ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 206-беті
206
– өзі тəлімгерлік ететін топтардың академиялық дəрістеріне қатысуға, студенттердің
үлгерім динамикасын біліп отыруға;
– топпен бірге оқу, тұрмыс жəне басқа да мəселелерді талқылауға қатысуға;
– студенттердің ағымдық жəне семестрлік үлгерімін қадағалауға; оның қорытындысын
талқылау үшін жиналыс өткізуге;
– топ студенттерінің оқытушылар мен элективті пəндерді таңдауына көмектесуге;
– топ студенттерін ынталандыру үшін моральдық жəне материалдық мадақтау мен
марапаттауларға ұсыныстар жасауға.
30.Тəлімгерлер осы ережеде көрсетілген міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда
оларға тəртіптік шара қолданылады.
4.5 АЗАМАТТЫҚ - ПАТРИОТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЕРЕЖЕСІ
1 Жалпы ережелер
1. Бұл ереже ҚР Конституциясына, «Қазақстан-2050» даму стратегиясына, №319 -III 27
шілде 2007ж. ҚР «Білім туралы» Заңына 09.01.2012 жылы берілген өзгертулер мен
толықтырулар, 12 наурыз 2005ж Білім беру бағдарламасын іске асыратын жоғары кəсіби
білім беретін білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелеріне, оқытудың кредиттік
технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелеріне (22 қараша 2007ж. № 566),
сəйкес жасалған. Жалпы ережелер ұйымның негізгі ережелері мен жоғары оқу орындарында
кредиттік технология жағдайында азаматтық-патриоттық білім берудің негізгі ережелерін
кұрайды.
2. Ереже жоғары оқу орындарында азаматтық-патриоттық жұмыстарды ұйымдастыру
талаптарын, мақсаты мен міндеттерін жəне жүргізу формаларын бір ізге салады.
2 Негізгі терминдер мен оның анықтамасы
Азаматтық-патриоттық білім беру - əлеуметтік маңызды сала, тұлғаның құндылық
қасиеттерін қалыптастыруға, жан-жақты рухани, интеллектуалды жəне дене құрылысының
дамуына, келешек маман тұлғаның өзін-өзі жетілдіріп, шығармашылығын іске асыруға
қолайлы жағдай туғызуға бағытталған мақсатты жүйелі қызмет.
Азаматтық білім - қол жетерлік, объективті, саяси плюрализмге негізделген қосымша
үздіксіз тұрақты жалпы саяси – мəдени, кəсіби білім беру жүйесі.
Саясибілім - тенденциялар мен жүргізіліп жатқан өзгерістер туралы саясаттың
қалыптасу технологиясы мен өкіметтің құрылуы, саяси құқықтар мен еркіндік жайында
білімнің қалыптасу жүйесі.
Мəдени білім – мəдени кұндылықтарды игеру жəне өз бос уакытын толыққанды
ұйымдастыру мақсатында құқықтық, экономикалық, экологиялық, көркемдік жəне өнегелілік
мəдениетін қалыптастыру.
Рухани - өнегелі білім - білім алушының санасының мағыналы əрекеттер жасауына əсер
ету, тұлғаның этикалық принциптерін, оның моральдық қасиеттері мен мақсатын əлеуметтік
өмірдің нормалары мен дəстүрлеріне сай қалыптасты.
3 Негізгі ережелер
1. Бүгінгі күні білім берудің Қазақстандық моделін, оның мақсаты мен стратегиялық
бағыттарын белгілеу, білім берудің ұлттық құндылыктарын анықтау, студент жастарға білім
беру бағдарламаларын жасау - өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Азаматтық-патриоттық
білім беру тек ғылыми негізделген тəрбие жүйесінде ғана арнайы модельденіп, тұлғаның
өзін-өзі дамытуға өмірден өз орнын алуға жағдай туғызатын, əділ, əлеумет құптайтын
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 207-беті
207
құндылықтарды қалыптастыратын, азамат тəртібінің үлгісін қабылдайтын арнайы
ұйымдастырылған үдеріс болуы керек. Бұл ереже университетте позитивті, жасампаздық
көзқарасқа ие, жауапкершілікпен қарайтын, саналы таңдау жасап, Отан үшін, қоғам үшін, өзі
үшін өз бетінше шешім қабылдай алатын тұлғаны - азаматты қалыптастыру сонымен бірге
берік өнегелі талаптарға ие, жаңа идеяларды қабылдағыш, өзгерістерге бейімделгіш тұлғаны
үнемі жетілдіріп отыру жұмысын ұйымдастыруға бағытталған.
2. Университеттегі азаматтық-патриоттық білім берудің мақсатты талаптары əрбір өсіп
келе жатқан жас адамды өз қоғамының нағыз азаматы, өз Отанының патриоты, адамзат
кұндылықтары үшін күрескері етіп тəрбиелеу. Мұның бəрі студент жастардың интелектуалды
дамуымен бірге олардың шығармашылық əлеуетінің дамуын, өз бетінше ой пішіп, өз білімін
үнемі жаңартып, тереңдетіп, өзі оқып жүрген қоғамы мен ұжымының экономикалық, саяси,
əлеуметтік, мəдени өміріне араласуға дайын болуын талап етеді.
3. Азаматтық-патриоттық тəрбие азаматтық, саяси жəне мəдени білім беруді қамтиды.
4. Азаматтық-патриоттық білім берудің негізгі мақсаты білім алушылардың жоғары
патриоттық санасын, өз отанына деген мақтанышын, азаматтың парызы мен Отан
қажеттілігін
қорғаудағы
конституциялық
міндеттерін
орындауға
дайын
болуын
қалыптастыру, студенттік ортада жоғары əлеуметтік белсенділік, азаматтық жауапкершілік,
рухани жандылығын дамыту.
5. Азаматтық-патриоттық білім берудің мақсаттары төмендегі міндеттерді орындау
арқылы шешіледі:
− жоғары оқу орындарында азаматтық-патриоттық білім берудің артықшылықтарын
анықтау;
− білім алушылардың санасында əлеуметтік маңызды патриоттық құндылықтардың,
көзқарастар мен ойларының, Қазақстанның мəдени жəне тарихи өткенін, Қазақстан
территориясында тұратын барлық халықтардың салт-дəстүрлерін қадірлеуді орнықтыру;
− ғылыми-білімділік жəне əлеуметтік-экономикалық, мəдени, құқықтық, экологиялық
жəне де басқа проблемаларды шешу аркылы азаматтық көзқарасы белсенді дамыған
тұлғаларды қалыптастыруға жағдай жасау;
−
білім
алушыларды
ҚР
Конституциясын,
заңнамаларды,
қоғамдық
жəне ұжымдық өмір нормаларын қадірлеуге тəрбиелеу, адамның Конституциялық құқықтары
мен міндеттерін, азаматтық жəне кəсіби талаптарын іске асыруға жағдай жасау;
− білім алушыларға мемлекеттік рəміздерді - ҚР Елтаңбасын, Туын, Əнұранын
қадірлеп, мақтан тудыратын сезім қалыптастыру.
6. Студент жастарға азаматтық-патриоттық білім беру жұмысын ұйымдастыру
ҮШІН
бұл
салада бірыңғай саясат пен бұл саясатқа сай келетін жүйесі. Ондай жүйе құру міндетті түрде
жоғары оқу орыңдарындарының кұрылым бөліктерінің сонымен бірге қоғамдық ұйымдар
мен бірлестіктердің қызметін біріктіруді болжайды.
7. Азаматтық-патриоттық білім беру жүйесі тəрбие, білім беру жəне ағартушылық
қызметтің нормативті-құқықтық жəне рухани-өнегелілік базасын сонымен бірге жоғары оқу
орындарында білім алушылардың патриоттық сезімі мен санасын қалыптастыратын іс-
шаралар кешені құрайды.
8. Азаматтық-патриоттық білім беру жүйесінің негізгі бөлігін бұқаралық ақпарат
құралдары, ғылыми жəне шығармашылық одақтар, ардагерлер, жастар жəне басқа қоғамдық
ұйымдар мен бірлестіктердің, еліміздің негізгі діни конфессия өкілдерінің қатысуымен
университет ұйымдастырып, үздіксіз жүргізілетін патриоттық жұмыс құрайды.
9. Берілгін тиімділік деңгейіне жəне азаматтық-патриоттық білім беру жүйесі
қызметінің нəтижелілігіне жету практикалық қызметте белгілі жағдайлармен жан-жақты
камтамасыз ету арқылы іске асырылады.
