Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1


  Компьютерлік  тестілеу  емтихандары  кезіндегі  кезекші-оператордың  міндеті



Pdf көрінісі
бет17/32
Дата31.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#10991
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32

2.4.2  Компьютерлік  тестілеу  емтихандары  кезіндегі  кезекші-оператордың  міндеті 
мен құқықтары  
 
Кезекші-оператор міндетті: 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 112-беті 
 
112 
 
- компьютерлік  тестілеу  емтиханында  білім  алушының  емтиханды  талапқа  сай 
тапсырып, əділ баға алуына; 
- емтиханға білім алушыны жеке куəлігімен, студенттік кітапшасымен кіргізуге; 
- студенттік  не  магистранттық  кітапшасы,  жеке басын  куəландыратын  құжаты  күмəнді 
болған жағдайда емтихан комиссиясына хабарлауға; 
- дұрыс  жауабы  жоқ,  екі  не  одан  да  көп  дұрыс  жауабы  бар,  қойылымы  дұрыс  емес 
тестілеу  сұрақтары  кездескен  жағдайда  студентке  оларды  қағазға  жазып  алуға  мүмкіндік 
беруге; 
- жоғарыдағы жағдайда емтихан атауын, қате сұрақты анықтаған білім алушының  аты-
жөнін, оқу тобын жазып алуға; 
- компьютерлік тестілеу емтихандары кезінде өзіне бекітілген дəрісханада емтиханның 
талапқа сай өткізілуіне; 
- тестілеу  емтихандары  кезінде  дəрісханаға  емтихан  комиссиясынан  өзге  тұлғалардың 
кірмеуін қамтамасыз етуге; 
- білім  алушыларға  анықтамалықтар,  шпаргалкалар  жəне  ұялы  байланыс    құралдарын  
емтиханға алып кірмеуін ескертуге жəне оны қатаң түрде бақылауға; 
- емтихан  кезінде  анықтамалықтар,  шпаргалкалар,  ұялы  телефон  қолданған  білім 
алушыны  емтихан  комиссиясына  ескертіп,  тəртіп  бұзылғандығы  жөнінде  акт  түзіп,  білім 
алушыны аудиториядан шығаруға; 
- емтихан тапсырған əрбір білім алушының жинаған ұпайын, бағасын, уақытын арнайы 
журналға тіркеп, білім алушы мен өзінің қолдарын қоюға; 
- тестілеу кезінде дəрісхананы рұқсатсыз тастап кетпеуге.  
Кезекші-оператор құқылы: 
- компьютерлік тестілеу емтихандарын тиімді ұйымдастыру жайлы ұсыныстар жасауға; 
- тестілеудің өткізілу тəртібін бұзған білім алушыларға ескерту жасауға; 
- тестілеудің өткізілу тəртібін өрескел бұзған (ескертуге құлақ аспаған, университеттің 
ішкі  тəртіп  ережелерін  бұзған  жəне  т.с.с.)  білім  алушыларды  емтиханнан  шығару  үшін 
емтихан комиссиясын хабардар етуге;   
-  бекітілген  емтихан  кестесіне  сай  уақытта  келмеген  білім  алушыларды  тестілеуге 
жібермеуге. 
Кезекші-оператор жауапты: 
- бекітілген  аудиторияда  талапқа  сай  тəртіпті  бақыламаған,  дəлелді  себепсіз  жұмысқа 
келмеген кезекші-операторға тиісті əкімшілік шара шара қолданылады; 
- тестілеудің  өткізілу  тəртібін  бұзған  білім  алушыларды  дер  кезінде  байқап,  емтихан 
комиссиясына хабарламаған компьютерлік дəрісханадағы кезекші операторға тиісті əкімшілік 
шара қолданылады. 
-  тестілеу  емтиханына  кіретін  білім  алушының  орнына  басқа  білім  алушы  кірген 
жағдайда  екі  білім  алушыға  да  емтихан  бағасы  ретінде  “0”  (нөл)  қойылады.  Егер  кезекші 
оператордың білім алушылардың жеке басын куəландыратын құжатындағы суретіне ұқыпты 
қарамағандығы анықталса, онда оған тиісті əкімшілік шара қолданылады. 
2.4.3  Компьютерлік  тестілеу  емтихандарын  өткізуге  жауапты  тұлғалардың 
міндеттері 
Емтихан комиссиясы мүшелерінің  міндеттері 
- Емтихан 
комиссиясы 
төрағасының 
басшылығында 
компьютерлік 
тестілеу 
емтихандарының  талапқа  сай  ұйымдастырылып,  өткізілуін  бақылау:  емтихан  алдында 
компьютерлік техникалардың, желілердің, тестілеу программасының ақаусыз жұмыс істеуін, 
компьютерлік  дəрісханалардың  емтиханға  даярлығын,  тестілеу  емтихандары  сұрақтарының 
силлабусқа сəйкестігін  тексеру (қажеттілігіне қарай); 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 113-беті 
 
113 
 
- емтихан 
барысында 
туындаған 
келеңсіз 
мəселелерді 
(емтихан 
кезінде 
анықтамалықтар,  шпаргалкалар,  ұялы  телефон  қолданған  білім  алушыларды  актімен 
емтиханнан  шығару,  өз  жауапкершіліктерін  талапқа  сай  атқармаған  кезекшілерге  тиісті 
əкімшілік шара қолдану) қарап, оң шешу; 
- компьютерлік  тестілеу  емтихан  тапсыру  барысында  ауырып,  мазасыздан  білім 
алушыларды емтиханнан босату жəне ауырғандығын растау; 
- университет  факультеттерінің  профессор-оқытушылары  құрамынан  тағайындалған 
кезекшілердің талапқа сай кезекшілік етуін қадағалау; 
- жүргізетін 
пəні 
бойынша 
тестілеу 
емтихандары 
өткізілетін 
профессор-
оқытушылардың  АжИТБ-да болуын талап ету. 
2.4.4  Компьютерлік  тестілеу  емтихандары  апелляциялық  комиссиясының  
міндеттері 
- дұрыс  жауабы  жоқ,  екі  не  одан  да  көп  дұрыс  жауабы  берілген,  қойылымы  қате 
сұрақтар бойынша білім алушылардың апелляциялық арыздарын қарау; 
- қажет  болған  жағдайда  тестілеу  сұрақтарын  құрастырған  профессор-оқытушыдан, 
кафедра  меңгерушісінен  тестілеу  сұрақтарының  талқыланғандығы  жайлы  кафедра 
мəжілісінің хаттамасын талап ету; 
- тестілеу  сұрақтары  қате  құрастырылған  жағдайда  жауапты  профессор-оқытушыдан 
түсініктеме  алу  жəне  апелляциялық  арыздың негізінде  хаттама  дайындап, мəселені  емтихан 
тапсырушы білім алушының пайдасына шешу; 
- жұмыс  күнінің  соңында  оқу  жəне  инновациялық  технологиялар  жөніндегі 
проректорға жазбаша ақпарат беру. 
 
2.4.5Компьютерлік тестілеу емтихандары кезіндегі бағдарламашының міндеті 
- емтихан  кестесіне  сай  пəндер  бойынша  тестілеу  программаларын  компьютерлік 
дəрісханалардағы компьютерлерге жүктеуге міндетті; 
- тестілеу программасының талапқа сай жұмыс істеуіне жауапты; 
- тестілеу  сұрақтары  университеттің  құпиясы  болып  табылатындықтан,  қабылданған 
тестілеу сұрақтарының тарап кетпеуіне тікелей жауапты; 
- емтихан кезінде байланыс құралдарын пайдаланбауы тиіс; 
- тестілеу программаларын уақтылы  іске қоспаған, дəлелді себепсіз жұмысқа келмеген 
бағдарламашыларға тиісті əкімшілік шара қолданылады; 
емтихан  тапсыру  талабы  бұзылған  жағдайда  емтихан  комиссиясын  хабардар  етуге 
міндетті. 
 
 
2.5 Апелляция өткізу 
2.5.1 Жалпы ережелер 
1.  Апелляциялық  комиссия  университеттің  барлық  білім  беру  бағдарламаларындағы 
білім  алушылардың  (бакалавриат,  магистратура)    аралық  аттестаттаудан  өту  кезінде  білім 
бағалауға  қатысты  даулы  мəселелердің  шешілуі  мен  бірыңғай  талаптардың  сақталуын 
қамтамасыз ету мақсатында құрылады. 
2. 
Емтихан 
нəтижесімен 
келіспейтін 
білім 
алушылар 
емтихан 
нəтижесі 
автоматтандырылған  жүйедегі  электрондық  тізімдемеге  қойылғаннан  соң,  келесі  күннен 
кешікпей,  апелляциялық    комиссияға  негізделген  жазбаша  өтініш  беруге  құқылы.  Емтихан 
нəтижесі  автоматтандырылған  жүйеге  қойылғаннан  кейін  24  сағаттан  кешіктіріліп  берілген 
өтініштер қаралмайды.  
3.  Апелляциялық  комиссия  құрамына:  төраға,  төраға  орынбасары,  апелляцияланатын 
пəн  профиліне  біліктілігі  сəйкес  келетін  үш  оқытушы-профессор  құрамынан  жасақталған 
комиссия  мүшелері  кіреді.  Апелляциялық  комиссия  құрамы  университет  ректорының 
бұйрығымен бекітіледі. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 114-беті 
 
114 
 
4.  Өтінішті  апелляция  комиссиясы  төрағасының  атына  білім  алушы  жеке  өзі  беруі 
керек. Апелляцияға екінші тұлғадан, білім алушының ата-анасы тарапынан қабылданбайды. 
5.  Апелляциялық  комиссия  төрағасының орынбасары  апелляцияға  өтініш  қабылдауды 
ұйымдастырады. Қабылданған өтініштер журналға тіркеуге алынуы тиіс. 
6.  Апелляцияға  өтінішті  білім  алушы  оқитын  факультеттегі  деканның  орынбасары 
қабылдап,  білім  алушының  өтініші  мен  жұмысын  апелляцияланатын  пəнді  қарастыратын 
комиссия құрамына өткізеді. 
7.  Білім  алушы  апелляциялық  өтініш  беру  үшін,  емтиханның  жауап  парағында 
сұрақтың дұрыс тұжырымдалмағандығы, сұрақтың, пəннің оқу бағдарламасына сəйкес емес 
екендігі  туралы  жауап  парағында  жазба  жазып  қалдыруы  керек.  Ондай  жазбасы  жоқ 
жұмыстар бойынша апелляцияға берілген өтініш комиссия тарапынан қарастырылмайды. 
8. Апелляция өтініш білдірген білім алушының қатысуынсыз қарастырылуы мүмкін. 
9.  Апелляция  комиссиясының  мəжілісіне  өзге  тұлғалардың  қатысуына  тыйым 
салынады. 
2.5.2 Апелляцияның өткізілу тəртібі 
1. Апелляция үш кезеңде өтеді:  
– өтініштерді қабылдау  – емтихан нəтижесі автоматтандырылған жүйеге қойылғаннан 
кейін 24 сағат ішінде;  
– факультетте жазбаша жұмыстарды іздестіру, қарау – өтініш бергеннен кейін 24 сағат 
ішінде;  
– апелляциялық комиссияның апелляциялық өтінішті, алынған жұмыстың нəтижелерін 
қарауы, шешім қабылдауы – өтініш бергеннен кейін 72 сағат ішінде.   
2.  Апелляциялық  комиссия  білім  алушылардың  өтініштерін  мына  мəселелерге 
байланысты қарайды: 
- сұрақтың дұрыс тұжырымдалмағанына; 
- мазмұны бойынша оқу бағдарламасына сəйкес келмеуіне. 
3.  Егер  мəжіліске  төраға  орынбасарымен  қоса  есептегенде,  ең  кемі  комиссияның  үш 
мүшесі қатысса, комиссия шешім қабылдауға құқылы.  
4. Апелляциялық комиссияның шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады. 
5.  Апелляцияны  қарау  барысында,  Комиссия  мүшелері,  емтиханды  тапсыру 
нəтижелерінің бағасы туралы дəлелді, жазбаша қорытынды шығарады, хаттама толтырады. 
6.  Апелляциялық    комиссия  білім  алушыға  қосымша  сұрақтар  қоюға  жəне  жазба 
жұмысына түзетулер енгізуге құқығы жоқ. 
7.  Апелляциялық  комиссияның  емтиханда  қойылған  бағаны  күшінде  қалдыруға, 
жоғарылатуға  немесе төмендетуге құқығы бар. 
8.  Апелляциялық  комиссия  мүшелері  апелляцияларды  қарау  мерзімінің  ереже 
талаптарынан  тыс  созылып  кетуіне  мүмкін  мəселелер  мен  қиындықтар  туралы  төрағаға 
уақытылы  хабарлап  отыруға,  апелляциялық  жұмыстарға  байланысты  құпиялықты  сақтауға, 
өздеріне жүктелген қызметтерді жоғары кəсіби деңгейде орындауға міндетті. 
9.  Апелляциялық  комиссияда  келіспеушілік  туындаған  жағдайда  дауысқа  салу 
жүргізіледі,  шешім  көпшілік  дауыспен  бекітіледі.  Дауыстар  тең  болған  жағдайда 
апелляциялық  комиссия  төрағасының  дауысы  шешуші  болып  есептеледі.  Апелляция 
бойынша қойылған баға жөніндегі  апелляциялық комиссияның шешімі  соңғы шешім болып 
есептеледі. 
10.  Апелляциялық  қараудан  кейін  комиссия  аралық  аттестация  бағасы  жөнінде  соңғы 
шешімді қабылдап, білім алушыларға шешім туралы жазбаша хабарлайды. 
 
2.5.3 Апелляциялық комиссияның шешім қабылдауы 
1. Апелляция шешімі хаттамамен бекітілуі тиіс. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 115-беті 
 
115 
 
2.  Апелляциялық  комиссияның  хаттамамен  бекітілген  шешімі  Офис  регистраторға 
жіберіледі. Шешімнің негізінде білім алушыға жеке емтихан тізімдемесі жасалып, ол негізгі 
емтихан тізімдемесіне қоса тіркеледі. 
3. Тізімдемеге төраға, комиссия төрағасының орынбасары жəне апелляциялық комиссия 
мүшелері қол қояды. 
4.  Хаттама  қатаң  есептік  құжат  ретінде  бір  оқу  жылы  ішінде  Офис  регистраторда,  ал 
тізімдеме деканатта сақталады. 
5.  Апелляциялық  комиссия  емтихан  сұрақтарын  «оқу  бағдарламасына  сəйкес  емес»,  
«дұрыс  емес»  деп  тапқан  жағдайда,  апелляциялық  комиссия  төрағасы  берілген  сұрақтарды 
құрастырушы оқытушыларға, кафедра меңгерушісіне ұсыныс беруге міндетті. 
3  Аймақтық    əлеуметтік-инновациялық  университетте  білім  алушыларды 
қорытынды аттестаттаудан өткізудің тəртібі 
1.  Университетте  студенттерді  қорытынды  аттестаттау  жоғары  білім  беру  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  білім  стандартында  белгілеген  нысандарда  өткізіледі,  оның  ұзақтығы  мен 
мерзімі  академиялық  күнтізбемен  жəне  мамандықтардың  жұмыс  оқу  жоспарымен 
қарастырылған.  
2.  Студентттер  оқу  жоспары  мен  барлық  оқу  нысандарына  арналған  бірыңғай  оқу 
бағдарламаларына  сəйкес  барлық  мемлекеттік  емтихандарды  тапсырады  жəне  дипломдық 
жұмыстарды (жобаларды) қорғайды.  
3.  Студентке  мынадай  жағдайда  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  орнына  екі 
мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі: 
1)  денсаулық  жағдайы  туралы  медициналық  анықтаманың  негізінде  стационарда  ұзақ 
емделуде (бір айдан артық);  
2) бала тууы туралы куəлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;  
3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде 
ауру ата-анасын күтуші;  
4) мүгедек туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедек.  
Осы  ретте,  білім  алушы  университет  ректорының  атына  өтініш  жазады  жəне  тиісті 
құжаттарды  ұсынады.  Басқа  жағдайда  дипломдық  жұмысты  қосымша  мемлекеттік 
емтихандар тапсыруға ауыстыруға рұқсат етілмейді. 
4.  Екі  мемлекеттік  емтихан  пəндерінің  тізбесі  бітіртуші  кафедра  шығарған  қолдау 
хатының негізінде факультет (институт) кеңесінің шешімімен бекітіледі.  
5.  Қорытынды  аттестаттауға  жұмыс  жəне  жеке  оқу  жоспары  мен  жұмыс  оқу 
бағдарламасына сəйкес білім алу процесін толық аяқтаған студенттер жіберіледі. 
6.  Білім  алу  процесі  аяқталуының  негізгі  өлшемі  болып  студенттердің  жоғары  білім 
мамандықтарына арналған МЖМБС талаптарына сəйкес келетін оқытудың теориялық курсы 
мен кəсіби практикалардың қажетті көлемін меңгеруі саналады.  
7.  Бітіруші  курстың  студенті  жұмыс  жəне  жеке  оқу  жоспары  талаптарын  жəне  оқу 
жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға 
қалдырылады. 
8.  Университет  ректоры  білім  алу  саласындағы  уəкілетті  органға  мемлекеттік  үлгідегі 
білім туралы құжаттарға (диплом жəне қосымша) ағымдағы жылғы 1-қазанға дейін күтілетін 
бітірушілер саны бойынша өтінім ұсынады. 
9. Студенттерді қорытынды аттестаттау үшін барлық оқу нысандары үшін əр мамандық 
бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан əрі – МАК) құрылады. 
10.  Студенттерді  қорытынды  аттестаттауға  жіберу  студенттердің  тізімі  бойынша 
қорытынды  аттестаттауға  дейін  2  аптадан  кешіктірілмей  факультет  деканының  (институт 
директорының) өкімімен ресімделіп МАК-қа ұсынылады.  
11.  Студенттерді  қорытынды  аттестаттау  басталғанға  дейін  МАК-қа  факультет 
деканының  (институт  директорының)  студенттің  жеке  оқу  жоспарын  орындағаны  туралы, 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 116-беті 
 
116 
 
оның  барлық  пəндер  бойынша  алған  бағалары,  олардың  көлемі,  тапсырған  курстық 
жұмыстары  (жобалары),  кəсіби  практикалардың  түрлері  мен  GPA  оқыту  кезеңіндегі  орта 
салмақ баға өлшемдері көрсетілген анықтамасы ұсынылады. 
12.  Университет  ректоры  ағымдағы  оқу  жылының  1  қарашасына  дейін  білім  беру 
саласындағы  уəкілетті  органға  осы  жоғары  оқу  орындарында  жұмыс  істемейтін,  ғылыми 
жəне академиялық дəрежелері бар профессорлар, доценттер мен оқытушылар арасынан, орта 
мектептің  тəжірибелі  мұғалімдерінен,  бітіретін  мамандықтар  бейініне  сəйкес  келетін 
өндірістегі жоғары білікті мамандардан МАК төрағаларының кандидатураларын ұсынады. 
13.  МАК  жұмысына  қатысушы  мамандар  бейіні  ғылыми  немесе  академиялық 
дəрежелерінің  немесе  базалық  білімінің  (диплом  бойынша)  сəйкестілігімен  анықталады.  
Ұсынысқа  ғылыми  немесе  академиялық  дəрежелері  туралы  немесе  базалық  білімі  туралы 
тиісті құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.  
14.  МАК  төрағасы  ағымдағы  оқу  жылының  20-желтоқсанынан  кешіктірмей  уəкілетті 
орган бұйрығымен бір күнтізбелік жылға бекітіледі. 
15.  МАК  құрамына  оның  мүшелері  құқығымен:  факультет  деканы  (институт 
директоры)  немесе  бітіртуші  кафедраның  меңгерушісі  кіреді.  МАК-тың  басқа  мүшелері 
бітіруші  мамандардың  тиісті  бейініне  сəйкес  келетін  профессорлардан,  доценттерден, 
жоғары білікті мамандардан құрылады.  
16.  МАК  сандық  құрамын  мамандық  бойынша  бітіріп  шығатын  студенттердің 
контингентіне  сəйкес  жоғары  оқу  орны  өз  бетінше  белгілейді  жəне  университет  ректоры 
бұйрығымен  жыл  сайын  31-желтоқсанан  кешіктірмей  бекітеді  жəне  ол  күнтізбелік  жыл 
бойына əрекет етеді. 
17. МАК-тың құзырына төмендегілер кіреді: 
1)  жоғары  білім  мамандықтары  үшін  МЖМБС  белгілеген  талаптарға  сай  бітіруші 
мамандардың теориялық жəне практикалық даярлығы сəйкестігінің деңгейін тексеру;  
2) тиісті мамандықтары бойынша «бакалавр» академиялық дəрежесін тағайындау;  
3) бітірушіге мамандығы бойынша тиісті біліктілік беру;  
4) жоғары білім туралы диплом беруге шешім қабылдау;  
5) мамандар даярлау сапасын одан əрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар əзірлеу.  
18. МАК жұмысының кестесін офис регистратор құрады, жұмыс кестесін  университет 
ректоры  бекітеді  жəне  мемлекеттік  аттестаттау  комиссиясының  жұмысы  басталуына  дейін 
екі аптадан кешіктірмей көпшіліктің назарына жеткізіледі.  
19.  МАК  отырысының  ұзақтығы  күніне  6  академиялық  сағаттан  аспауы  тиіс.  Осыған 
байланысты,  күніне  мемлекеттік  емтиханды  тапсыруға  12-15  адам,  ал  дипломдық жұмысты 
қорғауға 7-10 адам жіберіледі.  
20.  Мамандықтар  бойынша  тестілеу  нысанында  мемлекеттік  емтиханды  тапсыру 
кезінде академиялық лекке (немесе топқа) өткізіледі.  
21.  Диплом  жұмысы  (жобасы)  қорғалуына  дейін  бес  күннен  кешіктірілмей  МАК-қа 
мынадай құжаттар ұсынылады:  
1)  диплом  жұмысы  (жобасы)  ғылыми  жетекшісінің  «қорғауға  жіберіледі»  немесе 
«қорғауға жіберілмейді» деген дəлелденген қорытындысы бар пікірі;  
2) диплом жұмысын (жобасын) қорғауға берілген жан-жақты мінездемесі жəне бағалар 
көрсетілген  дəлелденген  қорытындысы  жəне  тиісті  мамандығы  бойынша  «бакалавр» 
академиялық дəрежесін немесе біліктілігін беру туралы рецензия.  
22.  Дипломдық  жұмыстарды  (жобаларды)  плагиаттық  мəніне  қатысты  тексеру  тиісті 
деканаттармен жүргізіледі.  
23.  МАК-қа,  сондай-ақ  орындалған  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  ғылыми  жəне 
практикалық  құндылықтарын  сипаттайтын  басқа  да  материалдар,  ресми  емес  пікірлер, 
диплом  жұмысының  (жобаның)  бейіні  бойынша  практикалық  қызметті  жүзеге  асыратын 
ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми-зерттеу нəтижелерін енгізу анықтамалары немесе 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 117-беті 
 
117 
 
актілері,  макеттер,  минералдар  үлгісі,  гербарий  жəне  тағы  басқа  сол  сияқты  материалдарда 
ұсынылады.  
24.  Ғылыми  жетекшісінің  оң  пікірі  жəне  қорғауға  ұсынылатын  жұмыс  бейініне  сай 
келетін  маман  тарапынан  бір  рецензиясы  болғанда  студент  диплом  жұмысын  (жобасын) 
қорғауға шыға алады.  
Егер  ғылыми  жетекші  «қорғауға  жіберілмейді»  деген  жағымсыз  қорытынды  берген 
жағдайда, 
білім 
алушы 
дипломдық 
жұмысты 
(жобаны) 
қорғай 
алмайды.  
Білім  алушы,  рецензенттің  оң  қорытындысы  сияқты,  жағымсыз  қорытындысы  болған 
жағдайда да дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберіледі.  
25. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялау  біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне 
сəйкес келетін басқа ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады.  
26.  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  ғылыми  жетекшісі  университет  ректорының 
бұйрығымен  тақырыптың  атауы  көрсетіле  отырып,  əр  студентке  дербес  бекітіледі.  
Дипломдық  жұмыстардың  (жобалардың)  рецензенттері  ЖОО  басшысының  бұйрығымен 
жұмыс  орны,  лауазымы  жəне  білімі,  мамандығы  бойынша  ғылыми  немесе  академиялық 
дəрежесі,  жоғары  білім  туралы  дипломы  бойынша  базалық  білімі  көрсетіліп  бітіртуші 
кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.  
27.  Мемлекеттік  емтихандар  (бейінді  пəндер  немесе  мамандықтар  бойынша)  ауызша, 
жазбаша,  олардың  кəсіптік  оқу  бағдарламаларының  көлемі  бойынша  тестілеу  (кешенді 
тестілеу) нысандарында өткізіледі.  
28.  Мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтихан  аталған  кешенді  емтиханға  енгізілген 
пəндердің оқу бағдарламалары негізінде  университеттің əзірлеген бағдарламалары бойынша 
өткізіледі.  
Мамандық  бойынша  мемлекетттік  емтихан  бағдарламасы  университет  (факультеттің) 
ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі. 
29. Бейіндік пəндер бойынша мемлекеттік емтихандар үлгілік оқу бағдарламалары мен 
жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына  сəйкес  əзірленген  оқу 
жұмыс бағдарламалары бойынша өткізіледі.  
30.  Университет  мемлекеттік  емтиханның  бағдарламасын,  тест  тапсырмаларын  жəне 
олардың  (ашық,  жабық,  біріктірілген)  тест  түрлерін,  тестілеуді  өткізу  технологиясын  өзі 
дербес əзірлейді жəне бекітеді.  
31.  Дипломдық  жұмысты  қорғау  МАК-тың  ашық  отырысында  оның  мүшелерінің 
жартысынан көбі қатысқан жағдайда қорғалады.  
32.  Бір  дипломдық жұмысты  (жобаны)  қорғау  ұзақтығы  ереже  бойынша  бір  студентке 
50  минуттан  аспауы  керек.  Білім  алушыға  МАК  алдында  дипломдық  жұмысы  туралы 
баяндама жасау үшін 15 минут уақыт беріледі. 
33.  Мемлекеттік  емтихан  мен  диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғаудың  нəтижелері 
бойынша  студенттердің  білімін  бағалаудың  балдық-рейтингтік  жүйесі  бойынша  баға 
қойылады. Бұл ретте білім алушының теориялық, ғылыми жəне практикалық дайындықтары, 
сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлері назарға алынады.  
34.  Мемлекеттік  емтихан  тапсыру  жəне  диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғаудың 
нəтижелері  олар  өткізілген  күні  МАК  отырысының  хаттамасына  қол  қойылған  соң 
жарияланады.  
35.  МАК-тың барлық отырыстары хаттамамен ресімделеді.  
36.  МАК  отырысының  хаттамалары  осы  Ереженің  4-6-қосымшаларына  сəйкес  МАК 
жұмысы  басталға  дейін  А4  форматында  жеке  кітапшада  нөмірленіп,  бумаланады  жəне  оқу 
бөлімінің (оқу-əдістемелік басқарманың) мөрімен бекітіледі.  
37. МАК отырысының хаттамалары əр білім алушыға жеке толтырылады.  
Мемлекеттік  емтихан  тест  түрінде  өткізілген  жағдайда  хаттама  толтыруға  емтихан 
ведомосы негіз болады.  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет