мәселе - журналистердің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аудару қажет. Қоғамымыздағы сөз бен шығармашылық еркіндікке конститу- циялық кепілдіктің берілуі бұқаралық ақпарат құралдарының шапшаң дамуына жол ашты, оған деген мемлекеттік монополия- ны жойды, жаңа бағыт, жаңа сарындағы БАҚ нарығын дүниеге әкелді. Нэтижесінде мемлекеттік БАҚ-пен қатар, оппозициялық, тэуелсіз жэне салалық сипаттағы БАҚ өзара бэсекелестікке түсті, журналистердің белсенділігі артты. Міне, осындай жағдайда елімізде болып жатқан оқиғаларды шынайы жазу, ақиқатты айту, кәсіби міндетін адал атқару - журналистердің абыройлы борышы. Осы ретте кезінде Парламент М әжілісінің жалпы отыры- сында депутат Жарасбай Сүлейменов ҚР Премьер-министрі Кэрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдаған еді. Депутат өз са-