Реактивті қозғалыс импульстің сақталу заңына негізделген
Иә/жоқ
Ғарышқа алғашқы қадам жасаған белгілі ғалым Королев
Иә/жоқ
18. ҚАЙНАУ Берілген мәліметті оқып төменгі сұрақтарға жауап беріңіздер Буланудың екінші тәсілі – қайнауды қарастырамыз. Қайнау процесін бақылау үшін құтыға су құйып, температурасын өлшей отырып, қыздырамыз. Біраздан кейін құтының үстіңгі жағында тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады. Температурасы ары қарай жоғарлағанда құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде көптеген кішкене көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Бұлар судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. Қыздырған кезде олар судан бөлініп шығады. Ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейе береді. Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да, жоғары көтеріледі. Осы кезде әдетте қайнар алдында ызыл естіледі. Өйткені жылы су буы көпіршіктерімен салқын су көпіршіктері соқтығысқанда дыбыс шағарады. Белгілі бір температурада көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Бұрқылдап су қайнай бастайды.
• Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды булану қайнау деп аталады. Біз кез-келген жер бетіндегі денелерге атмосфералық қысым әрекет ететінін білеміз. Енді осы су көпіршіктері қандай жағдайда осы атмосфералық қысымды жеңіп сырқа шығады? Қайнау кезінде көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан төмен болмау керек.
• Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді;
• Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды.