P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


деп ана тілінің мүшкіл халін шынайы түрғыда таразыға



Pdf көрінісі
бет110/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   277
Байланысты:
Жаксылыкбаева Р.

деп ана тілінің мүшкіл халін шынайы түрғыда таразыға
салғанын аңғарамыз. Бұл ойдың астарында тіл құрыса ұлттың да
құритынын, ал, ұлт құрыса, үлттық мэдениет, дэстүр, сана-сезім
де түгелдей жойылатыны жатыр. Демек, Отанға деген құрмет пен
сүйіспеншілік - ұлттық тілден бастау алады. Тіл білмегеннен кейін
де кейбір жастарымыз қазақ тарихын білмейді, тарихын білмеген
соң, салт-дәстүрін, мэдениетін жете ұғынбайды. Осыдан барып
тұла бойында ұлттық намысы жұтаң жастар ұлт рухын сыйлаудан
алшақтап, отаншылдық сезім і орнықсызданады. Оны күнделікті
өмір дәлелдеп отыр.
Ақын Қадыр Мырзалиевтің «Домбыра» кітабының алғы-
сөзіндегі «Тиек» атты өлеңінде:
«Шындық та жөтел сияқты,
Жыбырлап тұрар тамақта», -
деген тамаша тіркес бар. Сол тәрізді бүгінгі үлкен кемшілік -
мемлекеттік тілге қатысты қабылданған заңдық нормалар мен
қүжаттардың орындалуын қадағалаудың жоқтығы. Тиісті ұйымдар
тарапынан бақылаудың жоқтығынан Үкіметтің 1998 жылғы 14 та-
мызда қабылдаған «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің
қолданылу аясын кеңейту туралы» қаулысындағы: «Іс қағаздарын
жүргізу жэне ресми құжаттар эзірлеуге қатысты құрылымдар
мамандарының мемлекеттік тілді білуі мен оны мемлекет
қаржысының есебінен оқып-үйренуі кәсіби біліктілік талапта-
ры қатарына жатқызылсын», - деген қағида да ұмыт болды. Осы
қаулыда «Орталық атқару органдары 1999 жылдың 1 қаңтарына
дейін өздерінің ресми шараларын, алқа мәжілістері мен түрлі
жиындарын өткізетін залдарын ілеспе аударма жасауға қажетті
техникалық 
қүрал-жабдықтармен, 
мамандармен 
қамтамасыз
етсін», - деген тапсырма да қадағалаусыз қалды. Осыған байланыс-
ты республикалық билік мекемелеріндегі жиындарда сөйленген


86
Ж а қ сы л ы қ б а ева Р.С.
Ж урналист этикасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет