П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет30/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

ақия (ғ.с.)
Жақия (ғ.с.) – Зәкария пайғамбардың ұлы. 
Құран кәрімде Жақияның кішкентай кезінен бастап 
жамандықтардан аулақ өмір сүргендігі айтылады.
200
Жақия пайғамбар да әкесі сияқты шейіт болды.
201
И
са (ғ.с.)
Құран: 
«Періштелер: Уа, Мариям! Расында Аллаһ сені 
өз тарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты Мәсих, 
Мариямұлы Иса, бұ дүние мен о дүниеде де абыройлы, 
сондай-ақ Аллаһқа жақын құлдардан болады. Бесік-
те және ержеткенде адамдармен сөйлеседі, әрі игі 
жақсылардан болады. (Мәриям): «Раббым! Маған бір 
(ер) адам жұғыспаса, қалайша балам болмақ?», – деді. 
(Періштелер:) «Аллаһ қалағанын жаратады. Қашан 
199
Табари, Тарих, 2/16
200
«Мәриям», 19/7, 12-15
201
Елмалылы, Хақ Діні, І/421


72
Пайғамбарларға иман
бір істің болуын қаласа, тек оған «бол» десе сонда ол 
бола қалады. Оған (Аллаһ ол дүниеге келетін балаға) 
кітапты, хикметті және Тәурат, Інжілді үйретеді»,
202
– деп Иса пайғамбардың әкесіз дүниеге келгендігін 
баян етуде. 
Мариям ана ұлы Исамен Мысырға аттанады. Онда 
он екі жыл болады. Құранда бұл жайлы: 
«Мәриям ұлы (Иса) мен анасын ғибрат еттік. 
Екеуін бұлақты, құнарлы жерге орналастырдық»,
203
– 
дейді. Кейін Иса (ғ.с.) анасымен бірге Құддысқа қоныс 
аударып, Насира деген жерге қоныс тебеді. Иса (ғ.с.) 
отыз жасқа толғанда пайғамбарлық міндеті жүктеледі. 
Құран Кәрімде Исаның (ғ.с.) балшықтан құс жа-
сап оған рух үрлеуі, өлгендерді тірілтуі, туа бітті 
зағиптердің жанарына жарық сыйлап, шырадай жанды-
руы, алапес ауруын жазуы, көктен дастарханның түсуі, 
хауарилер мен өзге достарының үйлерінде не жеп, не 
сақтайтынын айтуы сынды мұғжизалары баяндалады.
204
Иса (ғ.с.) өмірінің соңына дейін Хаққа сенімі мол 
адал дос іздеді. Көрген қиындығы мен тартқан азабы 
зая кетпей, жанына он екі хауариді серік етті. Оларға 
ақиқатты түсіндірді. Алайда он екі адамның ішінде 
біреуі оған опасыздық жасайды. 
202
«Әли Имран», 3/45-48
203
«Мүминун», 23/50
204
«Маида», 5/110-115; «Әли Имран», 3/49


73
Пайғамбарларға иман
С


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет