P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


Ж а қ сы лы ң б а ева Р.С. Ж урналист этикасы Журналист эрдайым өз мамандығының бедел ін көтеруге ұмты лу



Pdf көрінісі
бет79/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   277
Байланысты:
Жаксылыкбаева Р.

62
Ж а қ сы лы ң б а ева Р.С.
Ж урналист этикасы
Журналист эрдайым өз мамандығының бедел ін көтеруге ұмты лу
керек. Бұған жету үшін журналистерге моральдық, материалдық
жағынан жағдай жасалуға тиіс. Материалдық жағынан тәуелсіз
қызметкер шын мәнінде ерікті болады. Журналистика қауіпті
жұмыстардың бірі болып табылады. Көптеген елдерде журналис-
тер қуғын-сүргінге ұшырап, мерт болып та жатады. Сондықтан да,
БАҚ-тың өкілдері бірін-бірі қолдап, көмек көрсетіп, қамқорлық
жасап, ынтымақтас болуы керек. Журналистер өз мамандығына
кір келтірмей, оған деген сенімсіздік туғызбау үш ін бір-бірімен
ақылдасып, тәжірибе бөлісіп отырса жөн болады. Егер де журна­
лист әдепсіздік немесе тағы басқа тәртіпсіздік жасаса, эріптестері
оны жазалауға, айыптауға, жөнге салуға тиіс, өйткені дана халық
айтқандай, «Бірдің кесірі мыңға тиеді».
1948 жылы Біріккен Ұлттар ¥йымының Бас Ассамблеясы
қабылдаған «Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларация-
сы» дүниеж үзінде жоғары бағаланды. Бізде бұл Декларация тек
тоталитарлық жүйе жойылған соң ғана мойындалып, баспасөз
беттерінде жарияланды. Өкінішке орай, ұлттар арасында іріткі са-
латын, соғысқа шақыратын материалдар жок емес. Ресейдің «Не­
деля» апталығы өзінің бір нөмірінде Виктор Зуевтың «Куда вы те­
перь, казаки?» атты арандатушы мақаласын жариялады. Онда автор
Қазақстанда тұратын орыстарға үндеу салып, олардың жағдайын
ойлағандай болып, көтерілуге шакырады. Ол былай жазған: «Ста­
нут ли русские мириться со складывающимся сегодня положением
граждан второго сорта? А если не станут, то такой путь выберут?
Похоже, сегодня об этом никто особенно не думает. Как всегда,
ждем, пока об этом никто особенно не думает. Как всегда, ждем,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет