P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


болды. Би халықтың сана-сезімінде ақиқаттың ақ туын көтеруші



Pdf көрінісі
бет48/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   277
Байланысты:
Жаксылыкбаева Р.

болды. Би халықтың сана-сезімінде ақиқаттың ақ туын көтеруші
ретінде сипатталады», - деп жазады (С. Зиманов, Қазақтың ата
заңдары. 2001. 17 б.).
Би көшпелі қоғамда қашанда билік басынан ажырамаған тұлға,
хан кеңесшісі қызметін атқарды. Бұл - «Түгел сөздің түбі бір, түп
атасы - Майқы би» деп аталатын замандарда өмір сүрген Майқы
биден бері үзілмей келе жатқан көшпелі қоғамның көп өзеріске
ұшырамаған құқықтық дэстүрлі институты. Мөңке би өз бол-
жамдарын жүйелеп, хатқа түсіре алған жоқ. Дегенмен, көшпелі
тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда өмір сүрген ол заман аңысын
аңдап, оның кескін-кейпін дэл болжай білген. Мөңкенің ел ара-
сында кеңінен тараған мына бір толғауы да бүгінгі заман келбетін
дэл беріп тұрғандай:
«Кұрамалы-корғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ,
Ай сайын басқан жиын болады.
Домалақ-домалақ түймедей дэрің болады,
Жастарға билігі жүрмес кэрің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады,
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады.
Сарылып көлік тосасың,
Кұны жок кағазды судай шашасың...»
(Егемен Қазақстан. - 2003. - 22 қараша. М. Құл-М ұхаммед,
Мөңке би. Аңыз бен ақиқат).
Қалалық жердегі қүрамалы-қорғанды үйлер, 
айнымалы,
төкпелі соттар, халыққа пайдасы жоқ жиындар, алашұбар тіл,
дүдәмалдау дін, базаршы болған әйелдер, қазаншы болған еркек-
тер, көлік тосқан жұрт, құны жоқ құнды қағаздар екі ғасыр бұрын
Мөңке болжаған бүгінгі күннің шынайы шындығы екені даусыз.
Демек, біз Мөңке би көкірегі ояу, болашақтың беталысын, бағытын
болжай білген сұңғыла адам болғандығын аңғарамыз.
Басты этикалық міндеттер журналистиканың да құқықтық
алаңынан айқын көрініс табады. Айталық, Ресей, Австралия,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет