П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет17/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

дам (ғ.с.)
Ұлы Жаратушы алғашқы адамзат баласын жара-
тып, оған күллі болмыстың тағзым ету керектігін ес-
керткен еді. Осы әмірге бас имеген шайтан Аллаһтың 
рахымынан қуылды. Ібіліс, алғаш жаратылған Адам 
95
«Зилзәл», 99/7-8
96
А.Унал, Құран мәалі, «Ағраф», 7/64, 353. Измир. 2007 


48
Пайғамбарларға иман
атаның ұрпағын жолдан тайдыруды көздеп, Аллаһтан 
қайта тірілетін күнге дейін мерзім сұраған-ды.
97
Аллаһтың рахымынан қуылған шайтан Адам 
атадан кек алудың жолдарын қарастырып, жоспар 
құрды. Аллаһ тағала Адам атаға: «Қалағандарыңша 
жеңдер, бірақ мына ағашқа жақындамаңдар. Егер 
жақындасаңдар, залымдардан және нығметтерімнен 
мақұрым қалғандардан боласыңдар»,
98
– деген-ді. Бірақ 
Адам ата мен Хауа ана «Мәңгілік ағашы мен таусыл-
майтын салтанатты көрсетейін бе?» деген шайтанның 
азғыруына алданып, тыйым салған жеміске қол соза-
ды. Ібіліс Адам мен Хауаның басын айналдырып, бағын 
байлаған сәттен бастап екеуінің де әбүйірі мен ұятты 
жерлері ашылып қалды.
99
Сол сәтте екеуі де жәннат 
жапырақтарымен тәнін қымтамақ болды. Сонда Раббы-
лары: 
«Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па едім? Расын-
да, шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?»,
100
– 
деді. Жұмақта мәңгі қалатындығына сенген Адам ата 
мен Хауа ана, Ібілісті қаперінен шығарып алғандықтан 
қапыда қалды. Дереу жаза басып, жазықты болғанын 
түсініп, тәубелеріне келді. Хақ тағала олардың бұл 
тәубесін қабыл еткенімен,
101
жұмақта мәңгі қалуына 
рұқсат бермей: 
97
«Сад», 38/75-77; «Әнкабут», 29/57; «Ағраф», 7/16-17
98
«Бақара», 2/35
99
«Бақара», 2/36; «Таһа», 20/120-121
100
«Ағраф», 7/22
101
«Бақара», 2/37


49
Пайғамбарларға иман
«(Жәннаттан) бір-біріңе дұшпан болып түсіңдер. 
Сендер жер жүзінде белгілі бір мерзімге дейін 
тұрақтайсыңдар. Жерде тіршілік етесіңдер және 
жерде жан тапсырасыңдар. Және жерден қайта 
шығарыласыңдар»,
102
– деді. Осылайша Аллаһтың 
әмірімен екеуі де жер бетіне түсті. 
Адам (ғ.с.) бүкіл ғұмырын ақиқат жолына арнаған. 
Уақыт өте келе Аллаһ тағала хазірет Адамның 
таңдаулы ұрпақтарының кейбіріне пайғамбарлық мін-
детін жүктеген. Олар да өздеріне берілген бұл міндетті 
бірінен соң бірі мінсіз атқарды. Әр пайғамбар дүниеден 
озған сайын әлем суып, келесі пайғамбардың келуімен 
қара бұлт қаптаған көк жүзі шайдай ашылып, жаз боп 
жадырап, күн боп жарқырап сала беретін
103

Ы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет