70 Ж а қ сы лы қб а ева Р.С. Ж урналист этикасы
М ұнда БАҚ-тың билік тұтқасын ұстағандардың қол шоқпарына айналып кету қаупі сөз болып отыр. Кейде журналистер дау-дамай туғызсақ, эйгілі болып кетеміз деген теріс пиғылды ойда жүреді. Мұндай заң бұзушылықты дәлелдеп шығу оңай емес. Өйткені журналист пен редакцияның ақпарат көзін құпия түрде ұстауларына құқылы екендігін ескерген жөн. Егер журналистің немесе редакцияның кінэсі дәлелденсе, бұрынырақта жаза ретінде кешірім сұрап, талапкерді ақтап шығатын екінші материал телерадио не баспасөз беттерінен жарық көретін. Қазір бұған қоса, жәбірленушіге моральдық шығындары үшін айыппұл төленуі міндетті. Бұл айыппұл сол дау туғызған жа- риялымнан түсетін қаламақыдан бірнеше есе асып түседі. Әрине, мэселені соттың қарауына дейін апармаған жөн. Дегенмен, мүлдем ешқандай қателер жібермеуге тырысу керек. Журналист қызметі - қауіпті. Көптеген шет елдерде соғыстар жүріп жатады, соның зардабын журналистер де шегеді. Мы- салы, «Экспресс К» газетінде жазылғандай, Алжирде үшінші ақпан күні террористік істің нәтижесінде француз журналисі қаза тауып, австралиялық журналист ауыр жарақаттанды. «Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Алжирде мерт болтан шетел азаматтарының тізімінде француз журналисі жиырма сегізінші болды...», - деп жазады. Ресейде шығатын «Известия» газеті фо- тосурет жэне мэтін жариялады, одан үзінді келтіріп жіберейік: «Жалпыға бірдей сайлау алдында Оңтүстік Африка Республикасы үшін үйреншікті болып кеткен АНК жэне «Инката» арасындағы қарулы қақтығыс кезінде Иоханесбург маңында фоторепортер Кен Остербург қаза тапты...». Н емесе элемнің «ыстық нүктелерінің» бірі - Словакияда «Еркін Еуропа» радиостанциясының үш кор