бостандықтың іргетасы. Уставта ол: «Қазақ елінде адам баласының бәрі тең құқылы. Дініне, қанына, тегіне, нәсіліне қарап адам- ды қорлауға жол жоқ. Адам тек закон мен құдай алдында жауап береді», - деп атап көрсетеді (Алматы ақшамы. - 2007. - 14 маусым. С.Өзбекұлы). Оның мұндай көрегендік саяси көзқарасы бүгінгі күннің талабына сай келетінін дүниежүзілік саяси-элеуметтік тэжірибе өзінен-өзі дэлелдеп отыр. Демократиялық мемлекеттердегі жеке адамның еркін пікір айту, плюрализм идеясын қазақ заңгері жан-тэнімен колдайды. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі қүқықтық мемлекеттерде негізгі міндет ретінде іс жүзіне асырылып жатқан «тыйым салмағанның бәріне рүқсат етіледі деген» қағиданы іс ж үзіне асыруды сол заманның өзінде-ақ жақтаған. Уставтың 13-бабында мынандай пікір бар: «Қазақ елінде адам баласының еркін сөйлеуге, ұйым кұруына һәм партияларға кіруіне ешбір тыйым жоқ». Оның пікірінше, мемлекет те тек қана: «нәсілдердің бір-біріне қарсы итеретін ұйымдардың, партиялардың, адам баласының істеріне тыйым салынады» (Алма ты ақшамы. - 2007. - 14 маусым. С. Өзбекұлы). Б. Сыртанов - «Қазақ елінің уставының» ғана ем ес, соны- мен қатар, «Ынтымақ ережесінің» де авторы болғандығын зерт- теушілер Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров мүра- жайының қолжазбалар қорындағы «Бұқабай балаларының «Ын- тымақ ереж есі» (Барлыбек Сыртанұлы 50 үй арасында мынадай үйым ашады) деп аталатын құжат арқылы анықтап беріп отыр. Бар болтаны 15 баптан тұратын «Ынтымақ ережесі» тек құқыктық мэселелермен ғана шектелмейді, кешегінің де, бүгінгінің де әдеби-эстетикалық мэселелерін де меңзеп, көксейді. «Ынтымак ережесінің» 10, 14-баптарында былай делінеді: «10. Үрлық, өтірік,