дігін сақтау, бір-бірінен қорку сезімін жою жэне зиян келтіруіне жол бермеу. Эпикурдың түсіндіруінше: «Заңдар ақылдылардың зүлымдық жасауы үшін емес, шараға қаталдық жасалмауы үшін шығарылған». Ежелгі Римнің атақты шешені эрі ойшылы Цицерон «Құдайлардың табиғаты туралы», «Міндеттілік туралы», «Жа- мандық пен жақсылықтың шегі туралы» жэне «Заңдар тура лы» еңбектерінде ақиқатты, әділеттілікті, білімділікті жэне сабырлылықты кең ауқымда қарастыра отырып, азаматтар басқаға зиянын тигізбеуге, басқаның меншігіне кол сұқпауға, әділетсіздікке жол бермеуге, әділетсіздіктен жапа шеккендерге көмек беруге жэне жалпы игілікпен еңбек етуге тиіс екендігін атап өтеді. Цицеронның ойынша: «Адамды жан-жақты жетілуге итермелейтін төрт ізгі нәрсе бар, олар: ақыл, әділетті болу, ерлік жэне сабырлылық. Адам неғүрлым ақ, эділ болған сайын, соғүрлым басқадан арамдық күтпейді». Арамдық пен әділетсіздіктің аз ғана жүғыны бар адамдардың өзі де өзгелерді сондай көреді. Әділдік Цицеронның ойынша, басқаға зиян келтірмеу жэне басқаның меншігін бұзбау. «Әділеттілікке қойылатын бірінші талап, - деп көрсетті, - ешкімнің де басқаға зиян келтірмеуі, екіншіден, барлық адамның ортақ меншікті жалпылай, ал, жекеменшігін өз меншігіндей пайдалана алуы». Заңның көмегі мен күші туралы Цицерон: «Сот - сөйлейтін заң, ал, заң - әлсіз сот», - деген анықтама береді. (Цицерон, О го сударстве. О законах. 1966. 56 б.).
36 Жақсылықбаева Р.С. Журналист этикасы
Ежелгі грек стоиктері сиякты Сенека да барлық себептерді құдайлық рух пен тағдырдан іздейді. Оның айтуынша, «Тағдыр