тілегін тіле», - деп аталы сөз айтса, Ассириялық Ахикар ұлына: «Үлым, егер сен: «Қайтсем ақылды болам?» - деп жүрегіңмен қиналсаң мынаны біл: «Аузыңнан жалған сөз шықпайтын болсын, қолыңды ұрлықтан тый, сонда ақыл кіреді», - деген өсиет мұрасын қалдырған екен. Осындай дана ойлардан кейін бүгінгі журналис- тер үшін ең бастысы, сөз эдебін сақтап, мәдениеттің биік сатысы- нан көрінгендері абзал дегіміз келеді. Өйткені, ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік, эдептілік өлшемі болып табылады. Адамның жас кезінен дұрыс, сауатты сөйлеуге дағдылан- уы - ізгі қасиеттердің бірі. Мұсылман жұртшылығы бұған үлкен жауапкершілікпен қараған. Өйткені, қасиетті Құранда бұл тура- сында: «Расында да, сіздерді қорғаушылар бар. Мэртебелі жазу-