соңғы екеуі ғана дарығандар - қолөнершілер, шаруалар, саудагер- лер, т.б. Осы әлеуметтік топтардың әрқайсысы мемлекетке пайда- лы жэне өте қажет. Сондықтан, мемлекет өз тарапынан азаматтар- ды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш элеуметтік топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Ал, белгілі ойшыл Стагирит белгілі бір кәсіп иесінің өкілі ретінде адамның өз орны бар деп тұжырымдайды. Аяқ киім тігуші аяк киім тігеді, музыкалық шебер сыбызғылар жасайды. Өмірде өз орнын таппаған адамның болуы мүмкін емес. Адамзат тамақтану мен өсу үшін емес, бұл өсімдіктер өмірінде де бар немесе сезім үшін де емес, өйткені, олар жануарларда да бар, пайымдап, ойлау үшін өмір сүруі тиіс. Бұл кез келген қабілетті жанның ішкі белсенділігінде кездеседі. «Адам игілігі ізгі ниеттінің жанына лайық, егер ізгі ниеттілер бірнешеу болса, онда ең үздігіне жэне неғүрлым кемеліне келгеніне лайық қызмет болып табылады» (Антология мировой филосо фии. 1969, 360 б.). Егер жанның қызметі ізгі ниеттіге лайықталса, онда байлық та, даңқ та жэне басқа да игіліктер осы анықтамаға енгізіледі, өнегелілік түрғысынан қолдау табады. Адамның тіршілік етуі - қызмет, ал, жүзеге асырылған тіршілік ету - жүзеге асқан қызмет. Кімде-кім әрекет етпесе, онда ол тіршілік етпейді. Ойшыл Эмманюэль Мунье мұны «Іс-эрекет жасау» деп атайды (Мунье Э., Манифест персонализма. 1969. 43-6.). Қазақ этикасы - қазақ халкының ұлттық эдеп ж үйесін мораль- ды, адамгершілікті зерттейтін пэлсапалық пэн. Қазақ топырағында әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, эмбебап ғалым - Әл-Фараби Ә бу Нәсір М ухаммед ибн Тархан.