сэуірге дейін Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Респуб- ликасы жэне қырғыздар деп аталынды. Қазақ халқының тарихи дұрыс атын қалпына келтіру үшін 1925 жылғы 19 сәуірдегі ҚАКСР Кеңестердің V съезінде ендігі жерде «қырғыз» атауы «қазақ» ата-
44 Жақсылықбаева Р.С. Журналист этикасы
уымен алмастырылсын, - деген қаулы қабылданды. Іле-шала, 1925 жылғы 25 маусымда Бүкілресейлік ОАК-нің қаулысымен Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасы болып ата- лынды. Осыдан кейін 1926 жылдың 18 ақпанында Қазақ ОАК-нің V шакырылымында Қазақ КСР-і Конституциясының ақтық редак- циясы тыңдалып, қабылдансын, - деген қаулы шықты. Қаулыға