журналистеріне берген кеңестерінде Лоуренс К. Бопре, «Уэстчес- тер Роклэнд ньюспейперз» газеттер тобының вице-президенті эрі атқарушы редакторы былай деп жазады: «Кез келген ақпаратқа сенімсіздікпен, күдікпен қараңыз. Оны екі рет тексеріп алыңыз. Америка газеттерінің редакцияларында мынадай мәтел бар: «Ақпаратты туған анаңыз хабарласа да, тексеріп алыңыз...» (Жур налист. - 1993. № 10. 48 б. Школа Американской журналистики). Немесе «Азаттық» радиостанциясының комментаторы Вадим Белоцерковскийдің айтқанына көңіл бөлейік, ол былай деген еді: «Бізде эфирге берілетін фактілердің барлығы кем дегенде екі түрлі ақпарат көздерімен дэлелдену, расталу керек» (Журналист. - 1990. №10. 74 б. Фере Г. «Свобода» без грима). Сөйтіп, журналист, ең алдымен, фактіні тәптіштеп тексеріп