жазаланусыз калатын адам» (Платон, Апология Сократа.). Сократтың: «Ізгі ниеттілер - бакытты», - деген тұжырымын Эпикур ой елегінен қайта өткізеді. Оның ойынша, керісінше, бақыттан бастау керек, өйткені, ол ізгі ниеттіліктің шарты болып табылады. Бақыттылар жамандыкка қабілетсіз, олар жақсылық шұғыласына бөленген. Эпикур: «Барлық игіліктің бастамасы мен тамыры - кұрсақтың тоқтығы: тіпті даналық пен басқа мәдениет те оған қатысты болады», - деп тұжырымдайды (Антология мировой философии. 1969. 360 б.). Платон (б.з.б. 427-347) - ежелгі грек философы, Сократтьщ шәкірті. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау), «Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Фе- дон» (әдептілік туралы), «Мемлекет» (идеялар теориясы), «Те- этет» (білім туралы), «Заңдар» т.б. Платонның пікірінше: «Шын ақиқатты түсіну үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі, ол - адам- дарды шығармашылыққа жетелейтін құдіретті күш. Өмірдегі
8
Жаңсылықбаева Р.С. Журналист этикасы
әдептілік идеясы тек рухани махаббат негізінде ғана ж үзеге асы- рылады. Игілік дегеніміз - жанның реттілігі мен үйлесімділігі». Платонның түсінігінше, игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік жэне әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бэріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруы- на қарай қоғамдағы әлеуметтік топтарды үш топка бөлуге бола- ды: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарығандар - философ- тар, бүлар мемлекетті басқарулары керек. Данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар - әскербасылар, т.б., ал, игіліктің