10. Азаматтық-патриоттық білім беруді нормативті-құқықты жағынан қамтамасыз ету
нормативті-құкықтық базаны жетілдіру жəне патриоттық білімнің құрамды бөліктері ретінде
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 208-беті
208
соңғы жылдары жоғары оқу орындарының барлық салаларында, елде орын алған
ерекшеліктерін өзгерістерді ескере отырып, азаматтық-патриоттық білім берудіңəлеуметтік-
құқықтық мəртебесін, əрбір өкімет ұйымының, ведомствоның рөлін, орнын, міндетін,
қызметін анықтаудан тұрады.
11. Ғылыми-теориялық қамтамасыз ету:
− азаматтық-патриоттық білім беру саласына зерттеулер ұйымдастыру жəне оның
нəтижелерін практикалық кызметте пайдалану;
− патириоттық білімніңмазмұнын мəдени-тарихи, рухани-өнегелілік, əлеуметтік-
гуманитарлық ғылымдар саласындағы маңызды жетістіктер негізіндегі идеологиялық жəне
де басқа компоненттерді ендіру арқылы байыту.
− білім алушыларды патриоттық кұндылықтарға тартудың, оны рухани меңгерудің
жолдарын негіздеу;
12. Əдістемелік қамтамасыз ету.
− азамат тұлғасын қалыптастыру мен дамыту мəселелері бойынша əдістемелік
ұсыныстар жасау;
− жоғары оку орны іске асырып отырған білім беру формалары мен əдістерін дамыту
жəне жетілдіру;
− алдыңғы қатарлы отандық жəне шетелдік педагогикалық іс-тəжірибені ескеру.
13.Азаматтық-патриоттық білім беруді қаржы экономикалық жағынан қамтамасыз ету:
− өндірістік жəне кəсіпкерлік құрылымдарды азаматтық-патриоттық білім беру
тиімділігін көтеру мəселелеріне тарту.
− іс-шаралар мен мүмкінділігіне қарай қаржыландыру.
14. Студенттердің оқу жəне оқудан тыс уақытта білім алуы:
− Қазақстан халқына Президенттің жыл сайын жіберетін Жолдауының, ҚР Үкіметінің
əлеуметтік-саяси құжаттарының негізгі жағдайларын ашу, студент жастардың азаматтық
сапасының жоғары деңгейде дамуына септігін тигізетін ҚР мемлекеттік рəміздерін
насихаттау
− соғыс жəне еңбек ардагерлерімен, Қазақстан халықтары Ассамблеясы өкілдерімен,
бүгінгі күнгі көрнекті тұлғалармен кездесулер жүргізіп, өз Отанына деген мақтаныш сезімін
ояту;
− «Қазақ тілі» қоғамы жəне ұлттық мəдени орталыктар арқылы мемлекеттік тілге,
ұлтаралық қатынас тіліне, Қазақстан халықтары тілдеріне деген сүйіспеншілікті орнату;
−
студенттерді
Республиканың
экономика,
əлеумет,
мəдениет
саласындағы
жетістіктерімен, Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы қызметімен таныстыру;
− білім алушыларды студенттердің ғылыми қоғамдарының жұмысына, қызығушылығы
бойынша клубтар мен үйірмелерге, қоғамдық бірлестіктерге тарту.
15. Студенттік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру:
− білім алушылардың белсенділігін, көшбасшылық қасиеттері мен басқару қабілеттерін
қалыптастыру мақсатында жастар ісі бойынша комитеттің қызметін жүргізу, жастар
комитетінің дамуына қолдау жасау;
− білім алушылардың белсенділігін арттыру мақсатында студенттік өзін-өзі басқарудың
жоғары ұйымы-студенттік кеңесті сайлау, (студенттік ректор, проректорлар,);
− құрылым бөлімдеріндегі ағымдағы мəселелерді шешу үшін факультеттерде
студенттер деканатын ұйымдастыру;
− білім алушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру үшін Дебат орталығын
ұйымдастыру;
16. Білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру:
− жоғары оқу орнында адамдардың оғаш əрекеттер факторларын жойып, белсенді өмір
сүру жүйесін құруға бағытталған салауатты өмір орталығын ұйымдастыру;
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 209-беті
209
− салауатты өмір салтын насихаттау, іс-шараларын өткізу, спорт іс-шаралары, есірткіге,
шылымға, алкагольге қарсы насихаттау көрмелері ұйымдастырады. т.б.
− салауатты өмір салты мəселелері бойынша ақпараттық-əдістемелік материалдарын
шығару;
− Қазақстан Республикасының белгілі спортшыларымен, спорт ардагерлерімен, ҚР
еңбегі сіңген жаттықтырушылармен кездесулер ұйымдастыру;
− білім алушыларды денешынықтыру мен спорттың көпшілікке арналған сабақтарына
тарту мақсатында спорт секцияларын ашу, спартакиадаларға, денсаулық фестивальдеріне,
көпшілік жеңіл атлет жүгірістеріне байқауына қатысу.
4.6 СТУДЕНТТЕРДІҢ ІШКІ ТƏРТІП САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1 Жалпы ережелер
Тəртіп бұзушылық жəне тəртіптік шаралар
Тəртіптік шаралардың түрлері мынадай:
а) ескерту: студентке студенттік міндеттері мен іс-əрекеттерінде барынша абай болу
керектігін жазбаша білдіру;
ə) сөгіс: студентке студенттік міндеттері мен іс-əрекеттерінде кемшілік жібергенін
жазбаша білдіру;
б) қатаң сөгіс: студентке студенттік міндеттері мен іс-əрекеттерінде өрескел қателік
жібергенін жазбаша білдіру;
в) оқудан шығару: студентке бұдан былай университетке оқуға қабылданбайтынын
ескерте отырып, оқудан шығарылғанын жазбаша білдіру. Оқудан шығарылған студент
университетке жəне оның ғимараттарына кірмейді, студенттік құқықтарын пайдалана
алмайды.
Ескерту
Ескерту берілетін іс-əрекеттер мен жағдайлар төмендегідей:
а) студенттік сипатына жат əдепсіз іс-əрекеттерге бару;
ə) адамдармен қарым-қатынас кезінде дөрекілік жəне құрметсіздік таныту, көпшіліктің
мазасын алатындай дəрежеде айқайлау, əн айту, сазды аспаптарда ойнау, шулау, айналасын
таза ұстамау;
б) құзыретті органдар тарапынан сұралатын сұрақтарға себепсіз, уақытылы жауап
бермеу;
Сөгіс
Сөгіс берілетін іс-əрекеттер мен жағдайлар төмендегідей:
а) студенттік сипаты мен беделіне жат ұстанымдар мен іс-əрекеттерге бару;
ə) университет ғиматтарының қабырғалары мен мүліктеріне жазу, белгі, сурет жəне т.б.
салу, жабыстыру, университет мүлкіне зиян келтіру;
б) университет басшыларының талап еткен мəліметтерін толық немесе дұрыс бермеу,
яки мүлдем хабарсыз кету;
в) университет басшылары белгілеген жерлерден тыс орындарға, университет
басшыларының рұқсатынсыз жарнама жəне хабарландыру ілу;
г) аудиторияда, зертханада, шеберханада жəне конференция залдарында өтіп жатқан іс-
шараларға кедергі келтіру;
д) университет ішінде алкогольді ішімдік ішу немесе аудиторияда, зертханада,
шеберханада жəне конференция залдарында өтіп жатқан іс-шараларға алкогольді ішімдік
ішіп қатысу;
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 210-беті
210
е) университетке қарасты аудиторияларда, зертханаларда, шеберханаларда, ауруханада,
денсаулық сақтау орындары мен қосалқы ғимараттарында, коридорларында жəне ауласында
студентке жат киім кию жəне көріністе болу;
ж) университетте немесе басшылардың рұқсатымен ілінген хабарландыруларды,
бағдарламаларды, т.с.с. қағаздарды жырту, жұлып тастау, өзгерту, сызу немесе былғау;
Қатаң сөгіс
Қатаң сөгіс берілетін іс-əрекеттер мен жағдайлар төмендегідей:
a) университет басшыларымен, оқытушыларымен жəне қызметкерлерімен қарым-
қатынас кезінде құрметсіздік жəне əдепсіздік таныту;
ə) өзге біреудің үйренуге жəне үйретуге деген еркі мен талпынысын шектеу, оқу
орнының тыныштығы мен тəртібін бұзу,
б) құмар ойнау немесе ойнатқызу;
в) университеттен алған, өзіне тиесілі құжатты басқа біреуге пайдалану үшін беру
немесе басқа біреудің құжатын пайдалану;
г) Ректораттың хабарынсыз жəне рұқсатынсыз университет ішінде немесе тысында
университеттің атынан қандай да бір əлеуметтік, мəдени, спорттық, т.с.с. іс-шараларды
ұйымдастыру;
д) жиналыстар мен салтанатты жиындардың тыныштығы мен тəртібін бұзу;
е) Ректораттың хабарынсыз университетте хабарландыру тарату, афиша жəне
транспарант ілу;
ж) университетке қарасты ашық жəне жабық орындарда басшылардың рұқсатынсыз
жиналыс өткізу немесе қатысу;
и) университет басшыларын, оқытушыларын жəне қызметкерлерін қорқыту немесе
балағаттау,ұрлық жасау;
к) жеке өзі немесе топтасып университет басшыларының жеке басына немесе
шешімдеріне қарсы дөрекі сөз айту, мақала жариялау, осындай іс-əрекеттерге студенттерді
арандату немесе өзі істеу;
м) басқа біреуді немесе топты қорқыта отырып, қылмыс саналатын іс-шараларды
ұйымдастыруға, қатысуға, жалған мəлімет беруге, жалған айғақ көрсетуге немесе кінəні өз
мойнына алуға мəжбүрлеу;
н) университетте тыйым салынған əр түрлі басылымдарды сақтау, көбейту жəне тарату;
Оқудан шығару
Оқудан шығаруға себеп болатын іс-əрекеттер мен жағдайлар төмендегідей:
а) Қазақстан Республикасының рухани болмысына нұқсан келтіретін сөй айту немесе
іс-шаралар ұйымдастыру, осындай іс-əрекеттерге қолдау көрсету, көмектесу мемлекеттің
рухани болмысына ауызша яки жазбаша нұқсан келтіру;
ə) Қазақстан Республикасының мүддесіне қарсы істеген қылмысы үшін жауапқа
тартылу;
в) университет қызметкерлерінің жұмыс істеуіне кедергі келтіру немесе студенттерді
осындай іс-əрекеттер жасауға арандату;
г) университетте бойкот жариялау, ереуілге шығу, басқыншылық жасау, жұмыс
қарқынын бəсеңдету немесе тоқтату мақсатында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысу я
болмаса осындай іс-шаралардың ұйымдастырылуына қолдау көрсету;
д) идеологиялық жəне саяси мақсатпен ұйым тыныштығы мен еңбек тəртібін бұзу;
е) ресми құжаттарға жалған мəліметтер енгізе отырып, жалған құжат дайындау немесе
дайындауға əрекет ету, көмектесу;
ж) университет ғимараттарына кіруіне тыйым салынса да, бұған бойұсынбау немесе
құзыретті органдар тарапынан жабылған ғимараттарға кіру, зиян келтіру немесе бұзу;
з) есірткі зат қолдану, тасымалдау, сақтау немесе сату;
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 211-беті
211
и) қару-жарақты, оқ-дəріні немесе шабуылдау жəне қорғану кезінде пайдалану үшін
арнайы істелінген пышақ секілді суық қаруларды, жарылғыш заттарды тасымалдау,
университет ішінде алып жүру немесе осындай қылмыстары үшін жауапқа тартылу;
к) бір адамға немесе топқа, қандай себеппен болса да, қысым көрсету немесе
көрсеткізу;
л) заңсыз ұйымдарға мүше болу, қызмет ету немесе жəрдем беру;
м) қауіпсіздік органдары іздеу салған азаматтарды жасыру немесе оларға пана болу;
н) басқа біреулерге қасақана күш қолдану;
о) қарақшы топ құру, біреудің немесе қандай да бір топтың атынан ақша жинау немесе
қарақшылық жасау;
п) адамдарды тіліне, дініне, нəсіліне, түсіне қарай алалауға алып келетін іс-əрекетке
бару жəне абыройын таптау, зорлау.
Тəртіп бұзушылықты қайталау жəне қарастырылмаған тəртіп бұзушылықтар
Жоғарыда аталған жəне тəртіптік шараны қолдануға себеп болған іс-əрекеттерді немесе
сипаты мен мазмұны жағынан осыған ұқсас іс-əрекеттерді жасаған студентке бірдей
тəртіптік шара қолданылады.
Тəртіптік шараны қолдануға себеп болған іс-əрекетті немесе жағдайды қайталаған
қызметкерге бұрынғыдан ауыр шара қолданылады.
Тəртіп бұзушылықты тексертуге құзыретті басшылар
Тəртіп бұзушылықты тексертуге құзыретті басшыларға университет ректоры,
факультет декандары жатады. Тəртіп бұзушылықты тексертуге құзыретті басшылар тəртіп
бұзушылықты тексеру ісімен тікелей өздері айналысуы немесе арнайы құрған тексеру
комиссиясы арқылы жүргізуі мүмкін. Тəртіп бұзған студенттер əр түрлі мамандықтарда білім
алып жатқан болса, онда тексеру комиссиясы ректор тарапынан құрылып, ең кемі үш кісіден
жасақталады.
Тəртіп бұзушылықты тексеру ісі тəртіп бұзушылықтан хабардар болған күннен кейінгі
жұмыс күні басталады. Тексеруді жүргізу үшін тексеру комиссиясы тағайындалған жағдайда
тексерудің жүргізілетіні жөніндегі шешім тексерушіге немесе тексеру комиссиясына беріледі.
Тексеру ісі шешім қабылданғаннан күннен бастап ең кеш 15 күн ішінде аяқталуға тиіс.
Өзін-өзі қорғау құқығы
Тəртіп бұзушының жазбаша түсініктемесі алынбастан, оған тəртіптік шара
қолданылмайды. Тексеру есебін алған, тəртіптік шараны қолдануға құзыретті басшы немесе
комиссия тəртіп бұзған студенттен жазбаша түсініктеме беруін талап етеді. Тəртіп бұзған
студентке жолданатын хатта тəртіп бұзушылықты тексеру ісінің ашылу себебі жəне ең кемі
үш күн ішінде жазбаша түсініктеме беру керектігі жазылады. Куəгерлердің түсініктемелері
жəне басқа да дəлелдер нақтыланады. Белгіленген мерзім ішінде немесе белгіленген күні
келіп, түсініктеме бермеген студент өзін-өзі қорғау құқығынан бас тартқан деп есептеледі.
4.6 СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
1 Жалпы ережелері
1.1. Жатақханада орын бір оқу жылына жəне 1-курстың студентіне ғана беріледі.
1.2. Жатақханадағы орынды Директордың тəрбие істері жөніндегі орынбасары бөледі.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 212-беті
212
1.3. Əрбір студентпен келесі құжаттарды ұсынғаннан кейін жатақханада тұруға жеке
Шарт (əрі қарай Шарт) бекітіледі:
– жеке куəлігі;
– студенттік карточкасы;
– суреті 3х4 –1дана;
– өтініш.
1.4. АƏИУ жатақханасында тұру үшін ақы төлеу былайша жүргізіледі:
- сəйкес академиялық семестрдің басында бүкіл семестр үшін алдын ала ақысын төлеу,
не болмаса
- академиялық жыл үшін толық көлемде ақы төлеу.
1.5. Квитанциямен фискалдық чек, сондай-ақ жатақханада тұруға жасалған Шарт
жатақханада əрі қарай тұру үшін негіз болып табылады.
Бөлменің кілтін алу жəне жатақханада тұру құқығы студенттің тұру үшін төлеген ақысы
негізінде жатақхана əкімшілігі берген жолдамамен бекітіледі.
1.6. АƏИУ жатақханасында студенттердің тұру қауіпсіздігі мен қоғамдық тəртіпті
сақтау мақсатында жатақханаға келуге қонақтар мен туысқандарға осы тармақта көрсетілген
қатаң тəртіпті сақтаумен сағат 11:00-ден 21:00 дейін рұқсат беріледі. Студенттің бөлмесі мен
АƏИУ жатақханасының оқу бөлмесіне келесі жағдайларда жіберуге рұқсат беріледі:
- егер Студент қонағы үшін өзіне толық жауапкершілік алған жағдайда;
- Студенттің қонақпен бірге бірлескен жобаны əзірлеу қажеттігі болғанда.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларда Студент пен қонақ өздерінің жеке құжаттарын
АƏИУ жатақханасының күзетшісіне тапсырады.
Жатақханаға келушілерді қабылдау ережелерін бұзған жағдайда Студентке ескерту
жазылады.
1.7. АƏИУ-дің студенті болып табылмайтын тұлғаның 22.00-ден кейін жатақханаға
кіруге құқығы жоқ.
1.8. Жатақхананың асхана, теледидар көру залы сағат 22.00-ден кейін барлық
келушілер үшін жабық болады жəне оған көрсетілген уақытта жатақхана резиденттері ғана
кіре алады.
1.9. Студенттің бөлмедегі жеке заттары мен мүлігінің сақталуына жатақхана əкімшілігі
жауап бермейді.
1.10. АƏИУ директордың тəрбие істері жөніндегі орынбасарымен жəне Жастар
комитеті, əрбір семестрде алдын ала ескертусіз жатақхана аумағына бірнеше мəрте тексеру
жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |