П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет35/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

ұрандағы мұғжизалар:
М
иғраж
Құран: 
«Құлын (Мұхаммедті) бір түні өзіне белгілерімізді 
көрсету үшін Мәсжид Харамнан біз айналасын мүбәрак 
қылған Мәсжид Ақсаға апарған Аллаһ әр түрлі кем-
шіліктен пәк. Шәксіз, Ол естуші, білуші»
228
және 
«Ол жақындап төмендеді. Тіпті (қатар қойылған) 
садақтың екі басының арасындай әлде жақынырақ. 
Сонда Аллаһ құлына уахи ететін нәрселерін көкейіне 
салды. Оның көзінің көргенін көңлі жалғанға 
шығармады»,
229
– деп Жәбірейіл періштенінің өз бей-
несінде уахи әкелгендігіне және миғраж түніне ишара 
етуде.
621 жылы ережеп айының 26-нан 27-не қараған түні 
пайғамбарымыз Мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әл-Харам 
мешітінен (Мекке қаласында Қағбаны айнала қоршай 
орналасқан) Құддыстағы әл-Ақса мешітіне (Палестина 
өлкесінде, Құддыс қаласында орналасқан), ол жерден 
миғражға, бір түнде жеті қабат көкке денесімен әрі ру-
228
«Исра», 17/1
229
«Нәжім», 53/8-11


87
Пайғамбарларға иман
хымен көтерілді. Жеті қабат аспан әлемінде дүниеден 
өткен барлық пайғамбарлармен кездесіп, жұмақ пен 
тозақты көрді.
230
Аллаһ тағаламен перде арқылы тіл-
десті. Осы Миғраж түнінде пайғамбарымызға 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм)
«Бақара» сүресінің соңғы екі аяты, Аллаһқа 
ғибадат етушілер мен Оған серік қоспағандардың 
жәннатқа баратындықтары және мұсылман баласына 
намаздың парыз етілгендігі туралы уахи етілді. 
Хақ тағала пайғамбардың үмбетіне кейбір 
мәселелерді түсіндіру мақсатында пайғамбарымызға 
миғражды нәсіп еткен еді. Миғраж – пайғамбарымыз 
Мұхаммедтің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ең үлкен 
мұғжизаларының бірі.
Бұл түнде, тіпті, жұмақтың бір сағаты осы дүниедегі 
мың сағатқа, Аллаһтың дидарын бір сәт көру жұмақтың 
мың сағатына тең келмейтінін көрген пайғамбарымыз 
Құранға қатысты барлық мәселелерді, құлшылықтың 
мән-мағынасын түсініп адамдарға түсіндіру үшін қайта 
оралған еді.
А


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет