П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет43/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

орытынды
Ұлы Жаратушының әрбір ісі даналыққа толы. 
Аллаһ тағала жаратылған сан мыңдаған тіршілік ие-
лерін, көк пен жерді белгілі бір міндетпен жарат-
ты. Сонымен қатар, Хақ тағала күллі болмыстың не 
үшін жаратылғандығын, олардың кімге және қайда 
оралатындығын, нендей жауапкершіліктері бар екен-
дігін көрсету мақсатында пенделеріне елшілер жібер-
ді. Келген елшілер адамдардың ойлау қабілеттеріне 
қарай Ұлы Жаратушының сипаттары мен көркем есім-
дерін, құлшылықтың негіздерін, Жаратылыстың мән-
мағынасын, олардың қыр-сырымен түр-түсін және жа-
ратылу мақсатын түсіндірді. 
Шариғат бұйрықтарын баршаға баян етпестен 
бұрын өмірінде жалған сөйлемеген жандарды таңдап, 
соларға уахи еткен. 
Таңдалған елшілердің барлығы көркем-мінезімен 
ар-намыстың үлгісі және сенімді тұлғалар бола білді. 
Олардың әрбір әрекеті ақиқат, сөздері тура, 
құлшылықтары шынайы ықыласпен кемелденген. 
Бұл тұлғалар Хақты түсіндірумен қатар, жеке немесе 
жалпыға тән мәселелерді оңай шешетін. Тіпті дүниелік-
ақыреттік мәселелерде де адамның сана-сезімін 
қанағаттандыратын қабілетке ие болатын. 
Иә, барлық пайғамбарлар – адам баласын осы 
дүниеде және ақыретте бақытқа бөленуі жолында 
сенімді жолбасшы, Аллаһтың жаратқан көркем жара-
тылыстарын насихаттаушы. Жүректі шел боп жапқан 
жаман әдеттерден арылтып, оның орнын көркем мінез, 


112
Пайғамбарларға иман
игі қасиетпен толтырған. Олардың жүрегі иманға толы, 
Хаққа сенімі мол және айтқан сөздеріне берік жандар.
Ақиқатқа көздері ашылып көкірегіне сәуле 
түскен, кемелдіктің шыңына шыққандар осы аталмыш 
елшілердің еңбегімен, Аллаһтың қалауымен шынайы 
бақытты тапты. 
Пайғамбарлар Аллаһтан келген мағлұматтар-
ды қаз-қалпында жеткізіп отырған. Тек жеткізіп қана 
қоймай, өздері де әмір етілген негіздерге сай өмір 
сүрген. 
Пайғамбарды жіберу әрі таңдау Аллаһқа ғана 
тән. Осы тұрғыдан қарағанда Аллаһтың жаратқан 
әрбір ісі хикметке толы. Пайғамбарлар мына дүниеге 
тән қажеттіліктерді адамдармен (ішіп-жеу, ұйықтау, 
т.б.) бөлісіп, өз өмірімен сезінген, бастарына келген 
қиындықтарға төзген және артынан ілескендерді ақиқат 
жолына жетелеген таңдаулы жандар. Пайғамбарларды 
тек тарихтағы даңқы жер жарған жай тұлғалар, яғни өз 
дәуірінің тарихи тұлғалары ғана деу әбестік әрі оларға 
деген құрметсіздік болады. Өкінішке қарай, мұндай әбес 
көзқарастар қазіргі таңда да кездесіп жатады. Тарихқа 
көз жүгіртсек, пайғамбарларды тек арадағы шабар-
ман кейпінде көріп, олардың маңызын төмендетпек 
болғандар да кездескен.
Пайғамбарымызға дейінгі адам баласы иләһи 
заңдылықтармен қоса Аллаһтың жіберген елшілерінің 
сөздерін және ізгі амалдарын сол қалпында сақтай ал-
мады. Нәтижесінде адамдар материалдық һәм рухани 
тұрғыдан бақытсыз ғұмыр кешті. Соңғы елші хазірет 
Мұхаммедтің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
келуімен адам баласы 
бақытқа бөленді. Өкініштісі, пайғамбардың сөзіне құлақ 
аспағандар да болды. Мысалы, Батыста иләһи діннің 


113
Пайғамбарларға иман
құндылықтарына ие болмағандықтан, оның орнын ра-
ционализм, позитивизм, т.б. сияқты философиялық 
бағыттар басты. Осылайша дінге де пайғамбарлыққа да 
көзқарас өзгерді.
Аллаһ тағаланың заңдылықтарын былай ысы-
рып қойды. Пайғамбарымыздың келудегі басты 
мақсаты – өзінен бұрын келген елшілердің жеткізген 
заңдылықтарын қайыра еске салу еді.
Сонымен қатар, адамзатқа иман мен құлшылықты 
өзгелерге толығымен түсіндіріп, Аллаһқа жақындау 
жолдарын көрсету, ақиқаттан бұра тартатын зұлымдық 
сияқты жаман қасиеттерден арылуына көмектесу. Олар-
ды жақсылыққа шақыру, жауапкершілігін ескерту және 
Ұлы Жаратушыға деген мойынсұнудың мән-маңызын 
ұқтыру еді.
Пайғамбарлардың әрбір ізгі амалдарында тек 
Аллаһтың разылығы ғана көздейді. Пайғамбарлардың 
салып кеткен сара жолымен жүрген адамдар қиялға 
берілмей, дүние қумай, бір-бірімен таласып-тартыспай, 
тату-тәтті тақуалы болып өмір сүрген. 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, иманның бір 
бөлігін құрайтындықтан пайғамбарларға сенім, оларды 
жақыннан тану бүгінгі күні де аса маңызды. Әсіресе, 
он сегіз мың ғаламға нұрын шашып, күллі адамзат пен 
жындарға пайғамбарлық атқарған Аллаһ тағаланың 
сүйікті елші Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу 
алейһи уәсәлләм) пайғамбарлық болмысын зерделеу
әрбір тағылымды ісінен үлгі алу әрбіріміз үшін ауа-
дай қажет. Пайғамбар – өмірде Аллаһтың әміріне сай 
дұрыс жол көрсетуші десек, ал бұны елемей өздігінен 
жол таппақ болғандардың адасатыны сөзсіз. 


114
Пайғамбарларға иман
П


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет