құрылған 
апелляциялық комиссиялар қарайды. 
20.  «Платон»  автоматтандырылған-ақпараттық  жүйесінде  тестілеу  соңында  студент 
жауаптары  күмəнді  сұрақтар  бойынша  автоматты  түрде  апелляциялық  өтініш  бере  алады. 
Тестілеу  соңында,  программа  жабылғаннан  кейін  апелляциялық  өтініш  беруге  рұқсат 
етілмейді. 
21.  Компьютерлік  сыныпқа  жауапты  оператор  студенттерді  емтиханға  деканат 
тарапынан жіберілген өкім бойынша түгелдеп, емтиханға кіргізеді. 
22. 
Компьютерлік 
тестілеу 
емтиханы 
аяқталғаннан 
кейін 
емтихан 
тізбелеріОфисрегистратор бөлімінде шығарылады. 
23.  Электр энергиясының кенеттен сөнуіне, компьютердің істен шығуы немесе басқа да 
себеппен  емтихандар  өтілмеген  жағдайда,  емтихандар  оқу  бөлімінің  келісімімен  басқа 
мерзімге ауыстырылады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет