сында - тұрмыстық, сенсациялық нэрселерге бейімділік көбірек байқалатын болса, қазақ журналистикасы - үлт келешегіне алаң- дап, тіліміз, дініміз қалай болады, болашағымыз қандай дәре- жеде дегендей тақырыптарды қаузайды. Солай бола тұра, біздің журналистердің әлеуметтік жағдайы шетел журналистерінің ахуа- лынан әлдеқайда төмен. Қазақ баспасөзінің рөлін бір-ақ нәрседен білуге болады. Қазір бізге шетелден тарайтыны бар, өзімізден шығатыны бар, тек қана газет-журналдың өзі 4 мыңнан астам. Оның 6-7 пайызы ғана - қазақ тілінде. Бұл цифрдың астарында қазақ тілді баспасөздің үлттың руханиятына, ұлттың зердесіне ықпалының қай деңгейде екенін байқауға болады. Бұл ретте жіберіп алған кемшілігіміз өте үлкен. Ақпараттық кеңістік ұлттың м үддесінде бел алмай, ұлттың көсегесі көгере алмайды. Жаңсақ пікірлердің жетегінде кетеді. Өзге, шетелдің зиянды зымиян ой-пікірлердің ықпалында кетеді. Әсіресе, теледидар арқылы үлт өзінің ұлттық қасиетін шайып алуы мүмкін. Үрпақты мүлде басқа арнаға түсіруі мүмкін. Әрине, қоғамды түзейтін де, қоғамды бұзатын да БАҚ де- сек соншалықты қателеспеспіз. Сондықтан да, бүгінгі күні ұлттық баспасөздің сапасына қатты көңіл бөлу қажет. Өйткені, қазіргі ұлттық баспасөзде қазақтың мемлекет қүрушы ұлт екенін көрсетпей, керісінше, біздің ұлттық деңгейімізге сай болмай- тын тақырыптар өршіп бара жатқан сыңайлы. Бұндай жайттың әсіресе зиялы қауым өкілдері тарапынан қозғалатыны өкінішті- ақ. М әселен, бүгінгі оқырман «Шыңғыс хан қазақ па, қазақ емес пе?» «Абылай хан мықты ма, элде Әбілқайыр хан ба?» не- месе «Қазақстандық үлт дүрыс па, қазақ ұлты дүрыс па?» деген секілді айтыс-тартыстардың, бекершілік эңгімесінің куэсі болып отыр. Мүмкін бұндай болымсыз дүниелер белгілі бір деңгейде,