Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



Pdf көрінісі
бет27/32
Дата31.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#10991
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 177-беті 
 
177 
 
2.5  Модульдік    білім  беру  бағдарламасын  жəне  оқыту  пəндерін  өзге  нұсқаулық 
бөліктерден (міндетті оқыту үшін модульдер) жəне вариативті, яғни еңбек нарығының жұмыс 
берушілердің жəне студенттердің қажеттілігін есепке алатын ауыспалы модульдерден   құрау  
мақсаты болып табылады.    
2.6  Білім  беру  бағдарламаларының  құрылымы  білім  беру  мазмұның  анықтайтын  оқу 
жұмыстарының  түрлерінен  қалыптастырылады  жəне  олардың  арақатынасын,  өлшемін  жəне 
есебін көрсетеді. 
     
5  Құрылымы мен мазмұны 
5.1  Жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білімнің  əрбір  деңгейінің  (сатысының) 
білім  беру  бағдарламасын  аяқтағаннан  кейін  студенттің  алған  білімінің,  шеберлігінің, 
дағдысы  мен  құзыретінің  деңгейі  мен  көлемін  сипаттайтын  Дублин  дескрипторлары  оқу 
нəтижелеріне,  қалыптасқан  құзыреттерге,  сондай-ақ  ЕСТS  кредит  (сынақ)  бірліктерінің 
жалпы санына негізделеді. 
5.2 ҮОЖ  құраушы компонент жəне дербес оқу-əдістемелік құжат болып табылады.  
Мамандықтардың  негізгі,  жұмыс  оқу  жоспарлары  осы  Ереженің  талаптарына  сəйкес 
келуі  жəне  білім  беру  бағдарламаларының  құрылымына,  мазмұны  мен  көлеміне,  оқытудың 
нормативті мерзімі мен студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын 
анықтайды. 
   5.3 Модульдер бойынша міндетті компонент пəндерінің тізбесі ҮОЖ енгізіледі. 
   5.4 ҮОЖ білім беру бағдарламаларының құрылымын білім беру мазмұнын анықтайтын 
оқу жұмыстарының түрлерінен қалыптастырады жəне олардың арақатынасын, өлшемін жəне 
есебін көрсетеді.  
   ҮОЖ  модульдік  жүйе  бойынша  қарастырылған  білім  беру  бағдарламасына  сəйкес 
мынадай бөлімдерден тұрады:  
5.5 Білім беру бағдарламасының оқу пəндері екі топқа бөлінеді: 
А тобы - міндетті пəндер, олар қатаң берілген бірізділікпен оқытылады; 
В тобы - міндетті пəндер, олар еркін бірізділікпен оқытылады; 
Модульдер (пəндер) мынадай түрлерге бөлінеді:  
1) мемлекеттік міндетті модуль, коммуникативтік модуль, ЖОО электив модулі, Кəсіби 
модульдер  блогы  базалық  кəсіптендіру  модулі  жəне  жеке  білім  траекторияларынын 
модульдерін меңгеруден тұратын теориялық оқыту; 
2) тəжірибе модулінен – кəсіптік тəжірибе түрлері; 
3) қорытынды аттестация модулінен – кешенді мемлекеттік емтихан, Диплом жұмысын 
(жобаны) жазу жəне қорғау;  
4) оқытудың қосымша оқу түрі модулінен – дене шынықтыруды қамтиды; 
Мемлекеттік  міндетті  модуль  –  жалпы мəдениеттік,  жалпы  мемлекеттік  мəні  бар  білім 
беру бағдарламасын қамтамасыз ететін іргелі өзегі болып саналады.   
Кəсіби  модульдер  блогында  базалық  кəсіптендіру  модулі  мен  жеке  білім 
траекториясына 
бөлінеді. 
Жеке 
білім 
траекториясы 
(ЖБТ) 
бірнеше 
бағыттағы 
траекторияларға, ал траекториялар модульдерге бөлінеді. ЖБТның əр траекториясына белгілі 
бір бағытты қамтитын атау беріледі. 
Жеке  білім  траекториясы  (ЖБТ)  –  сабақтастықты  қамтамасыз  ету  мақсатында 
жинақталатын  пəндерден  тұрады.  Жеке  білім  траекториясының  атауы  белгілі  бір  бағытты 
қамтиды.  Ондағы  жинақталған  пəндер  бір-бірімен  мағыналас,  бағыттас  болып  келеді. 
Эдвайзер  көмегімен  білім  бағдарламаларын  меңгеру  шеңберіндегі  оқу  траекториясын 
тандауына  (жеке  оқу  жоспарының  қалыптасуына)  жəне  оқу  кезеңінде  білім  беру 
бағдарламаларын  игеруіне  ықпал  етеді,  білімгерлерге  білім  мазмұнын  өз  бетімен  таңдап, 
жоспарлауына жəне меңгеруіне көмектеседі.  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 178-беті 
 
178 
 
5.6  Оқу  жұмысының  еңбек  сыйымдылығын  есепке  алу  оқытылатын  материалдың 
көлемі  бойынша  жүзеге  асады  жəне  оқытудың  нақты  нəтижелеріне  қол  жеткізуге  қажетті 
студенттер  мен  оқытушылардың  еңбек  шығынының  өлшем  бірлігі  болып  табылатын 
кредиттермен өлшенеді. 
5.7  Кредиттер  білім  беру  бағдарламасының  жекелеген  пəндерінің  жəне/немесе 
модульдерінің  (элементтерінің)  шартты  «бағасын»  көрсетеді.  Жалпы  еңбек  сыйымдылығы 
ұғымында  лекциялық,  практикалық  (семинарлық),  зертханалық,  студиялық  сабақтар, 
студенттердің  өзіндік  жұмысы,  курстық,  есептік-графикалық  жұмыстар  (жобалар),  кəсіптік 
практиканың  барлық  түрлері,  аралық  аттестаттау  дайындық  жəне  одан  өту  ұғымдары 
қамтылады.    
5.8  Теориялық,  оқытудың  жалпы  еңбек  сыйымдылығы  оқытылатын  оқу  модульдердің 
(пəндердің) тізімімен анықталады.  
5.9  Оқу  үдерісін  кредиттік  еңбек  сыймдылықтарының  қосындысымен  оқыту 
технологиясы  бойынша  ұйымдастыру  кезінде  əр  оқу  пəнінің  көлемі  кредиттің  бүтін  санын 
құрауы тиіс. 
5.10  Білімгерлер  əр  оқу  пəнін  бір  академиялық  кезеңде  меңгеріп,  оны  аяқтаған  соң 
емтихан  тест  түрінде  аралық  аттестаттау,  ал  кəсіптік  тəжірибенің  барлық  түрлері,  курстық 
жұмыстар (жобалар) бойынша дифференциалды сынақ тапсырады. 
5.11  Өзіндік  жинақтау  (қалыптастыру)  мен  жеке  тұлғалық  потенциалды  жүзеге  асыру 
жəне  полиэтникалық  пен  поликонфессиялық  қоғамның  мүшесі  ретінде  тұлғаны  бағыттау 
құзіреттіліктерге  негізделген  ЖОО  электив  модуль  элективті  пəндер  тізімінен  тұрады.  Бұл 
модульді  ұсынылып  отырған  тізімнен  қажет  пəндерді  таңдау  арқылы  білім  алушы  өзі 
құрастырады.   
5.12 Кəсіби пəндер блогы кəсіби базалық модулдерден (міндетті компонент), жеке білім 
траекториялар модулінен (таңдаулы компонент) тұрады.  
5.13 Міндетті компонент – жалпы мəдениеттік, жалпы мемлекеттік мəні бар білім беру 
бағдарламасының  жəне  жалпы  мамандықтың  бірыңғай  білім  беру  кеңістігін  қамтамасыз 
ететін іргелі өзегі болып саналады. 
5.14  Міндетті  компонент  пəндерінің  тізімі  үлгілік  оқу  жоспарымен  айқындалады. 
Міндетті  компонент  пəндерінің  көлемі  қысқартылмайды.  Бұл  шарт  техникалық  жəне 
кəсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  немесе  жоғары  білім  базасында  оқытылатын  қысқартылған 
білім беру бағдарламалары үшін орындалмауы мүмкін.  
Бұл  жағдайда    көлемдерінің  жеткіліктілігі  жəне  білім  беру  бағдарламасының 
сабақтастығы шартымен кредиттерді қайта есептеу  жəне бұрын игерген пəндерді есепке алу 
жүзеге  асырылады.  Оқу  ауқымы  мен  мерзімі  транскрипт  (дипломға  қосымшалар)  негізінде 
айқындалатын білім алушылардың пререквизиттері  ескеріле отырып айқындалады.  
5.15 Техникалық жəне кəсіптік  жəне орта білімнен кейінгі білімі бар білімгерлер үшін 
қысқартылған бағдарламалары негізінде күндізгі жəне сырттай оқу түрі бойынша оқу мерзімі 
3 жылды, жоғары білімі бар тұлғалар үшін 2 жылды құрайды.  
5.16  Таңдау  компоненті  нақты  өңірдің  жеке  білім  траектория  модулініндегі  даму 
ерекшелігі  мен  еңбек  нарығының  сұранысын,  нақты  ғылыми  мектептің  қалыптасуын, 
сондай-ақ білім алушының жеке қызығушылығын ескереді. 
5.17 Мемлекеттік міндетті модульдегі  пəндер көлемі ҮОЖ-ғы пəндердің жалпы көлемі 
8  кредитті  құрайды  жəне  Қазақстан  тарихы,  Кəсіби  мақсаттарға  арналған  ақпараттық 
технологиялар, Философия пəндерінен тұрады.    
5.21  Коммуникативтік  модульдегі  пəндер  көлемі  ҮОЖ-ғы  пəндердің  жалпы  көлемінің 
17 кредитін құрайды.  
 Коммуникативтік  модульде  білімгердің  шет  тілдері  мен  олардың  деңгейлері    жалпы 
берілген.  Əр  білімгердің  тілді  игерген  деңгейіне  сəйкес  емтихан  қабылданып,  «деңгейлік» 
топтар құрылады.. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 179-беті 
 
179 
 
5.22  ЖОО  электив  модульдегі  пəндер  көлемі  ҮОЖ-ғы  пəндердің  жалпы  көлемінің  6 
кредитің құрайды. 
5.23  Теориялық  оқудың  кемінде  129  кредит  меңгеретіндер  үшін  Кəсіби  модульдер 
блогындағы  пəндерге  жалпы  96  кредит  бөлінген,  оның  15  кредиті  жеке  білім  беру 
траекторясы  модульдеріне    қарастырылған.  Мамандық  дайындаушы  кафедра  15  кредитті 
мамандандыру  (специализация)  үшін  жеткіліксіз  деп  шешім  қабылдаса,  бұл  жағдайда  27 
кредиттке дейін көтеру мүмкіндігі қарастырылады. 
5.24 Кəсіби модульдер блогындағы пəндер көлемі ҮОЖ-ғы пəндердің жалпы көлемінің   
69 - 81 кредитті құрайды. 
5.25  Тандау  компонентіне  бөлінген  кредиттер  негізінде  Жеке  білім  беру  траекториясы 
модуліндегі пəндер көлемі ҮОЖ пəндердің жалпы көлемінің  15 – 27 кредитті құрайды. 
5.26 Мамандықтарға байланысты Мемлекеттік міндетті модульдегі жəне ЖОО электив 
модульдегі  жекелеген  пəндері  алынады  да  Кəсіби  модульдер  блогына  босатылған 
кредиттерімен ауыстырылады.  
5.27  Кəсіби модульдер блогындағы 3.1 Базалық кəсіптендіру модулі мен 3.2 Жеке білім 
траекториясының модульдеріне əр мамандық анықтаған пəндерін модульдерге бөліп ҮОЖ-н 
толтырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК 
ЖƏНЕ 
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ 
ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ 
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 180-беті 
 
180 
 
3.1 ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ЕРЕЖЕСІ 
 
1 Жалпы ережелер  
1.1. Бұл  Ереже  2007 жылдың  27  шілдесіндегі  Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы» 
заңының 9 тарауындағы 44 тармағына, 2007 жылдың 29 қарашадағы № 583-ші ҚР Білім жəне 
Ғылым  Министрлігі  бұйрығымен   бекітілген  оқу-əдістемелік  жұмысты  іске-асырумен 
ұйымдастыру  Ережесіне,  2007  жылдың  21желтоқсандағы  № 644 –ші  ҚР  Білім  жəне  Ғылым 
министрлігінің  бұйрығымен  бекітілген  əдістемелік  кеңес  əрекеті(оқу-əдістемелік,  ғылыми-
əдістемелік) Типтік ережесіне сəйкес əзірленді. 
1.2. Əдістемелік  Кеңес  Жоғары  оқу  орнын  басқарудың  алқалық  ұйымы  болып 
табылады. 
1.3. Əдістемелік  Кеңес  өз  іс-əрекетінде  Қазақстан  Республикасының  2007  жылдың  27 
шілдесіндегі  «Білім  туралы»  Заңының  білім  беруді  жəне  оқу-əдістемелік  жұмыс 
бойынша   басқада  нормативті  құжаттарды  ұйымдастыру  Жарғысын,    ҚР  Білім  жəне  ғылым 
министрлігінің  нормативті  құқықтық  актісін,  ҚР  БжҒМ  «Кредиттік  оқыту  технологиясы 
бойынша оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  ережесі»  2011  жылғы  20-сəуірдегі  №152  бұйрығын 
(ҚР БжҒМ  2014 жылғы 2 маусым  №198 бұйрығымен өзгертілген, толықтырылған), ҚР Білім 
жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығын, ҚР Білім жəне ғылым 
министрінің  2015  жылғы  20  наурыздағы  №  137  бұйрығын,    университет  Жарғысын,  Осы 
Ережені басшылыққа алады. 
1.4. Əдістемелік  кеңес  -  университеттегі  оқу  үдерісін  əдістемелік  қамтамасыз  етуді 
ұйымдастыруды  үйлестіру  жəне  жетілдіру  жəне  ҚР  Мемлекеттік  білім  беру  стандартының 
талаптарына сай білім сапасын арттыруға бағытталған мақсатта құрылады.  
 
2 Кеңестің негізгі міндеттері  
2.1. Оқу үдерісін əдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингін ұйымдастыру.  
2.2. Оқу,  оқу-əдістемелік  жəне  ғылыми-əдістемелік  əдебиеттер,  оқу  құралдары  мен 
басқа да материалдарды басып шығаруды жоспарлау, сараптаманы ұйымдастыру.  
2.3. Оқу-əдістемелік  жəне  ғылыми-əдістемелік  жұмыстарды  ұйымдастыру  мен 
жетілдіру жөніндегі озық тəжірибелерді жинақтау жəне тарату.  
2.4. Сапа  менеджменті  жүйесін  дамыту  жəне  оқу  үдерісіне  əдістемелік  əзірлемелер 
нəтижелерін енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау.  
2.5. Құрылымдардағы Əдістемелік жұмыстарды үйлестіру.  
2.6. Жаңа  жəне  қолданыстағы  технологиялар  мен  əдістер,  оқыту  құралдарын  енгізу 
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.  
2.7. Оқытушылардың  оқу-əдістемелік  бірлестіктерінің  шығармашылық  жұмыстарын 
ұйымдастыру.  
2.8. Педагогикалық  ұжымның  ғылыми-əдістемелік  əлеуетін  жетілдіру  жөніндегі 
жұмыстарды үйлестіру.  
2.9. Білім  беруді  дамыту  жəне  басым  бағыттарды  қалыптастыру,  оны  іске  асыру 
мəселелері бойынша ұсыныстар əзірлеу.  
2.10.  Университет профессорлық-оқытушылық құрамын аттестаттауға қатысу.  
 
3 Кеңес қызметінің негізгі бағыттары  
3.1.  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттары  талаптарын  ескере 
отырып,  оқу  бағдарламалары  мен  жұмыс  оқу  бағдарламаларын  сараптау  жұмыстарын 
ұйымдастыру.  
3.2.  Құрылымдық  бөлімшелердің  əдістемелік  кеңес  жұмыстарының  жоспарын 
қарастыру жəне келісу.  
3.3.  Жекелеген  пəндер  бойынша  жұмыс  оқу  бағдарламаларын  талқылау  жəне 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 181-беті 
 
181 
 
мақұлдау.  
3.4.  Оқу үдерісін оқу-əдістемелік қамтамасыз ету мəселелерін қарастыру.  
3.5.  Əдістемелік  қамтамасыз  ету  мəселелеріне  қатысты  нормативтік-құқықтық 
құжаттар жобасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу жəне талқылау.  
3.6.  Оқулықтарды, оқу-əдістемелік құралдарын, оның ішінде электрондық түрде жəне 
дидактикалық материалдарды əзірлеуді ұйымдастыру. 
3.7.  Оқу-тəрбие үдерісін жетілдіруге жəне оқытушыларға тəжірибелік көмек көрсетуге 
бағытталған əдістемелік жұмыстардың əртүрлі формаларын енгізу мəселелерін қарастыру.  
3.8.  Білім  алушыларды  оқу-əдістемелік  материалдармен  қамтамасыз  ету  үшін  білім 
беру  ұйымдарында  Қашықтықтан  білім  беру  технологиясын  пайдалану  арқылы  іске 
асырылатын  барлық  оқу  жоспарларының  пəндері  бойынша  электрондық  оқу-əдістемелі 
кешендердің жасалынуын ұйымдастыру. 
3.9.  Кəсіптік 
практикалардың 
барлық 
түрлерінің 
бағдарламалары, 
сондай-ақ 
дипломдық жұмыстарды (жобаларды) жазу бойынша əдістемелік нұсқаулық əзірлеуді; 
3.10. Білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім          
технологиялары мен оқыту əдістерін əзірлеуді; 
3.11. Ізденіске,  талдауға  жəне  қызмет  нəтижелерін  қалыптастыруға  қабілеттілігін 
дамытуға  бағытталған студенттердің өзіндік жұмысын оқу-əдістемелік қамтамасыз ету; 
3.12. Оқу-əдістемелік  жұмыстарды  жетілдіру  бойынша  семинарлар,  конференциялар, 
кеңестер ұйымдастыру жəне өткізу.  
 
4 Кеңестің сайлау жəне жұмыс тəртібі  
4.1. Кеңес  құрамына  кафедра  өкілдері,  оқытушылар,  əдіскерлер,  факультеттердің 
əдістемелік бірлестіктері жетекшілері кіреді. Кеңес құрамы ректор бұйрығымен бекітіледі.  
4.2. Əдістемелік  Кеңесті  оқу  жəне  əдістемелік  жұмыстар  жөніндегі  проректор  -Төраға 
басқарады.  
4.3. Кеңес мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.  
4.4. Кеңес жұмысы Ғылыми Кеңес отырысында қабылданған жəне университет ректоры 
бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сəйкес жүзеге асырылады.  
4.5. Кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі. 
4.6. ОƏК  шешімдері  факультеттердің  жəне  кафедралардың  əдістемелік  органдарына 
міндетті болып келеді. 
4.7. Егер кеңестің отырысында оның мүшелерінің 3/2 бөлігі қатысып отырса, онда оқу-
əдістемелік кеңес құқықты өкілетті деп табылады. 
4.8. Əдістемелік  кеңестің  отырысында  қаралған  мəселенің  нəтижесі  бойынша  қатысып 
отырған  мүшелерінің  басым  көпшілік  дауысымен  əдістемелік  кеңестің  ұсынысы 
қабылданады  жəне  хаттамамен  рəсімделеді.  Отырыстың  хаттамалары  мен  əдістемелік 
кеңестің шешімдеріне кеңес төрағасы мен хатшысы қолтаңбасын қояды.  
4.9. Егер  кеңес  отырысында  оның  мүшелерінің  70  %-ы  қатысса,  шешім  қабылдауға 
құқылы болады.  
4.10.  Кеңес  төрағасы  жылына  бір  рет  Кеңес  қызметінің  нəтижелері  туралы 
Университеттің  Ғылыми Кеңесі алдында есеп береді.  
4.11. Кеңестің  əр  мүшесі  кеңестің  барлық  отырысына  қатысуға,  оның  жұмысына 
белсенді атсалысуға, жүктелген тапсырмаларды уақтылы жəне нақты орындауға тиісті.  
5 Оқу- əдістемелік кеңестің құқықтары 
 Оқу  - əдістемелік кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сəйкес  төмендегілерге құқылы: 
-  Университет  факультеттерін,  кафедраларынан,  бөлімдерінен  білім  беру  сапасы 
бағытында жəне басқа да мəліметтер алуға. 
- Жұмысшы жəне сараптау тобының құрамын жасап бекітуге. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 182-беті 
 
182 
 
Оқу  үрдісін  ұйымдастыру  мен  əдістемелік  жұмыс  жағдайын  тексеру  үшін 
университеттің құрылымдық бөлімшелеріне инспекциялық комиссия жіберуге. 
 
 
 
3.2 ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ 
 
1 Жалпы ережелер  
1.1.Жас  Ғалымдар  Кеңесі  ерікті  түрде  тұрақты  қызмет  ететін  алқалық  орган  болып 
табылады. 
1.2  Университеттің осы ережесі талаптарының енгізілуіне ғылыми зерттеу жұмыстары 
жəне халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры жауапты болып табылады.  
1.3  АƏИУ-нің    ғылыми,  ғылыми-техникалық  жəне  инновациялық  саясатын  жүзеге 
асыру  жəне  қалыптастыру  аясындағы  жас  ғалымдар  арасындағы  ұйымдық  кеңес  болып 
табылады.  
1.4    Осы  ереже  бойынша  жас  ғалымдар  қатарына  35  жасқа  дейінгі  ғылыми 
қызметкерлер,  мамандар,  магистранттар,  PhD  докторанттар,  ғылым  докторлары  мен 
кандидаттары,  ғылыми-зерттеу  жұмысымен  айналысатын  университет  оқытушылары 
жатқызылады. 
1.5  Кеңес  университеттегі  жас  ғалымдар  мен  жас  ғалым  мамандар  көзқарастары  мен 
қызығушылықтарын қолдайтын ғылыми іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырушы ұжым болып 
табылады.  
1.6 Кеңесті ғылыми дəрежесі мен атағы бар төраға басқарады, аталмыш заңға қатысты 
төраға ректор бұйрығымен бекітіледі жəне босатылады. 
1.7  Кеңес заңды  тұлға  болып табылмайды жəне  өз  қызметін  университет  басшысымен 
бекіткен Жас ғалымдар Кеңесі туралы ережеге сəйкес іске асырады.  
 
2 Негізгі мақсаттары мен міндеттері  
2.1 Кеңестің негізгі мақсаттары:  
-  əлеуметтік  жəне  қолданбалы  тағылымдамаларда    олардың  ғылыми  зерттеу  іс-
əрекеттерін қолдап, жас ғалымдар талпынысына ықпал жасау;  
- жас ғалымдарға кəсіби деңгейлерін арттыруда көмек көрсету; 
-  ғылыми əлеуетті дамыту жəне жас ғалымдардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске 
асыру;  
-  университеттің  жас  ғалымдарының  кəсіби,  зияткерлік,  заңды  жəне  əлеуметтік-
тұрмыстық мүдделері мен құқықтарын іске асыру, қорғау; 
- ғылыми білімді жəне ғылымның заманауи жетістіктерін насихаттау.  
2.2 Кеңестің негізгі міндеттері: 
-  жас  ғалымдарды  оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгеруге,  дайындауға,  оны 
тəжірибеге  енгізуге,  сонымен  қатар  тереңдетілген  ғылыми  зерттеу  қызметімен    айналысуға 
ынталандыру;  
-  университеттің  жас  ғалымдарының  кəсіби  өсуіне  ықпал  ету,  жастардың  ғылыми 
бастамаларын  дамыту  жəне  жас  ғылыми  кадрларды  университетте  тұрақтандыру. 
Университеттегі ғылыми жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныс даярлау; 
-  жас  ғалымдардың  ғылыми  қызметінің  ұйымдастырылуы  мен  қаржылық  қолдау 
көрсетілуіне  жəне  олардың  Қазақстан  мен  шет  елдерде  өткізілетін  түрлі  ғылыми-зерттеу 
жобаларына, 
бағдарламаларға, 
ғылыми 
тағылымдамаларға, 
конкурстарға, 
ғылыми 
конференциялар мен семинарларға қатысуына ықпал ету; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 183-беті 
 
183 
 
-  жас  ғалымдардың  ғылыми  зерттеулеріне  қолдау  көрсететін  (грант  бөлетін)  ғылыми 
жобалар,  бағдарламалар  мен  қорлар  туралы,  еліміз  бен  шетелдегі  ғылыми  жəне  білім  беру 
орталықтары, сондай-ақ Қазақстан мен алыс жəне жақын шетелдерде өткізілетін  бейінді  іс-
шаралар (конференциялар, семинарлар) туралы ақпарат беру; 
-  үздік  ғылыми-техникалық  өнім  конкурсын,  ғылыми  конференциялар,  семинарлар, 
дөңгелек  үстелдер  ұйымдастыру  жəне  өткізуге  ықпал  ету,  жас  ғалымдарға  ғылыми 
мақалалары мен баяндамаларын жариялауға көмек көрсету; 
-  жас  ғалымдарға  ҒЗЖ  əдістемесі  мен  əдіснамасын  меңгеруге  көмек  көрсетуге 
бағытталған  іс-шаралар  өткізу;  жас  ғалымның  ғылыми-техникалық  жəне  мəдени  өсуіне 
ықпал ету;  
- ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары жас ғалымдарының ғылым зерттеулері мен 
əзірлемелерінің ақпаратты мəліметтер базасын құру;  
-  жас  ғалымдарға  отандық  жəне  шетелдік  гранттарға  қатысу  үшін  белсенді  жұмыс 
істеуге,  магистратураға  түсуге,  импакт-фактор  журналдарда  мақала  жариялауға  кеңес  беру, 
зерттеу жүргізіп, диссертациясын қорғауға көмек көрсету;  
-  Жас  ғалымдарды  ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің  жəне  басқа  да 
министрліктердің  сыйақыларына  ізденушілікке  ұсыну;  дарынды  жас  мамандарға  мақсатты 
магистратураға түсуге қолдау көрсету; 
-  Жас  ғалымдардың  еңбегі,  тұрмысы  мен  демалысы  мəселелері  бойынша  өзінің 
ұсыныстарын ректоратқа білдіру; 
-  Жас  ғалымдардың  өздерінің  əлеуметтік  мəселелерін  шешуге  бағытталған 
бастамаларына қолдау көрсету. 
  
3 Жас ғалымдар кеңесінің құрамы  
3.1  Кеңестің  мүшесі  осы  Ережені  мойындайтын  35  жасқа  дейінгі  университеттің  жас 
ғалымдары, студенттері, магистранттары мен PhD докторанттары бола алады. 
3.2  Кеңес мүшелігіне əр факультеттен деканмен бекітіліп 1 адам ұсынылады. 
3.3  Кеңес мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптар: 
- Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс; 
-  Қарым-қатынас  жасай  білу  жəне  ұйымдастыру  қабілеттері,  азаматтық,  жеке  жəне 
ғылыммен айналысу ұстанымының болуы, педагогикалық тактісі болуы керек. 
3.4  Кеңес  мүшелігіне  ұсынылған  факультет  өкілі  1  жылға  сайланады.  Алдағы  уақытта 
оның Кеңеске мүшелігі факультеттің шешімімен тоқтатылуы не ұзартылуы мүмкін. 
3.5  Кеңес  төрағасы  жас  ғалымдардың  жалпы  жиналысында  сайланады.  Кеңес  құрамы 
университет президентімен бекітіледі. Кеңестің құрамы 10-12 адамнан тұрады. 
3.6 Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы:  
- Кеңес қызметін басқарады;  
- Кеңестің шешіміне жəне басқа да құжаттарына қол қояды;  
- Кеңес мүшелері арасында міндеттерді бөледі;  
- Кеңесті  шақыру  жəне  оның  кезекті  отырысын  өткізу  мерзімі  туралы  шешім 
қабылдайды;  
- Кеңес отырысын өткізеді;  
- Кеңестің жұмыс жоспарын, отырыстың күн тəртібін жəне жұмысына қажетті басқа да 
құжаттарды бекітеді;  
- Кеңес қызметі туралы жылдық есептің дайындалуына басшылық жасайды;  
- Ғылыми жəне халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президентпен осы Ережеге сай 
байланыс  жасайды  жəне  Кеңестің  осы  Ережемен  бекітілген  қызметін  орындауға  жауапты 
болады. Төраға болмаған жағдайда Кеңес қызметін оның орынбасары басқарады.  
3.7 Кеңестің хатшысы:  
- Кеңес отырысының күн тəртібі жобасын жасайды;  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет