лер, т.б. Осы әлеуметтік топтардың әрқайсысы мемлекетке пайда- лы жэне өте қажет. Сондықтан, мемлекет өз тарапынан азаматтар- ды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш элеуметтік топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Ал, белгілі ойшыл Стагирит белгілі бір кәсіп иесінің өкілі ретінде адамның өз орны бар деп тұжырымдайды. Аяқ киім тігуші аяк киім тігеді, музыкалық шебер сыбызғылар жасайды. Өмірде өз орнын таппаған адамның болуы мүмкін емес. Адамзат тамақтану мен өсу үшін емес, бұл өсімдіктер өмірінде де бар немесе сезім үшін де емес, өйткені, олар жануарларда да бар, пайымдап, ойлау үшін өмір сүруі тиіс. Бұл кез келген қабілетті жанның ішкі белсенділігінде кездеседі. «Адам игілігі ізгі ниеттінің жанына лайық, егер ізгі ниеттілер