P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


сөзінен, әдеби шығармадан, тағы басқалардан үзінді келтіріп, оны



Pdf көрінісі
бет74/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   277
Байланысты:
Жаксылыкбаева Р.

сөзінен, әдеби шығармадан, тағы басқалардан үзінді келтіріп, оны
өз еңбегінің жемісі етіп көрсету. Бұл туралы сонау 18 ғасырда ұлы
ғалым М .В. Ломоносов: «Ең алдымен, журналист өз әріптестері
айтқан пікір, ойларды ұрлап, өзінікі етіп корсету - ең ұят нәрсе
екенін ұғып алуға тиіс...», - деген орынды пікір айтқан (История
русской журналистики. Хрестоматия. 1991. 13 б.).
Осы тұста жас акын Маржан Ерушованьщ «Қазақстан-Zaman»
газетіне берген (29 желтоқсан 2008) сұхбатынан мысал келтірсек:
«2003 жылы Махамбет Өтемісұлы бабамыздың 200 жылдық ме-
рейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. ¥ л ы той карсаңында
«М ахамбет» атты поэмамды жаздым. 2003 жылы «Арыс» баспасы-
нан «Жыр арқауы - Махамбет» деген жинақ шықты. Осы жинакта
Атыраулық бір ақынның өлеңін беріп, авторы - Маржан Ершуова
деп жазып қойыпты. Мен бүл баспаға өлең тапсырған жокпын. Ал
сол жылы шыққан «Жалын», «Сарыарқа» журналдары менің «Ма­
хамбет» поэмамды үзіп-жұлып, өңін өзгертіп жарияласа, сол жылы
шыққан «Атыраулық ақын-жазушылардың 100 томдығының»
58-томында менің өлеңдерім жарық көрді. Бұл кітаптың ішінде
де бас-аяғы бүтін бір өлеңім жоқ. Бұл жағдайлар мені қатты
мазалады. Авторлық құқығым туралы жылы жауып қойдым
да, шығармашылыққа шындап кірістім», - дейді. Маржанның
басындағы жайт өзге шығармашылық иелерінде де кездесіп жата-
тыны жасырын емес. Ең бастысы, осындай қателіктерге үрынбай,
жазылған дүниеге сілтеме беріп отырғанымыз жөн сияқты.
Плагиатқа қатысты тағы бір мысал келтірсек, 2004 жылдары
Парламенттің қарауына жеті депутат «Мүғалім мәртебесі туралы»
Заң жобасын ұсынған еді. Кейіннен аңғарғанымыздай, дэл осы н­
дай Заңды, сөзбе-сөз, үтірме-үтір, нүктеме-нүкте Қырғыз Респу-


Птарау.
Құқықтық журналистика және бұқаралық ақпарат ... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет