52
Пайғамбарларға иман
үнемі мазақтап келекелеумен болды.
112
Өздері Уәдд,
Суағ, Яғус, Яғуқ және Наср деген жануарлар кейпіндегі
пұттарға табынды.
113
Нұх (ғ.с.)
өздерінше ат қойып, айдар таққан
пұттарға табынған халқын құтқару үшін бар жанын са-
лып еңбек етсе де, қауымы бет бұрмады. Қырық жыл
бойы құрық бермеген құрғақшылықтан көз ашпаса да,
райларынан қайтпады.
Нұх (ғ.с.) көпке дейін қауымынан үмітін үзбеді.
Қауымын қуанышпен сүйіншілеп те, қорқытып та
көрді. Ешқандай нәтиже шықпады. Қайта қауымы күн
өткен сайын есіргені сонша – иманға мойын бұрғалы
жатқандарды тура жолдан тайдыра бастады. Нұх
пайғамбарға «егер
сөзің рас болса, бізге қорқытқан
азабыңды көрсетші», – деп имансыздықтарын паш
етті. Тағдырдың ісіне қараңыз, Пайғамбарлардың бәрі
бірауыздан елді бір Аллаһқа сеніп, құлшылық қылуға
шақырса, күпірлік қамытын киген имансыздар да әлгі
сөзді қайталаумен болған. Өйткені Ад, Самуд, Лұт,
Перғауын қауымдары мен Меккелік мүшріктер де дәл
солай деген-ді.
114
Ақырында Нұх (ғ.с.) Жаратқанның әмірімен кеме
жасап, жер бетін су басады. Иман еткен адамдар ғана
кемеге мініп аман қалады. Нұх пайғамбар өзінің ар-
тынан ілескен адамдармен бірге жануардың барлық
түрінен бір-бір жұбын кемеге мінгізеді.
115
112
«Нұһ», 71/7
113
Ибн Қутайба, Тафсир, 487; Суюти, әл-Итқан, ІІ/1078
114
«Ахқаф», 46/22; «Ағраф», 7/70,77; «Әнкабут», 29/29;
«Шұғара», 26/31; «Әнфал», 8/32
115
«Худ», 11/40
53
Пайғамбарларға иман
Жер бетін топан су қаптап асау толқындар арасын-
да тек қана Нұхтың кемесі батпай жүзіп жүрді. Кәпір
атаулы түгелдей суға кеткен соң Аллаһ тағала жер мен
көкке әмір беріп:
«Ей, жер, міндетің аяқталды, суыңды жұт! Ей,
аспан-көк, жауыныңды тоқтат!»
116
деді.
Осы кезде жер топан суды түгелдей жұтты. Көк те
жауынын тоқтата қойды.
Жер суды жұтып жатқанда
теңіз деңгейі бірте-бірте аласарып, таулар қайта көріне
бастады. Нұх кемесі Құранның сөзімен айтқанда
«Жуди» деген таудың басына тоқтаған еді.
Х
Достарыңызбен бөлісу: