67
Пайғамбарларға иман
«Аяғыңмен жерді теп» дедік Біз. Ол жерді те-
уіп қалып еді, тұп-тұнық бұлақ атқылап шықты. Бұл
жуынуға да, ішуге де жарайтын су» деп аян еттік».
177
Ғұламалар:
«Әйюб (ғ.с.) суға шомылған уақытта
денесі, ал ішкенде ішкі дерті жазылды», –деген пікір
айтады. Аллаһ тағала оны бұрынғы күйіне түсіріп, от-
басы бақытын да қоса қайтарды. Бұл туралы Құранда:
«Біз оның тілегін қабыл алып, өз тарапымыздан
жақсылық әрі ғибадат ететіндерге дәріс ретінде тап
болған дертінен жаздық, үй іші мен достарын бір есе
артығымен қосып бердік (яғни өлген балаларының,
жоғалған мал-мүлкінің орнын толтырып, бала мен мал
бердік)
178
.
З
Достарыңызбен бөлісу: