налистің кызметтегі этикасымен тікелей байланысты. Журналист моралі - шынайы ақпаратты тауып алу кұкығын шектеп, кедергі келтіріп отырған жөнсіздікке қарсы кәсіби топтардың берген жауабы іспетті пайда болған дүние. Жалпы, кәсіби моральді белгілі топтарға катысты қарастырған дұрыс. К эсіби мораль - еңбек етуші әр қызметкердің жұмыс істеу бары- сында өз-өзін ұстауы. Яғни, белгілі бір іс-әрекеттен пайда болады. Оның қызметі - кәсіби топ мүшелерінің өз-өздерін ұстау арқылы еңбектің жақсы көрсеткіштерін көрсетіп, коғамдағы өз орнын ақтай білу. Еңбек пен кәсіби моральдің арасында айырмашылык бар. Еңбек моралі қоғамға қызмет етсе, кэсіби мораль кэсіби топ пен қоғамға қызмет етеді. Ал, норма кәсіби моральдің, мінез- құлықтың, ар-ұжданның қоғамға қажетті, ортак эрі эдеттегі нұсқаларды анықтап, мойындалмаған эрекеттерге тыйым салу секілді негізінен сүзгіштің рөлін атқарады. К эсіби жэне жалпы мораль арасындағы өзара байланыстан «кәсіби борыш», «кәсіби жауапкершілік», «кэсіби ар-үят», «кәсіби міндет» т.б. қосымша мағыналар пайда болды. Кәсіптік міндет - журналистің іс-эрекетіндегі кэсіби тэрбиелік карым-қатынас міндеті. Кәсіби тэрбиелік қарым-қатынаста «кэсіби жауапкерші- лік» пен «кэсіби ар-үят» тығыз байланысты. Журналистің ар- ұяты өзімен бірге өсіп-өнеді, нэтижесінде іс-эрекетінің өлшемін көрсетеді. Егер де журналист тәрбиелік, этикалық зандылықтарды бұзып, оған қайшы келетін іс-эрекет жасаса, ар-үятының деңгейі өздігінен айқындала түседі. Бақылау сұрактары мен тапсырмалары: 1. Дэстүрлі ұлттық кұндылықтардың дамуы мен калыптасуына негіз бо-
латын салдарлар.
2. Этикет ұғымына анықтама.
3. Үлттық тәрбиеге негізделген хадистердің мэні мен мазмұны.
4. Эстетикалық талғам мен таным.